- Thursday, 12 11, 2008, 4:33
- 2,991 рет қаралған
- Пікір жазылмаған
“Сенім. Білім. Өмір” Республикалық Қоғамдық Бірлестігі
Бірлестік филиалдары барлық облыстарда ресми тіркелген. Халық арасында рухани жұмыс жүргізгенде ата-бабалар ұстанған дінімізді құрметтеуді, жастарымыздың рухани сауығуын үгіттейді. Сұлтан Қожа Ахмет Иассауи, Абай, Шәкәрім сияқты даналардың рухани мұрасын жоғары оқу орындарында, мектептерде жоспарлы түрде оқытады.
Бірлестіктің филиалдарында оқитын шәкірттерге Құран Кәрім, пайғамбарымыздың хадистері, данышпан бабаларымыздың рухани шығармалары негізінде білім беріледі. Бұл орталықтың рухани жетекшілері - туған топырағымызда ислам негіздерінен тамыр тартқан, көненің көзі, асылдың сынығы - Сматулла қари Маймақ ишан немересі мен Нарымбай қари Разбекқажыұлы.Сматулла Мақсұм тек қазақ даласында емес, иісі Ислам әлемінде санамызда салғырт тартып, тар заман тәлкегінен ұмыт болған Алланы зікір етуді қайта жаңғыртты.
ҚР Президенті Н.Назарбаев өзінің “Сындарлы он жыл” атты еңбегінде халқымыздың Әзіреті Сұлтанның негізін қалаған төлтума дінтаным үлгісін жоғары бағалап, рухани бағдарымыз ретінде айқындаған:”Қазақстан аумағында сопылық дәстүрдің негізін салып ,оны түркілік дәстүрмен үндестірген әйгілі тұлға Қожа Ахмет Иассауи, оның кесенесі байырғы Түркістанда орналасқан. Иассауидың тікелей жанқиярлық еңбегінің арқасында ғана қазақ тайпаларының ұлттық ортасында Ислам канондары мен далалық дәстүр үндестік тапты, қазақ халқы күні бүгінге дейін оның есімін кие тұтып көптеген түркі тектес мұсылмандар үшін “Екінші Мекке” болған оның кесенесіне тәуап етеді. Осы орайда қазақ халқының діни біртұтастығына символ болған Қожа Ахмет Иассауидың киелі рухы сақталған Түркістанда 2002 жылдың қазанында дүниежүзі қазақтарының екінші Құрылтайы өтуі назар аударарлық оқиға”,- дейді мемлекет басшысы.
Тамырын тарихи тереңнен тартқан осындай ақиқатты халық арасына кеңінен таратуға белсене кіріскен қоғамдық бірлестіктің жұмысы жеміссіз емес.