Темірлан БАРЛАСҰЛЫ

       Құран мен ертегіде ұқсастықтар бар ма?
Ең әуелі ұқсастықтарынан бұрын бұлардың айырмашылықтарын айтайық. Ертегілер – көп, ал Құран – жалғыз. Ертегілерді негізінен жан-тәнімен беріліп жас балалар, ал Құранды естері кетіп ересектер оқиды.
Ал енді Құран мен ертегінің ұқсастығы – бұл екеуі де ойдан шығарылған, ақылға симайтын қияли әңгімелер сияқты. Олай болатын болса, неге балалар ертегілерді ауыздарынан ашып, сілекейлерін шұбыртып, тамсана отырып тыңдайды да, ересектер Құранды аса қадірлеп, қастерлеп ұстап, әр сөзін қадалып оқиды? Осы мәселені тереңірек түсіну мақсатында біраз салыстырулар мен сраптамалар жасап көрейік. Ол үшін алдымен қарапайым ертегілерден бастайық. Ертегілердің барлығы да «Ерте, ерте, ертеде», «Баяғы өткен заманда», «Сонау бір атам заманда» деп басталады. Осының өзінде үлкен мән жатыр. Ертегі нақты уақыт білдірмейді. Себебі – өмірдің қашан басталғаны, одан бері қанша уақыт өткені бір Аллаға ғана мәлім. Сондықтан да ертегінің баян етпек болған уақыты – созылмалы, оның маңызы бұрын да болды, қазіргі күні де бар және болашақта да бола береді. Яғни, ертегі уақытқа бағынбайды, уақытқа тәуелді емес. Оған мына ертегі беташарына назар аударып толық көз жеткізуге болады:

Ертек, ертек ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен.

Ешкінің де, қырғауылдың да жүні мен құйрықтарының түр-түсі жыл маусымына қарай өзгергенімен, келесі жылдары без-баяғы қалпын қайталап отырады. Ертегілерді міндетті түрде осылай бастап айтқандығы ата-бабаларымыздың өте терең білім иелері болғандығын білдіреді. Осы бір ертегі беташарының өзі «адамды маймылдан шықты» дап оқытатын Дарвиннің эволюциялық теориясының қателігн кішкентай ғана бала білімінің деңгейінде дәлелдеп тұр. Ал ол теорияның қателігіне көптеген тәжірбиелер мен зерттеулер жүргізудің нәтижесінде ғалымдардың көздері енді ғана жетіп отыр. Адам маймылдан шыққан жоқ. Адам ата мен Хауа ана әуел баста жаратылып, ол екеуінен адамзат ұрпағы таралды. Маймыл да о баста жаратылды, қазір де сол баяғы маймыл. Барлық жан-жануарлар мен өсімдіктердің болмысы әуел баста жаратылып, төменгі дәрежеден жоғары қарай емес, өз деңгейлерінде, бір түрде бола тұрып, сапалық жағынан ғана заманға сай өзгеріске ұшырап келеді.
Біздер ертегіге «ойдан шығарылған, қиял ғажайып оқиғаларға толы ауыз әдебиет туындысы» деп анықтама беріп жүрміз. Осы уақытқа дейін олай деуге мәжбүр болған шығармыз, ал енді мына бүгінгі егемендік алып, алды-артымызға көз жіберіп, өткен-кеткен кемшілігімізді түгендеп, түзеп-түстеп, өзімізді өзіміз тамырын тереңге жайған тарихы бар жеке дара ұлт ретінде танып, рухани жаңғыруға ұмтылып жатқан кезде мұндай ой-қылықтарымызды оңдамасақ жарамас деп ойлаймыз. Себебі – ертегі кездейсоқ ойдан шығарылған арзан дүние емес, керісінше, халық ауыз әдебиетінің құрылым жағынан алғанда ең қарапайым, ал рухани құндылығы жағынан баға жетпес аса қымбат көркем туындысы болып табылады. Ертегі – рухани тәрбиелік мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын, материялдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті тілмен баян етілген көрінісі.
Негізінде ертегілерді пайда болу кезеңі мен мән-маңызына қарай екі түрге топтастыру қажет секілді: қазақ жеріне Ислам діні кеогеннен кейінгі пайда болған ертегілер деп. Талдауды алдымен Ислам діні келгеннен кейінгі ертегілерден бастайық.
Себебі, бұлар уақыт жағынан бізге жақынырақ, әрі мұнда тарихи деректер көбірек. Екіншіден, бұл ертегілерді Ислам дінінің негізгі қайнар көзі – Алланың сөзі болып табылатын Қасиетті Құран Кәрім мен соңғы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) хадистерімен салыстыра отырып талдау көп жеңілдіктер туғызады.
Құран Кәрім негізінен екі тайпаға: адам баласы мен жын тайпасына түскен. Біз, адам баласы, өзімізді жақсы білгенімізбен, жын түсініктеріміз өте аз. Олар жайлы тек аңыз-әңгімелерден, нақтылы ғылымға жатпайтын деректер мен алып-қашпа әңгімелерден ғана білеміз. Құран Кәрімде жынның жаратылысы – от делінеді (55:14-16).
Табиғаты от болғандықтан жын дене пішіні мен түсін оңай өзгертеді. Адам баласына көрінгісі келсе ғана көрінеді, кез-келген заттың кейпіне айналып кете береді. Жын тайпасының да Аллаға иман келтіріп құлшылық ететіндері аса назар аударылып, ерекше көп айтылатын шайтан – осы жын тайпасынан шыққан және Құдайдың қаһарына ұшыраған малғұн. Ертегілердегі жалмауыз кемпір, жезтырнақ, пері, дию сияқты образдар мен адамға қастандық жасайтын жағымсыз кейіпкерлердің барлығы да – шайтан мен жын кәпірлердің баламалыры. Құран Кәрімде адам баласын балшықтан жасап оған рух енгізілгені туралы осы күнгі ғылым деректерімен үйлесім табатын аяттар көп.
Осы күні адам денесінің өте күрделі және негізгі екі бөлік – жан мен тәннен тұратыны баршамызға мәлім болып отыр, ал адам денесін жандандырып тұрған екі күш – рухани әлемнен келген рух пен табиғаты материялдық заттан құралған нәпсі болып табылады.
Құран Кәрімде адам балалары жерге келу мақматтары мен сенімдеріне қарай әр түрлі топтарға бөлінеді, олар: ең әуелі пайғамбарлар, тақуалар, иман келтірген мүміндер, тілдерімен иман келтіргенімен жүректерімен сенбейтін мұнафықтар, иман келтірмейтін һәм Құдайдың барына сенбейтін кәпірлер және көп құдайшыл – мүшріктер. Ертегілерде тазша бала, ақылды қарт, тапқыр жігіт, қаңбақ шал, қойшы кедей сияқты жағымды кейіпкерелер мен жауыз бай, сұғанақ молда, тойымсыз ұры сияқты жағымсыз кейіпкерлердің барлығы да – осы Құрандағы әр түрлі адамдардың баламалыры.
Адам баласының мақсаты – оның жауы нәпсі мен шайтанды танып, оларға қарсы күресіп, ал досы періштеден көмек алып, жүрегін таза ұстап, жанын кірлетпей ең жоғарғы сатысы – жананға жеткізіп, Алласына аман-есен аттану екендігі Құран аяттарында анық, әрі нақты жазылған (50:33-34).
Ертегілер желісі де осындай айқын мақсатқа негізделген: басталуы мен даму барысы, сол жолдардағы кездесетін кедергілер мен тосқауылдар, олардан өткенде адамның рухани өсіп, аяғында мұратына жететіндігі нақты жүйеге құрылған.
Пйғамбарлар – Алланың тікелей елшілері. Олардың мақсаты – адам мен Алла арасында дәнекер болу, мына жалған өмірдің сынақ екенін түсіндіріп, Жаратушы егесіне құлшылық қылуды үйрету. Алла тағала пайғамбарларды үлгі ете отырып, солардың мысалында өзіне жету жолдарын көрсетіп, адам баласын тәрбиелейді. Мұхаммед (с.ғ.с) – соңғы пайғамбар. Бірақ пайғамбарлардың келуі тоқтағанымен олардың істері тоқтамайды, себебі оны жалғастырушылар, адамдардың арасынан шығатын Алланың сүйікті Құлдары - әулиелер. Дін Ислам келгеннен бері әр елег пайғамбарлардың жолын жалғастырушы, хақ дінінің тіректері қарапайым халық арасынан шыққан, барлық ғылымның қайнары – Қасиетті Құран Кәрімнің рухани қыр-сырларын игерген қаншама әулиелер келді. Жалпы әулиелер туралы түсінік алу мақсатында халық жазушысы Әбіш Кекілбаев ағамыздың «Бекет Ата» кітабына жазған алғысөзіне бір көз жүгіріп өтейікші.
«Аспан мен Жер» арасындағы тіректің бар сыр-сипатын түсініп болдық деуге әлі ерте. Тіршіліктің түп бастауы қайда? Ол қалай шалқар арнаға айналды? Бастауы бар құбылыстың ақыры да болар ма? Ендеше, мұншама жүйелі дүниеге осынша сындарлы сипат дарытып отырған күш қандай?
Барлығына тыңғылықты жауап тауып болған жоқпыз.
…Алайда, сол түп бастау Жарасым мен Заңдылықты жер үсті Сақшылары жоқ, тіпті болмаған деп ойлау ақылға сыймас нәмәрттық болар еді.
Ондай Абзал Ақыл иелері болған! Болғанда қандай! Бола бермек те!
Қолыңыздағы кітап сондай Дара Прасат, Дара Рух, Дара Шарапат, Дара Шапағат иесі хақында ел жадындағы кептерді баян етеді.
Жаппай бірдейлікті әспеттеген кезеңде Даралық атаула мансұқ етілді. Айырықшалық атымен ғайбатталады. Айырықша икем, айрықша ықылас, айрықша қабілет, айырықша ыждаһат, айрықша қасиет атаулы түгел жоққа шығарылады.
Сондай жаппай иманнан безген кісәапар заманда Атырау мен Арал, Орал мен КопетДаг арасын алып жатқан ұлан байтақ өлкенің ежелгі тұрғындары Қасиетті Бекет Атаға бағыштап бір қиянат сөз айталмаған, зәредей де қиянат қылық жасай алмаған. Бұл өлкедегі әр шаңырақ қуанған кезінде де, құлазыған кезінде де Бекеттің атын ауызға алған. Бір кезде осынау кең байтақ өлкеге жан-жақтан көз алартқан басқыншыны Оның атын айтып ұрандап, Оның ұрпағына ту көтеріп, қол бастатып тойтарыс берген. Біздің талай әкелеріміз бен ағаларымыз кешегі қан майданда жан алқымға келгенде одан медет сұрап, көз жұмғанда да артындағы шиттей ұрпағын Оған аманат қып қалдырғаны кәміл.

Жақсы заманда да, жаман заманда да Оған деген ел сүйспеншілігіне қылау түсіп көрген жоқ. Өйткені, Ол тірісінде – елінің жел жақтағы Панасы,, ық жақтағы Саясы бола білген Азамат. Жаудан елді арашалаған Батыр. Дауда әділетті арашалаған Қази. Озбырлықтан обал мен сауапты арашалаған Пірәдәр.
Оның қыранның қанаты талар қиян даланы жайлаған Ата Жұртының, Ата Мекенінің барлық шекарасында қырандар түлек түлететін қия шыңдардан өз қолымен тас қашап, тауды үңгіп, жер асты ғимараттар салып, мешіт-медреселер ашуы да ескі аңыздардағы Прометей мен Фархадтард, Қасиетті кітаптардағы Мұса мен Әзірет Әліні еске түсіретіндей ерек өнер. Шөл кезіп, ерні кезерген еліне асасының ұшымен тас шұқып, кәусар бұлақ тауып берген. Мұса Пайғамбардың Маңғыстау мен Үстірттегі Бекет Атаға байланысты жердің бәрінде де балдай бұлақ, көк құрақ, маңыраған арқар, таутеке. Олар – Елдіктің шебі. Елдіктің төрі. Оларды жауға алдырған жұрт Ел болып тұра алмайды. Ондай Елдік Намыс пен Иман ұяларын қастер тұта білмеген жан иесі қатарға кіріп, адам санатына еніп, қалтырамай жер басып жүре алмайды…»
Міне, әулиелер – табанды ізденіс пен Құдайға қалтқысыз құлшылық етумен осындай ерекше қасиеттерге ие болған адамдар. Олар Пайғамбарлардың адам сенгісіз мұғжизаларын қайталай алады, оны әулиелердің кереметтері деп атайды. Солардың бір мысалы Бекет Атаның замандасы, Алматыдағы өз атымен даңғылдың бойында жатқан Райымбек бабамыздың жоңғарлармен соғыста Іле өзенінің суын найза салып қақ бөліп, әскерін аман сақтап қалуы мен сусыз жерден найза шаншып су шығаруы. Бұл мұғжизаны осыдан үш мың жыл бұрын Мұса Пайғамбар жасаған еді. Ол Құранда да айтылған. Ал енді осы мұғжизаны жапонның екі ғалымы (Токио университетінің ғалымдары М. Ивасака мен С. Уено) лабораториялық жағдайда жасап, оны «эффект Моисея» деп атады. Көлденең тұрған шыны түтікше ішіне жартылай су құйып, дәл ортасынан қиып өтетін магнит өрісінің қуатын жердің магнит өрісінен бес жүз мың есе арттырғанда су түтікшенің екі жағына қарай ығысқан, яғни Мұса Пайғамбар жасаған мұғжиза мен Райымбек бабамыз жасаған кереметтің бос сөз емес, ғылыми тілмен түсіндіруге болатын құбылыс екені айдан анық.
Шын әулиелерді бақсы-балгерлер мен неше түрлі қияс қасиеттерге ие адамдардан ажырата білуіміз керек. Оларды бақсы-балгерлер мен кейінгі кезде қаптап бара жатқан «әруақтармен тілдескіш» сансыз емші-домшылармен шатастыруға болмайды. Олардың да қасиеттері бар, бірақ ол қасиеттер – жалған, Құдайдан емес, жын кәпірлері мен шайтанның әсерінен болады. Бұл жайында Құран Кәрімде ескертпелер өте көп.
«Әулие» деген сөз Құран тілінде Құдайдың достары деген мағына береді. Қазақта мынадай мақал бар: «Әулие Құдай емес, Құдайдан былай да емес». Ол баста Алла Тағала адамды әулие болу үшін, өзіне дос-халифа, яғни жердегі орынбасары болуы үшін жаратқан еді. (35:39)
Осы айтылып отырған әулиелердің барлығы да осы өмірдің өзінде сол мақсатқа жеткен, Алланың үмітін ақтап, жердегі орынбасарлық дәрежеге ие болған адамдар. Міне, Құдайдың ризашылығына бөленіп, сүйікті құлдарына айналған әулиелердің бастарынан өткен оқиғалар ел аузында аңыздар, я болмаса хикаялар деп айтылады. Ертегілердің басым көбі – осы аңыздар мен хикаялардың

өзегіне негізделген, халқымыздың салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігіне бейімделіп берілген ғажайып рухани туындылар.
Енді осы айтылғандардың барлығын да «Түс сатып алған Тазша» («Ертегілер», «Жазушы» баспасы, Алматы, 1988 жыл, 2 том, 134-бет) ертегісінің нақты мысалында қарастырып өтейік:
«Ертеде бір бай болыпты. Байдың үйінде жүрген бір күң болыпты. Күң жатса түс көріпті: басынан ай туыпты, аяғынан күн шығыпты, жүрегінің тұсынан жұлдыз туыпты. Ертең ерте тұрыпты. Бір байдың сиырын баққан Тазша балаға келіпті. Бала айтыпты:
- Е, жеңеше, қайда барасың?
Күң айтыпты:
- Сенің байыңа жалдаңғалы келдім. Сиыр баққан бала айтты:
- Сен өтірік айтасың, сен бірдеме іздеп барасың.
Күң айтты: «Түсімді іздеп барамын».
Бала айтты: - Айтшы не қылған түс?
Күң айтты: «Айтайын, ұйықтап жатыр едім, түсімде басымнан ай туыпты, аяғымнан күн шығыпты, жүрегімнің басынан жұлдыз туыпты. Сол түсімді іздеп келемін». Бала айтты: «Осы түсіңді маған сатшы».
Күң: «Не бересің?» - деді.
 «Құнан шығар өгізім бар, сол өгізімді берейін», - деді.  Күң айтты: «Жарайды, түсімді берейін».
Бала құнан өгізді берді, күң алды, үйіне кетті. Бала кешке сиырын айдап үйіне келді. Сиырын қораға қамады. Темірден етік тіктірді, темір таяқ соқтырды, ертең ерте тұрды, беті-қолын жуды. Сиырын жаймады. Темір етік киді, темір таяқты алды, кетті».  Бірінші назар аударатынымыз, сөйлемдер қарапайым болғанымен, Құран аяттарының мысалындай көп мағына береді. Негізгі кейіпкер Тазша бала – қарапайым, ақылды, зерек. Оның зеректігі ертегіде күңнің жай жүрмегенін аңғарып қойғанынан білінеді. Ал күң болса – рухани ұстаз. Оның рухани іліміне ертегіде көрген түсімен беріліп тұр. Тазшаның күңнің түсіне қызығып, сатып алуы – халықтың ілімін іздеуші болғандықтан рухани ұстазға шәкірт болуы, ал өгізін сатуы - өзінің бар күш-жігерін жұмсап рухани ілімді игеруі. «Темірден етік тіктірді, темір аяқ соқтырды, ертең ерте тұрды, беті-қолын жуды». Осы бір сөйлемнің өзінен дүниенің әңгімесі шығады. Себебі тарихтан білеміз, тас, мыс, қола дәуірлері көп мың жылдар бұрын өтті, ал қазір темір дәуірінде, яғни ғылыми-техникалық прогрестің ең дамыған кезеңінде өмір сүріп отырмыз. Темір – бүкіл ғылымның бастамасы. Барлық ғылымның қайнар бұлағы – Қасиетті Құран Кәрім 114 сүреден тұрады. Сүрелердің дәл ортасындағы 57-ші сүре «Әл хадид» сүресі. Арабша «Хадид» - темір деген сөз. Егер абжад есебіне салып есептейтін болсақ «хадид» деген сөз 26-ны береді, ал «Әл хадид» 57-ні береді (х=8, д=4, и=10, д=4 8+4+10+4=26; ә=1, л=30; 1+3+26=57) Темірдің Менделеев таблицасындағы реттік нөмері – 26, яғни ядросына 26 протон және оны айналып жүрген 26 электрон бар деген сөз. Бұл жай кездейсоқ емес, себебі осы «Темір» сүресінің 26 аятында темірдің қасиеті туралы айтылған. Жалпы 26 саны қазіргі ғылымда үлкен маңызға ие. Осы айтылған деректер мен Құран сүресінің жәй сөз емес екенін көрсету мақсатында мына бір темірге қатысты сыр сөздері келтіріп кеткіміз келеді.

Текше – куб, қағыбаның мағынасы бір,
Сол текшеде жиырма алты саны тұр.
Алты жақ, сегіз бұрыш текшеде бар,
Және оған қосыңыз он екі қыр,

«Хадидті» әбжәдпенен есептеп көр,
Айтылған жиырма алты санын берер.
Қадір түні тағы тағы да осы санға,
Сиғызған талай сырды Тәңірім шебер.

Басында есім сөздің «әл» деп келер,
Ғараби артиклі әркім білер.
Соны қосып есепке алған болсаң,
«Әл хадид» елу жеті санын берер.

Қағба, хиблаң бар осы санда,
Қара тас – темір тас қой тағы сонда.
Сол темір таразы бар жүрегінде.
Хиблаханаң таза ұста деген Алла.

Бұл сыр сөздерді марқұм Ақжан Машанов атамыз сонау комунистік партияның қылышынан қан тамып тұрған уақытында-ақ жазып кеткен екен. Бұл өлеңнің ең маңызды тармағы – «Сол темір таразы бар жүрегінде». Құран Кәрімде де «жүректі мизан-таразы» (әр нәрсенің өлшемі) туралы сөз болады. Міне, рухани ілімнің негізгі – жүрек таразысы жайлы ғылымның жай жеңіл зат емес, өте терең күрделі дүние екенін осыдан-ақ байқауға болады. Оны тек бір Аллаға сыйынып, таза жүрек, талмас талаппен іздегенде ғана игеруге болады. Ақындардың құлағына алтын сырға, Құран Кәрімдегі жиырма алтыншы сүренің «Ақындар» деп аталуы мен онда «мизан-жүрек таразысы» жайлы екінші рет айтылуында да үлкен гәп бар, нағыз ақын оның мәнін айтқызбай-ақ ұғады.
Сонымен, ертегіде темір туралы айтылған сөйлемнің мағынасы бір жағынан шәкірттің дүние ілімін игерген білдірсе, екінші жағынан тереңірек тағы бір мағынансы – темір етік пен темір таяққа байланысты. Тазша – қаражаяу, көлігі – аяғы, қаруы – таяғы. Бір сөзбен айтқанда, болашақтағы көлік пен құралдың темірден болатындығына ишара. «Сиырын жаймады» - бұрынғы кәсібін қойғаны. Темір етік киіп, темір таяқ қолға алып, ертең ерте тұрып, беті қолын жуып, жолға шығуы – белін бекем буып, біржолата рухани жолға түсіп, ілімін шыңдамақ болғаны. Ары қарай ертегі былай өрбиді: «Бір уақытта темір етіктен теңгедей қалды, темір таяқтан тебендей қалды. Бір шаһарға келді…». Ертегіде осы бір сөйлемнің мағынасы Ақжан Машановтың «Ай арысы» кітабындағы мына бір үзінді аша түседі деп ойлаймыз: «Темірдің тамаша қасиетінің айқын беруі – оның магниттік қасиеті. Арабша оны мағнатис дейді. Бұл сөзді Европалықтар өзінің әдетінше гректерден шығаруға тырысады. Біздің ойымызша бұл өте ерте заманнан келе жатқан халықаралық ежелгі түсінік.
Мұның Темір Қазық түсінігімен байланысты бар екенін айқын, өйткені магнит тіл солтүстікке Темір Қазыққа қарай бұрылады. Қазақтың «Қырық өтірік» аңызында Тазша бала жоғалған (бошалған) ала биесін құлынымен аспаннан табады: Айдың ар жағынан, Шолпанның бері жағынан. Оны іздегенде ол тауға шығады, таба алмайды, қолындағы құрығын (сырығын) жерге қадап, соның басына шығып қарайды, таба алмайды. Сонан кейін жанында тебен инесі бар еді, Соны жерге қадап қойып, соның үстіне шығады. Сонда ғана ол бошалап шығып кеткен ала биені құлынымен табады. Магнит қасиетін білмеген тосын адамға бұл өтірік болып көрінеді. Ал магнит қасиетін білген адамға Тазшаның магнит компасты пайдаланғаны көрініп тұр.
Жылқы баққан Тазшаның бошалаған ала биесі, ала құлыны (Алатайы), бұл – жыл басын бақылау. Жыл басына таласу аңызы да осыған соғады. Күн бұлт болса, түн айыз болса тау басынан де ешнәрсе көрмейсің. Жерге қада сырық шаншып соның көлеңкесі бойынша уақыт айыру, күн сағатын жасау ежелден бар нәрсе. Сол өнерді, ғылымды дамытқан әл-Фараби еңбегінен біз бұл мәселеге едәуір қанықпыз. Демек, күннің көзі жоқ кезде күн сағаты да еш нәрсе бермейді. Төңіректің төрт бұрышын айыруда, Аспан әлемін бақылауда компас жәрдем береді. Тебен деп қазық үлкен инені айтады. Арабша магнит тілін ине (абра) дейді. Ал компасты олар баусала (буссль), байт абра (ине үйі), немесе Күнбас деп атайды…
Араб елінде бір қиын жұмысты «түйені ине көзінен өткізгендей» деп келеді. Түйе – айдың жануары, ине – компас тілі. Оның аты өліарада жыл басын, жаңа туған айды іздеп дәл табу мағынасында болса керек. Бұл өзі екі елге ортақ. «Наудың басы – даудың басы» дегенге келеді.
Қазақ аңыздарында айтылатын бақташы, Тазша деген қаһарманды ұлы адамдар деп білу керек. Аязби – ол да сол Тазшаның сыңары… Жер қойнынан қазып алып, темір қорытқан халықтардың алғашқыларының бірі, немесе өзі, біздің түркі халқы».
Сонымен, Тазшаның келген шаһары – нағыз ғылымның қайнап тұрған жері. Ол өзінің іздеген жеріне келді деген сөз.
Ертегінің ендігі барысын қысқаша баян етсек, бұл шаһардан Тазша ойламаған жерден хан баласымен қашып кетпек боп тұрған ханның қызын алып бір-ақ шығаы: «Қыз жігітті таң атқан соң таныды, ханның баласы емес екенін. Қызға ой түсті, қашайын деп еді, қаша алмады. «Қашсам, мені бұл еркек тірі қоймайды ғой, қашпаймын! Мені қосқан Құдай шығар, тиейін», – дейді.

Бұл жерден Тазшаның екінші рухани деңгейі өте жоғары әулие-ұстазға жолығуын көре аламыз. Ертегінің осы бір тұсы өте әсерлі және асқан шеберлікпен құрылған. Біріншіден, рухани мағынасы айқын берілген болса, екінші жағынан рухани тәрбиелік мәні де өте зор. Алғашқы ұстаздың күң, ал кейінгі ұстаздың хан қызы екенінде де мағына бар. Жалпы ұстаздың әйел затымен беріліп тұрғанының себебі: ер мен әйелдің рухани жағдайлары екі түрлі болады. Әйел адамның негізгі мақсаты дүниеге алып келу болғандықтан, сол ұрпақты тәрбиелеу де ананың мойнына жүктеледі. Ал баланы рухани тәрбиелеу үшін тәрбиешінің жүрегі міндетті түрде жылы әрі жұмсақ болуы тиіс. Сол үшін де мейірімді Жаратушы Алла Тағала әйел затының жүрегін әуелден өте сезімтал әрі жұмсақ етіп жаратқан.
Рухани ұстаз болу үшін адам алдыменг өз жүрегін тазалап, рухани кемелдену керек. Рухани өсудің әрбір сатысының сынынан сүрінбей өту тиіс. Барлық жамандық қасиеттерді бойынан шығарып, адамгершілік, парасаттылық, асқан ақылдылық, сабырлылық пен шыдамдылық қаситтерге жасанды жолмен емес, іштей шынайы түрде жетуі керек. Сонда ғана ол рухани ұстаз болып, артына шәкірт ерте алады. Ертегідегі ұзтаздың әйел образында беріліп тұрғаны осған байланысты болса керек.
Рухани тәрбиелік мәніне келетін болсақ, бұл – ертегіні тыңдап отырған қыз балаларына үлкен сабақ. Себебі бұрындары ата-бабаларымыз негізінен құда түсу арқылы үйленген. Ал оның негізінде Құдайдың әміріне бой ұсыну мен тағдырдың жазғанына кейімей, қайта шүкіршілік етіп, соған қарай бейімделу мен өзін-өзі алдын ала дайындау жатыр. Тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай, тапқан-таянған жылы-жұмсағын аузына салып, бар күш-жігерлерін жұмсап тәрбиелеген ата-ана ризалығы үшін болашақ жұбаймен жұғысуды ойлап, іштей икемделу мен тәуекелге бел байлау да соның негізі болып табылады.
Біз қазір ислам дінінің негізімен астасып жатқан ата-бабалардың салт-дәстүрлерін ұмытып, көптеген әлеуметтік келеңсіз жағдайларды өз қолымызбен жасап отырмыз. Егер ақылға салып қарайтын болсақ, құда түсіп үйлену – ең тиімді әрі берік отбасының қалыптасуының кепілдігі. Себебі қыз бен жігіттің ата-аналары бірін бірі және балаларының қадам баспақ болып тұрған ерлі-зайыптылық өмір жолын бастарынан кешірген. Сондықтан өмірлік тәрбиелері өте мол. Еш ата-ана балаларына жаманшылық ойламайды, қайта солардың жақсы болып кетуін қалайды. Құда түсіп некелесу салт-дәстүрін ұстанған замандарда ажырасу деген проблема болмайтын. «Отан отбасынан басталады» демекші, жанұяның беріктігі елдің беріктігіне алып келеді. Ал қазіргі күні жылтыраған көздеріне қарап мас болып, өліп-өшіп сүйіп қосылған ғашықтар жылға жетпей ажырасып жатады. Отбасы ойран болып жатқанда, отан жайлы жайлы сөз қозғаудың да орайы келмейді. Бұл турасында Пайғамбарымыз үмметтеріне: Алланың рұхсат еткен халалдарының ішіндегі ең жек көретіні – ажырасу деп хабар береді.
Ата-анасын тыңдамай қосылып бір ренжітсе, ажырасып тағы да ренжітеді. Одан кейін ата-анасын былай қойғанда басқа жұртты да сыйлаудан қалады. Шариғатта Алла тағала ата-ана мен ұстаздың хақысын өзінің бірдей қояды. Демек, ата-ананы сыйламау – деген сөз.

Бес уақыт намазыңды жинамасаң,
Ораза ұстап жаныңды қинамасаң.
Алланың кешірмейтін бір күнәсі –
Ата менен анаңды сыйламасаң

деп Орманбай сияқты қаншама ақын-жыршылар өмірден шариғаттың туралығын насихаттап жырлап өткен. Ал олардың бәріне арқау болған Құран Кәрім Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) мына сияқты хадистері: «Кім де кім Алла Тағалаға тәуекел етсе, Алла оның барлық арман-мақсаттарының орындалуына кепілдік береді», «Жұмақ – анаңның табанының астында», «Әкеге бағыну Аллаға бағыну, әкеге қарсы келу – Аллаға қарсы шығу». Бәрі де бір-бірімен үйлесіп жатқан рухани үндестіктер.
Ертегі оқиғасының негізгі қызығы енді басталады. Себебі шәкірттің рухани өсу үшін толып жатқан сынақтардан өтуі тиіс. Бұрынғы кездері әулиелер шәкірттерінің руханиятын сынау мен шыңдау үшін ел кезіп сапарларға шығатын болған. Сол сияқты аталмыш ертегідегі Тазша да талай сынақтан өтеді. Сынақтың сырлары мен қалай өткендігіне біз тоқталып жатпаймыз. Осында бірақ ерекше назар аударатын жайт бар, ол сынақ кезінде міндетті түрде қырық күн ғибадат ету керектігі жөнінде: «Қатыны айтты: «Қорықпай ханға барып, ханнан қырық күн мұрсат сұра!» – деді.
Жігіт жүгіріп патшаға келді:
– Алдияр, жұмсаған жұмысыңызға барайын, қырық күн мұрсат бер! – деді.
– Жарайды, ал! – деді хан.
Жігіт үйіне келді. «Мұрсат берді ме?» – деді.
Жігіт айтты: – берді, – деді.
Қатына айтты: «Бұл шаһарға бар, мойнында арқаны бар, арқасы жауыр бір шабдар ат сатып ал».
Жігіт шаһарға келді. Бір шабдар атты бір жігіт сатамын деп жетектеп жүр екен. Жүз елу сом беріп, жауыр шабдар атты алып үйіне келді.
Қатыны айтты: «Сен қырық күн үйде отыр, оразаңды ұста, мен шабдар атты алып кетемін, семіртіп әкелемін», – деді.
«Жарайды» деп байы қалды. Қатыны шабдар атты жетектеп кетті. Қырық күн болды дегенде шабдар атты жетектепқайтып келді. Шабдар атты семіртіпті…»
Ертегінің екінші («Алтын сандық», В.Радлов) нұсқасында соған сөйлем кеңірек берілген. Мұның өзі жыл өткен сайын ертегілердің түп нұсқасы әр түрлі өзгерістерге ұшырап, рухани мағналарының көп көмескіленгенін көрсетеді. Екінші толықырақ нұсқа: «Қатыны айтты: «Сен қырық күн үйде отыр, оразаңды ұста, бес уақыт намазыңды оқы», – деді. «Мен шабдар атты алып кетейін, семіртіп әкелейін», – деді. «Жарайды» – деп байы қалды. Оразасын ұстады, намазын оқыды. Қатыны шабдар атты жетектеп кетті. Қырық күн болды дегенде шабдар атты жетектеп келді. Шабдар атты семіртіпті…»
Анықтап қарайтын болсақ, шәкірт пен ұстаздың және ат сатушы жігіттің арасындағы әңгімелердің барлығы да жұмбақталып отырғанын аңғару қиын емес.

Мысалы шабдар ат және оның арқасының жауыр болуы, сонымен қатар оны ерттегенде алдыңғы айылын бос, артқы айлын берік тарту керек екендігінің барлығы да жұмбақталған нақты рухани мағынасы бар іс-әрекеттер мен деректер. Солардың бірі – ат. Ат еретегілерде ақылдың мағынасын білдіреді. Атқа қатысты айтылған деректердің барлығы да ақыл қасиеттерін сипаттайды. «Ат – ер қанаты» деген мақалдың рухани мағынасы осында жатса керек. Оларды анығырақ тоүсіну үшін алдымен Құранның мағынасымен терең таныс болуымыз шарт. Ал оның барлығын бір мақаланың көлмінде айшықтап отыру қиынға соғады. Сондықтан біз осында кездесетін қырық санының құпиясына тоқталып өтейік. Жалпы қырық саны бұл ертегіде ғана емес, ертегілердің басым көпшілігінде кездеседі. Сонымен қатар негізінен көп кездесетін сандар: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он екі, отыз, қырық, жүз, мың және олардың еселіктері. Осылардың ішіндегі алғашқы он санның әрқайсысының өзіндік сырлары мен маңызы бар, ал солардың ішіндегі ең жиі кездесетіні – жеті саны. Бұл заңдылықты түсіну қиын емес. Себебі жеті саны жердің саны болып табылады. Аптада жеті күн бар, аспан мен жер жеті қабаттан тұрады. Жердегі кезедсетін түстің барлығы да ақ жарықтың жетіге жіктелген шуақтарының (спектр) қосындысынан құралады. Бірақ үн мен дыбыс жеті әуезбен (нота) сипатталады, жер қыртысын құрайтын барлық химиялық элементтердің шектік валенттілігі – жеті. Сол сияқты шегі жоқ жер құрылымындағы сәйкестік заңдарының барлығы осы жеті санына негізделген.
Ал аспан саны – бес. Жердің құрылымы жеті санына сәйкестендірілгенімен төрт тектен тұрады. Олар – жер (қатты), су (сұйық), ауа (газ), және от (плазма). Айналасына ойлы көзбен қараған ақылы бар адам баласы Алланың белгілерін айдан анық көре алады. Ал өз денемізге бір зер салып қарасақ, одан да көп толып жатқан белгілерді байқауға болады. Ол туралы Құран Кәрімде де көп айтылған (41:53). Сол белгілердің бірі мынау: адам қолындағы бес саусақтың бірігіп тұрған төртеуі осы төрт текті, яғни адамның топырақтан жаратылғанын білдірсе, бесінші тіке тұрған бас бармақ аспанға қарап, Жаратушының жалғыздығын көрсетеді.
Жеті мен бестің қосындысы – он екі. Құранда «аспандар мен жер» деген тіркес жиі кездеседі. Одан жердің жалғыз, ал аспанның көп екендігі туралы мағына шығады, ал аспан әлеміндегі жер, күн, ай айналысы құбылыс заңдарының барлығы да осы он екі санына негізделген.
Қолдағы төрт саусақтың әрқайсысысы айқын бөлінген үш буыннан тұрады. Бұл – үш айдан тұратын жылдың төрт маусымы, ал бәрі бірігіп келгенде бір жылдағы он екі айды сипаттайды. Ал бас бармақтағы екі буын барлық нәрсенің қарама-қарсы екі зат, екі күй, екі қасиет, тағы да толып жатқан жұптылық заңын және оның барлығын да игеріп тұрған жалғыз Алла Тағала екенін білдіреді. Төрт саусақтың екеуі бірдей, бұл – көктем мен күзгі күн мен түннің теңелуі болса, қалған екеуінің бірі ұзын, бірі қысқа; бұлар қысқы және жазғы күннің ұзару мен қысқаруын білдіреді. Әр саусақтың алақан ішінде көрінбей тұрған тағы да бір-бір буыны мен бөлек-бөлек жатқан жеті жалпақ сүйек бар. Сонда адам алақанында он тоғыз саусақ буедары мен жеті алақан сүйектері, ал барлығы қосылып жиырма алты сүйек бар екен.

Саусақтардағы он тоғыз буын саны жоғарыда айтылған он екіге жетіні қосқанда шығады. Он тоғыз саны Құран Кәрімнің математикалық кілті болып саналады. Оны аналық сан деп те атайды және ол туралы Құран Кәрімде де аят бар (74:30). Ол өте терең әңгіме, бір сөзбен айтқанда, Құранның бүкіл математикасы мен жалпы математиканың үйлесімдік заңы осы санда жатыр. Оған тоқталмай, тағы да он тоғызға жетіні қосайық. Бұдан шығатын санның сырын көзі қырағы оқырман бірден түсінеді. Ол – жоғарыда әңгіме болған темір саны мен адам алаанындағы сүйектер саны – жиырма алты. Жиырма алтының одан да басқа толып жатқан сырлары бар. Оларға бөгелмей осы бағытпен жылжи берсек, келесі аялдама – отыз үшке тоқтаймыз. Отыз үш саны Құран Кәрімдегі Алла Тағаланың негізгі үш ұлы есімдерінен шығатын («Субхан» – пәк, «Алхам» – мақтаулы, «Акбар» – ұлық), әрқайсысы отыз үшке топтастырылған тоқсан тоғыз есімін білдіреді. Таспиық санының отыз үш болатын осыған байланысты, себебі, мұсылмандар намазлан соң Аллаға зікір айтқанда осы есімерді мадақтайды. Сонымен қатар отыз үш саны ақырзаман алдында жерге қайтакелетін Иса Пайғамбардың жақсы болса, махшар күні барлық адамдардың бірдей боп тірілетін жасы да осы – отыз үш.
Егер осы отыз үш санын тағы да терең талдай беретін болсақ, Шәкәрім атамыздың «Үш анық» еңбегінің түйініне келіп тірелеміз. Шәкәрім атамыз бұл еңбегінде адам ұжданының қасиетін, оның мәнісін ашып көрсетеді. Ол - әділет, қанағат және мейірім қасиеттерінің жиынтығы. Бір сөзбен, имандылықтың белгісі деп те айтуға болады. Себебі иман жүзді адам дегеніміз – ұжданды адам деген сөз. Құдай мен дамды жалғастырушы – осы иман. Адам өз бойынан Алланың үш топқа жіктелген тоқсан тоғыз сипатын табуы тиіс. Сонда ғана оның иманы түгел, ұжданды болады.
Жеті мен қырықтың көбейтіндісі екі жүз сексен береді. Ал екі жүз сексен саны екінші жағынан отызды тоғызға көбейтіп, оған онды қосқанға тең. Он мен тоғыздың айырмасы – бір. Мұны басқа сөзбен тоғыз ай, тоғыз күн және бір деуге болады. (40х7=280=270+10=270+9+1=30х9+9+1). Бір – Алла деген сөз Сонда бала ана құрсағында жеті қырық күн жатады да екі жүз сексенінші күні Алланың әмірімен жарық дүниеге шығады. Дүниеге келген адамның рухани өсуінің жеті сатысы да ана құрсағында жатып даму заңдылықтарымен үйлестірілген. Осы жеті санының барлық санынан өткен адам ғана Құдайға жетеді, пайғамбар дәрежесіндегі ұлық әулие болады. Қырық күндік ғибадат туралы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадисіне былай дейді: «Кімде-кім Алла Тағалаға құлшылық қылып, қырық күн таң атырса, оның жүрегінен даналық пен хикметтер бұлақша ағып шығады». Ал Құран Кәрімде қырық күндік ғибадат Мұса (ғ.с) Пайғамбарға Тәураттың түсуімен көрсетілген (2:51). Бұдан мешітке қамалап, әйтеуір қырық күн құлшылық қылса болды, дбір сатыдан өтеді деген түсінік шықпау керек. Оның барлығы да терең сырлы рухани сынақтар.
Негізінде әулиелік қасиеттер адамның бойынан рухани өсудің үшінші сатысынан өткенде-ақ байқала бастайды. Сондай жүрек көздері ашылған әулилер қазақ даласында өте көп болған. Солардың ішіндегі Аллаға жетудің барлық жеті сатысынан өтіп, рухани кемелдікке жеткен жер бетіндегі әулиелердің бірегейі - өзіміздің Қожа Ахмет Иассауи бабамыз.Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың есімі мен оның құрметіне арнап Әмір Темірдің салдырған зәулім мешіт кесенесі бүкіл мұсылман елдеріне аян. Сол Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың ислам дінін түркі даласына нұр қылып шашып, Түркістанды әлемдегі екінші Мекке – руханияттың қайнар бұлағына айналдырған кездегі, шәкірт оқытып-тәрбиелеу үшін салынған мешіт-медреселерді мен осы күнге дейін сақталған. Бекет Атаның қазақ сахарасына дін тарату мақсатымен салған бес мешіт-медреселерінің үш ерекше ұқсастықтары бар. Олар – мешіт пен медресенің бір жерде орналасып, шәкірттердің сонда жатып оқуы және міндетті түрде зікірхана мен шілхананың болуы. Зікірхана Алланың әмір еткен ұлы ғибадаты – зікір салатын орын болса, шілхан – қысқы шілденің суығы мен жазғы шілденің ыстығы сияқты рухани кемелдену үшін сынақтың ыстық суығынан өту мақсатында осы ертегідегі әңгіме болып отырған қырық күндік ғибадат орындайтын орынболып табылады. Шілхана парсының «чил» - қырық сөзінен, қырық күндік ғибадат орны дегенінен шыққан.

 Дәл осындай ұқсастықтарды Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың тәрбиелеп, жүрек көздерін ашып, Алланың хақ діні Исламды түркі даласына тарату үшін жер-жерге жіберген шәкірттері: Шопан Ата, Қараман Ата, Шақпақ Ата мешіт-медреселерінен де көре аламыз.

 Дәл осындай ұқсастықтарды Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың тәрбиелеп, жүрек көздерін ашып, Алланың хақ діні Исламды түркі даласына тарату үшін жер-жерге жіберген шәкірттері: Шопан Ата, Қараман Ата, Шақпақ Ата мешіт-медреселерінен де көре аламыз.

 

Бұл мешіт-медреселердің ерекшеліктері: тау жартастардан ойылып жасалғандықтан осы күнге шейін сақталған. Шын мұсылман мешіттерінің үлгісі мен дінінің қалай таралу керектігінің айғағы ретінде табиғаттың небір сұрапыл күштерінен тайсалмай, Құдайға құлшылық қылушыларын күтіп тұр. Бірақ өкінішке орай, бұл ғибадат емес, тарихи ескерткіш пен зиярат орындарына айналып кетті. Ал бүгінгі күні мешіттерде зікірхана да, шілхана да атымен жоқ, тіпті оның не екенінде ұмытқан. Зікірді ұмыту – Құдайды ұмытқанмен бірдей, себебі Алла тағала Құран Кәрімнің өзінде сексен сегіз аятпен бекітіп, зікір етуге бұйырады. Зікірдің мағынасы – Алланы еске алып, Ұлы есімдерін мадақтап, жасаған күнәләрға кешірім сұрау. Алла Тағаланың өзі Құран Кәрімде «Мені еске алсаңдар, Мен де сендерді еске аламын» деп ескертеді (2:152). Сексен сегіз аятпен зікірдің мағынасы мен маңызын ашып, зікір етуді парыз қылып бұйырады. Тіпті, мешіт зікір салатын орын және кім зікірге қарсы болып, мешітті бұзуға әрекет жасаса адамдардң ең залымы сол, оларға екі дүниеде де зор азап бар екенін анық айтады. (2:114).
Қызылдардың қылышы діндар адамдарды жаппай қырып, мешіт-медреселерді қираттқаннан кейінгі жетпіс жыл болғандықта зікір мен намаз түгілі, Құдайдың өзінде ұмыттық. Құдайға шүкір, егемендігімізді алып, хақиқатта қарай бет бұрған иман іздеуші жас-кәрілер көбейіп келе жатыр. Бірақ, өкінішке орай, көгеріп, гүлденіп жатқан дінінің көкжиегі көрінбейді. Себебі, иман табылмай жатыр, иман таза жүректен ғана табылады. Ал Пайғамбарымыз өз хадисінде: «Барлық нәрсенің тазартқышы бар, жүректің тазартқышы – тек Алланы зікірі» дейді.
 
Құдайдың Құрандағы зікірін бақсы-балгерлердің зікірімен шатастыруға болмайды. Бақсы-балгерлердің зікірі көзге ерсі көрінеді. Олар естерінен айырылып, өз еркінен тыс тұрпайы іс-әрекеттер жасайды: отқа түседі, қызған темір жалайды, тілінен ине-жіп өткізеді, бірін-бірі ат қылып мінеді, қамшымен сабайды… Ал шын зікірде адамның барлық жасайтын іс-қимылы өз еркімен және белгілі бір тәртібі бар жүйемен жүреді, барлық адам бірге, бірдей жасайды. Зікірдің мағынасы мен мәнісін түбегейлі түсіну үшін оны ғылыми түрде, соның ішінде медицинаға сүйеніп талдау керек. Себебі, зікір салудың мыңсан рухани шараптары бар. Қазіргі ғылыми тілмен айтқанда: зікір салу – жай ғибадат қана емес, адам ағзасының барлық ауруларын алдын алатын, сонымен қарат жан мен тән кеселдерінен айықтырып, көңілі мен бет-келбетін едәуір жасқа жасаратын дүниеде теңдесі жоқ жүйелі, әрі қарапайым амалдар жиынтығы болып табылады. Зікірді ұғынған медицина мұсылмен дінін түбегейлі мойындап, өзіне тың ғылыми-практикалық серпілістер табар еді.
Зікірдің қазақ жерінде кешегі күнге дейін болғандығына дәлелдер мен көздері тірі куәгерлер өте көп. Бір ғажабы – ол ертегілерге де еніпті: «Байының сөзіне қарамастан әйелі молаға барады. Бұл солаға келіп жетсе, моланың көлеңкесінде ақ сәлделі басында, қарагер аты астында, зікір салып, бір әулие тұр екен. Әйелді көре салып: «Өңі-түсі қашып, жүдеп-жадап жүрген не қылған адамсың?» – деп сұрайды. Әйел өзінің балаға мұқтаждығын, көп заманнан бері Құдайдан тілегенімен, ештеме бермегендігін айтып, Құдайға наразы болып, еліне қайтып келе жатқандығын баян етеді. Сонда әулие тұрып: «Мен саған екі қыз, бір ұл берейін, қолыңды жай, жылама», – дейді де судырлатып батасын бере бастайды. «Ұлың атын – Әлібек, қыздарыңның атын – Қаныкей мен Тотай қой», – дейді де ғайып болады» («Әлібек батыр» ертегісі, «Ертегілер», 4 том, 71-бет, Алматы, «Жазушы», 1989 жыл).
Қасиетті Құран Кәрімге негізделген Ислам дінінің мақсаты – иекке сақал, басқа сәлде салып, мұсылмандығын көрсету үшін өтірік намаз оқу, ал оқымағандарды автоматпен ату емес.

Керісінше, шын Ислам діні – терең ғылым және сол ғылымға негізделген адамның көркем амалдары болып табылады. Абай атамыз өзінің оныншы қара сөзінде: «Ғылымсыз ахиретте жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды» және қырық төртінші сөзінде: «Оның үшін кітап сөзіменен ізденген талап болса, әуелі көкіректі тазалау керек дейді, онан соң ғибадат қыл дейді» десе, Шәкәрім атамыз: 

Ғылымсыз адам – айуан,
Не қылсаң да ғылым біл.
Ғылымға да керек жан,
Ақылсыз болса ғылым тұл.
Ақылына сынатпаған адам – айуан,
Десем-дағы бола қоймас сөзім ағат.
«Ақылыңа сынат!» деп дәлел айтқан,
Құраннан кездеседі талай аят, –

Ғылымсыз адам – айуан,
Не қылсаң да ғылым біл.
Ғылымға да керек жан,
Ақылсыз болса ғылым тұл.
Ақылына сынатпаған адам – айуан,
Десем-дағы бола қоймас сөзім ағат.
«Ақылыңа сынат!» деп дәлел айтқан,
Құраннан кездеседі талай аят, –

 

 

деп Құран ғылымының маңызын ай мен күндей жарқыратып ашып береді. Ал ол ғылымды игеруді неден бастау керек екендігін және Абай атамыз анықтап ашып айтады.

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек.

Ашу да, ақыл да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуіңнің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.

 

 

Осындай ұлық аталарымыз Исламның бүкіл негізін қазақша сайратып қойғанда, біздердің шынайы мұсылмандықтың жұрнағы да қалмаған жат елдерден дін іздеуімізді қалай түсінуге болады?! Қандай ойлармен келетін бір Құдай білетін шет елдік, «діндарларға» сонша жалпақтайтынымыз – қай сасқанмыз?
Қырық елден қырық түрлі дін оқып-үйреніп келген жас жеткіншектердің ескінің көзін көрген кәрі шалдармен, әрі әр жерлерде өзара да қырық пышақ болып жатқандарын көріп жүрміз. Әсіресе, адам ең көп жиналатын Алматының орталық мешітіне барғанда, бір дін болса да бір жүйе жоқ, қырық түрлі құлшылықтың түрін көріп, бұрынғы бірдей тұрып-жығылатын шалдардың намазына зар боласың. Осының өзі-ақ шеттен келіп жатқан діннің ертеңгі күні (Құдай бетін аулақ қылсын) туып қалуы мүмкін қауіп-қатердің себепшісі болатындығының айқын белгісі емес пе…
Дін – араб тілі емес. Дін – жүрек тазалығы. Жүрексіз адам жоқ, ол бәрінде де бар. Бірақ таза жүрек таза ақылмен амал қылған адамға ғана болады. Шәкәрім атамыздың күйінетіні де сол: 

Таза ақылмен таппаған дін,
Шын дін емес, жындылық.
Қармалаған бір соқырсың,
Өлген ой мен көз құлақ.
Шәкәрім атамыздың «байланған ой, көз, құлақ» дегені – Алла Тағаланың «жүрек көзінің соқырлығы» туралы аяттары. Құран Кәрімде адамдардың көздері көргенімен көкіректеріндегі жүрек көздері соқыр, сондықтан ешнәрсе ұқпайтындығы анық айтылған (22:45).
Діндегі амалға келетін болсақ, оның мақсаты – жүректі кірлетпей таза ұстау мен айналадағыларға тек қана жақсылық жасау. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадисінде бір-ақ сөзбен «Ислам діні дегеніміз - шынайлық» дейді. Ал Шәкәрім атамыз оны былай аша түседі:

 

Анық асық әулие,
Кереметке сол ие.
Жаны құрбан жарына,
Керексіз өзге дүние.
Шын қасиет соларда,
Дегенім күнә болар ма?
Құбылма мінез, тайғақ ой,
Екі сөз болмас оларда.

Анық асық әулие,
Кереметке сол ие.
Жаны құрбан жарына,
Керексіз өзге дүние.
Шын қасиет соларда,
Дегенім күнә болар ма?
Құбылма мінез, тайғақ ой,
Екі сөз болмас оларда.

 

 

 

Сандардың сырларын саралап санап, оған дінді кірістіріп отырғанымыз – мақаламызды көркемдеу, яки болмаса көп нәрсені көрсетіп қызықтыру емес. Мұндағы мақсат – шын ақиқат Ислам діні мен Құран Кәрімнің қандай қазына екендігін, тарихи, ғылыми, ақыли деректерге сүйене отырып түсіндіру және оның нақты өмірде қандай болу керектігін баршаңызға бала кезден белгілі, бойына бүкіл ғылым мен руханиятты бүгіп жатқан қарапайым ертегілердің мысаланда дәлелдеп көрсетуге тырысу.
Енді жоғарыдағы ертегімізге қайта оралайық. Тазша қырық күндік шілге отырып шығып, өз бойынан рухани өзгерістер табады. Ол әйелі семірткен шабдар атқа мініп, ормандағы жолбарыстарды айдап келуінен көрініп тұр. Ханның тапсырмасын орындағаны – бірінші сынақтан аман-есен абыроймен өткені. Енді Тазша келесі сынақтарға түспек. Оның барлығын да талдап жатпай ертегінің сандарға қатыстыайтылған жерлеріне тоқталып өтейік:
«Жігіт үйіне келді, жылады.
 Қатыны: «Жылама, үш күн мұрсат сұра», – деді. Хан үш күн мұрсат берді. «Сен жігітім, бар, сексен арба сексеуіл алып келіңіз, деп ханға айт», деді қатыны. Жігіт барды, айтты, хан сексен арба сексеуі алғызды. Бір жерге үйді. Қатыны жігітке айтты: «От жағам, төңіректің төрт бұрышын тұман етемін, сен сексеуілдің үстіне шығып тұр. Сонда көк кептер болып сені көтеріп алып кетемін». Еретгінің осы бір кішкене ғана бөлігінде қаншама сырлар жатыр. Біріншіден, сексен арба сексеуілді алайық. Сексеуіл құмды жерде өсетін және отының қызуы күшті, әрі ең көп сақталатын қатты ағаш. «Сексеуілді сексеуілмен ұрғанда ғана сынады» дейді қазақ мәтелі. Ол келесі сынақтардың қиындығы мен қатерлігін көрсетеді, себебі Тазша тірідей отқа түсуі керек. Шын әулиелердің отта жанбайтындығы туралы тарихта деректер көп, ол Құранда Ыбырайым пайғамбардың мысалында берілген (21:69)
Сексен саны да жай кездейсоқ сан емес. Ол өзімізге жоғарыдан жақсы таныс екі қырықтың қосындысы. Сонымен қатар үш күн айтылады. Бұл тазшаның рухани өсудің үшінші сатысынан өтуін меңзейді. Рухани өсудің үшінші сатысынан өтсе, жүрек көзі ашылып әулие болмақ. Әулиені ұзтазы көк кептер болып кетіп өзімен бірге алып кетуі керек.
Адамның құсқа айналып көкке көтерілуіне сену қиын. Бірақ ол – шындық. Себебі адамның жүрек көзі ашылғанда әулие болып Себебі адамның жүрек көзі ашылғанда әулие болып, рухани ілімнің арқасында Алланың жәрдемімен небір кереметтерді жасай алады. Абай атамыздың:


Жүректің көзі ашылса,
Түседі хақтың сәулесі.
Іштегі кірді қашырса,
Адамның хикмет кеудесі,

– дегенін біз тек поэзиялық теңеу, я болмаса көркемдік бейнелеу деп қана емес, сонымен бірге нақты өз мағынасында да түсінуіміз қажет. Хикметтердің барлығы да жүректі тазалаумен жүзеге асады. Жүректі тазалаудағы мақсат – Алланың адам жүрегіне салып қойған рухты нәпсі бодауынан босатып, өзінің шын рухани болмысын ашу, басқаша атқанда, Құдайына жеткізу болып табылады. Пағамбарымыздың хадисінде Алла Тағала былай деп айтады: «Мен өзімнің тақуа құлдарымның жүрегіне ғана сыямын». Жүректі тазалаумен нәпсі блдауынан босаса, рух Алланың бір бөлшегі болғандықтан адам Жаратушының барлық қасиеттерін өз бойынан тауып, Қожа Ахмет бабамыз бен Бекет Ата сияқты Алланың жәрдемімен жақсылық жолында небір кереметтер жасайтын, тіпті ұшатын қасиетке ие әулие бола алады. Енді соған көз жеткізу мақсатында жоғарыда сөз болған «Бекет Ата» кітабының бір бөліміне назар аударалық:
«…Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда Бекет алғаш рет ұлысқа ұран атанғанда 22-23 жастар шамасындағы жігіт екен. Хиуа медресесіндегі оқуды аяқтап, үйленген соң Бекет Ата бабасынан келе жатқан құтты мекен Ақмешітте ел балаларын оқытып, ұзтаздық қызмет атқара бастайды. Көгілдір көктемнің жайма-шуақ жазға ауысар қарсаңындағы бесенбінің кеші, яғни «Қасиетті жұма» ақшамы күні таңда аян алып оянған жігіт – Бекет таң намазын оқып болған соң ауылдас ел ағаларының басын қосып, оларға таңда алған аянын айтады.
«Ал, ағалар, түнде ғажап түс көрдім. Оны айтпасам екі дүниеде де күнәһар боламын. Сіздерге таңдау ауыр болса да айтуға мәжбүрмін. Себебі, бейбіт отырған қалың ел – ауылдастарым тектен-текке қырылғалы тұр… Анықырақ айтар болсам, енді екі күннен соң сәскеде бес жүз аттылы жасақпен осы тұста отырғакн қалың елге ойран салмақ ниетпен түркмендер қарулы жасақ құрып жатыр… Түркмендерді Жем бойындағы ауылдардың тұсына келтірмей алдарынан шығып, осы арадан он шақты шақырым жерден қарсы алумыз керек. Түркменнің без жұз кісісіне елу кісімен қарсы тұрсақ жарап қалар. Иншалла, жаудың құтын қашырып, оларды соғыссыз, қан-төгіссіз кері қайтарамыз», – дейді. Бекет Атаның жігер сеніміне толы мына сөзін ұйып тыңдап тұрған ел ақсақалдары алғашында сенер-сенбесін білмей абдырап қалды. Сенейін десе, жас жігіт Бекеттен бұрын-соңды мұндай сөз естімеген, әрі оның ел арасында атақ-даңқы енді шығып жүрген

 

 

 

СӨЗ АТАСЫ – ЕРТЕГІ, ҚҰРАННАН СЫР ШЕРТЕДІ (Жалғасы)



Шәкәрім атамыздың:

Ақыл құсы адаспай аспандаса,
Әлемде нәрсе қалмас көзден таса.
Жеті көк жерден оңай басқыш болып,
Ғарышқа қол жетеді қармаласа,

– деген сыр сөздерінің сырын осы мағынада дұрыс түсінуіміз керек. Себебі атамыз бұл сөздерді еріккеннен емес, Құран сырларына әбден қанығып, жүрек көзі жетткеннен кейін аятып отыр.
Ғалымдардың болжауынша жер қойнауындағы пайдалы қазбалар мен жылу энергиясын өндіретін қуат көздері: көмір, мұнай мен уран қорлары ары кеткенде екі-үш ғасырда таусылады екен. Сонда адамзат өзіне қажетті энергияны қайдан алады? Бүкіл дүние жүзі ғалымдарының бастарын қатырып отырған проблемасы осы. Оның шешімі термоядролық реякцияны игеруге келіп тіреледі. Бірақ ол теория жүзінде жүзеге асатын шаруа болғанымен практикада қолданыс табуы екіталай дүние. Себебі термоядролық реякция – қайтымсыз процесс, оның мысалы – жанып, жылуы мен жарығын ғарышқа тартып тұрған күн. Термоядролық реакция жүгенделмесе бүкіл жер жанып плазма-отқа айналып кетеді. Сондықтан адамзатты екі жол күтіп тұр, біріншісі – осы бағытпен кете беріп экология, яки от апатына ұшырауы, басқа сөзбен айтқанда, Нұх Пайғамбар тұсындағы су тасқыны, немесе Лұт Пайғамбар тұсындағы жер төңкерілісі сияқты Алланың рухани сұрыптауы. Екініші – руханиятқа бет бұрып, соңғы аяттағы сөз болған шексіз күшті – қуатты игеру қаблетіне ие болып, рухани кемелденіп дами беру. Сол қабілетке ие болғанда ғана адам термоядролық реакцияларды шырпының оттығындай пайдалана алады. Себебі, термоядролық реакция – техника күшімен емес, руханияттың күшімен игерілетін құбылыс. Оған өмірде демысал келтіріп кетуге болады. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың кесенесінде тұрған тайқазанның құпиясының сыры осында жатыр. Ешқандай ғылым мен техниканың дамыған кезінде жеті металдың қоспасынан құйылған, жер бетінде аналогы жоқ, қайталанбайтын дүниені жасау тек қана рухани ілімді игергендердің қолынан келеді.
Ал енді Құран әріптерінің әрбіріне сәйкес сан бар екенін ескерсек, әр аяттан тізбектелген сандар жиыны шығады. Оның барлығы да құпияланған ақпараттар, ал оның кілті жүректе орналасқан. Абай атамыздың:

Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі асыл тас,
Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.
Жүректен қызу-қызба кете қалса,
Өзге тәннен еш қызық іс табылмас, –

деген сөздерінің төркіні осында жатыр. Сол телегей теңіздің түбінде жатқан асыл тастар мен маржандар нағыз рухани байлық болып табылады. «Ер Төстік» сияқты ертегілердің барлығы да сол жүрек теңізінің түбінен шыққан асыл тас – рухани қазыналыр. Жүрек әр адамда болғандықтан, ол қазына да әр адамда бар, бірақ ол беас батпан кірдің астында батып жатыр, тек оны аршып шығарып алу керек. Ол үшін Абай атамыз айтпақшы нұрлы ақылмен ойлап, жүректің түбіне терең бойлау қажет.
Осы жерде өзінен өзі: «Жүрегіңнің түбіндегі асыл тастарды ертегі қылып шығарған кімдер?» деген заңды сұрақ туады. Бұл сұраққа да жауапты Құран Кәрімнен табамыз. Құран Кәрімде ертегі мен Құранның бар зат екендігін баяндайтын он шақты аят бар (6:25).
Адамзатқа Ислам діні келіп, Құран Кәрім түскенге шейін Алла Тағала адам баласының адаспай өзінің хақ жолына келуі үшін жүз жиырма төрт мың Пайғамбар жіберуі арқылы адамзатты ерінбей-жалықпай тәрбиеледі, өнер, ғылым, білім үйретті. Ертегілердің сол пайғамбарлар сөзінен шығып тұрғанын құранның өзі айтып тұр. Енді өзінен-өзі айқын болды, ертегілердің бастау алып жатқан бұлағы Алланың өзі екен. Алла Тағаланың бір есімі – Раббы, оның мағынасы тәрбиелеуші дегенді білдіреді. Тәрбие деген сөздің этимологиясы да Алланың осы есіменен шығады.
 Мұхаммедке (с.ғ.с) дейінгі келген Пайғамбарлардыңхалықты Құдайға шақырып айтқан уағыз-насихат сөздері жиналып келіп аңыз-әңгімелерге, қарапайым ертегілерге тоғысады, бер жағы келіп Құранға ұласады. Өмірде тек рухани дүниелер (ертегі, мақал-мәтел, қисса-хикаялар, халық әндері, жыр, күй, т.б.) ғана өміршең болады, ал қалған дүниенің барлығы да өшіп, уақыт өтумен жоғалып отырады. Себебі рухани дүниелер рухтан туындайды, ал барлық рухтың қалауы біреу ғана, ол – Алланың дидары. Бардық рухтардың қалауы бір болғандықтан ол жүректе сақталып, кейінгілерге беріліп отырады. Халық әндері мен жыр-қиссалардың ұмытылмай ұзақ ғұмыр сүретін осыған байланысты. Ал нәпсі қалауы – уақыт өтуімен заманына сай өзгеріп, одан туындаған дүниенің бәрі де ұмыт қалып отырады. Осы күнгі «жүректі жарып шыққан» әсем әндер мен неше түрлі модалардың қайдан тауып, тез арада қайта жоғалып жатқандарын түсіну – қиын шаруа емес. Құдайға сенбейтіндер Құранды аңыз-ертегілерге теңейді, себебі, түптеп келгенде, ол екеуі бір зат, Құранға сенбейтін адамдар ертегіні де түсіне алмайды. «Аңыз түбі – шын, бақсы түбі - жын» деген мақалдың тегіннен тегін шықпағанын ескеруіміз қажет. Адамзаттың жаралып, оның жер бетіндегі ұрпақ жайып таралуы мен қазіргі ғылыми тілмен айтқанда эволюциялық дамуын бір адамның өмірімен салыстыруға әбден болады. Себебі адамзаттың эволюциялық дамуының шын негізі қарапайым клетка амебадан бастап, сүт қоректі адам типтес маймылдар, одан келіп қазіргі күнгі адамдардың шығуында жатқан жоқ, керісінше, анадан жаңа туған ақыл-есі жетілмеген, бірақ жүрегі таза, періштедей пәк бейкүнә нәрестенің біртіндеп өсіп жетілуі сияқты, әуел баста Пайғамбар болып жаратылған Адам ата мен Хауа анадан тараған ұрпақтың көбеюі мен рухани-интеллектуалдық, ақыл-парасаттылық дамуы болып табылады (49:13). Анадан жаңа туған, баланың, тіпті ересек баланың өз бетімен өсуі мүмкінсіз. Оған міндетті түрде кәмелет жасқа жеткенше ата-ананың тәрбиесі мен күтімі керек. Алла Тағала тарапынан жіберілген жүз жиырма төрт мың Пайғамбарлардың мақсаттары да дәл осы сияқты адамзатты кәмелетке жеткізу еді. Мұхаммед Пайғамбар хадисінде былай дейді: «Менің мақсатым – адамзат мәдениетін кемеліне жеткізу. Яғни Исламға дейінгі барлық Пайғамбарлар адамдардың бірте-бірте мәдениет пен адамгершілік қасиеттерге бой ұруына ықпал етсе, мен адамдарды мәдениет пен адамгершіліктің шырқау шыңына шығаруға келдім». Соңғы Пайғамбар адамзат баласының дамуы балиғатқа толған кезде оны кемелдікке жеткізуі үшін келді. Енді балиғаттан өткен адам баласы Пайғамбарлардың келуіне мұқтаж емес, себебі кәмелет жасынан өтті, тағдыры өз қолында… Жалпы ертегілердің алғаш шығарған Пайғамбарлар мен солардың жолында жүрген сахабалар екені белгілі болды, ал енді «Ислам діні келегннен кейінгі ертегілерді кім шығарды?» деген заңды сұрақ туады.
Оларды, әлбетте, Пайғамбарлардың ісін жалғастырушы адамзаттың кемел тобынан шыққан, Құранның рухани ілімін жете меңгеріп, Алланың достары болған әулиелер шығарғандығы өзінен-өзі түсікнікті. Осыған тағы да бір көз жеткізу үшін Құран Кәрімдегі ертегі сөзін әбжәд есебіне салып есептеп көрсек, ой-тұжырымымыздың дұрыстығына еш күмән қалмайды.
Құран тілінде аңыз-ертегілер «асатийру» (Құранда көпше түрде тұр) деп келеді, сандық мәні – 280 (а=1, с=60, т=9, и=10, р=200; 1+60+9+10+200=1+279=280=28*10=40*7). 280 саны 28-дің кәміл ондық дәрежесі екенін ескерсек, көп дүние өзінен-өзі түсікнікті болады. Себебі 28 – айдың көрінетін күндері және оның өсу мен кему фазасына сәйкес күн және ай болып екіге бөлінетін Құран әріптерінің саны. Аспан ғылымы астрономия мен Құран ғылымы руханиятты тоғыстырып тұрған сан да осы -28. Сонымен қатар, ең негізгісі – Құран Кәрімдегі аттары аталатын дін тарихының діңгектері болған пайғамбарлар саны да – 28.

Екінші жағынан 280-нің қырық пен жетінің көбейтіндісі екенін, одан қандай ғылым мен мағына шығатынымен жоғарыдағы есептеулер мен талдаулардан жақсы таныспыз. Енді қорытынды жасалық.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: «Ертегілерді пайғамбарлар мен әулиелер не үшін шығарған?» деген сұраққа келіп тіреледі. Пайғамбарлар Алланың жердегі орынбасар-достары болғандықтан, ллардың мақсаты –адамзат пен Алла арасын қосатын арқан боу, тура жолды көрсетіп адамгершілікке тәрбиелеу. Ал адамды адамгершілікке тәрбиелеу баладан басталады. Баланы тәрбиелеу үшін оның ішкі рухани әлемін жете біліп, жан сарйына апаратын жол табу керек. Баланың жаны әлі былғанып үлгермеген, періштедей пәк, мөлдір бұлақтың суындай таза болғандықтан, оның жанына жүрегі таза адамдар ғана жол таба алады. Ал ондай адамдардың алды, әлбетте, пайғамбарлар мен әулиелер. Олардың бала жүрегіне салған даңғыл жолы – ана сүтіндей аппақ, тап-таза, еш қоспасы жоқ, тек қана руханияттан тұратын қара сөзбен айтылғанқарапайым ертегілер.
Осы ой желісін дамыта отырып. Шәкәрім атамыздың мына бір сөзіне көз салсақ, жер бетіндегі діндердің қарама-қайшылығының себебін оңай түсінуге болады:
Бұл кездегі діндердің бәрі нашар,
Ешбірі түзу емес көңіл ашар.
Өңкей алдау, алғанды дінім дейді,
Тексерсең, ойың түгіл жаның сасар.
Әлемдегі діндердің туп мақсұты
Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар:
Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын,
Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар.
Дін адамды бір бауыр қылмақ еді,
Оны бөліп, дұшпандық қару жасар.
«Інжіл», «Құран» бәрі айтып тұрса-дағы,
Адасып ардан күсіп қара басар.
Сөйтіп бұзып, бүлдіріп есіл дінді,
Дін десе білімділер тұра қашар.
Ешбір дін өйтіп дұшпан бол демейді,
Кәнеки, бұл сөзіме кім таласар?!

Бір сөзбен айқанда, Құдай бір болғандықтан адамзатты Алламен тура жалғастырушы хақиқат бір-ақ дін бар. Бүкіл Пайғамбардар мен әулиелер сол бір дінді, яғни тек жүрек тазалығы мен халық татулыңғы арқылы ғана Құдайға жетуге болатындығын насихаттап келді. Ал көп діншілдік білімсіздіктің кесірінен туды. Хақиқат діннің бары мен бір ғана екенінің дәлелі – жер бетіндегі барлық халық ертегілерінің бір мазмұндылығы мен бір мақсаттылығы.
Ертегі – баланы рухани парасатқа тәрбиелеудің бірден-бір құралы. Себебі, Алла Тағала балалармен ертегі арқылы сырласады, ертегі арқылы өнеге, білім, тәрбие береді. Ертегі – балалардың Құраны. Ертегілердің бәрі де бір-ақ тілде сөйлейді, ол – Алла мен бала арасындағы әңгіме. (Ертегілер әлемімен әуе толқыны арқылы балаларды байланыстырып тұрған Қазақстандағы
жалғыз көпір 101 FМ «Қазақ радиосына» қалай рахмет айтпассыз. Алланың нұры жаусын деп тілейміз «Қазақ радиосына»).
Бір ғана мысал: орыс халқының атақты «Кот в сапогах» ертегісі мен қазақтың «Салқабай мен түлкі» ертегісін алып қарасақ, кейіпкерлері мен оқиға барысы екі түрлі болғанымен, түпкі мағыналары айна қатесіз бірдей. Ертегілердің барлығы да балаға жұғымды болу үшін әр халықтың өз салт-дәстүрлері мен тұрмыс-тіршілік ерекшеліктеріне қарай икемделіп құрастырылған. Ертегілерді ересектердің егжей-тегжей түсінулері үшін жүректері таза, балажанды болулары шарт.
Қазіргі күні ересектердің бас қатырып жүргені – баланы тәрбиелеу мәселесі. Баланы тәрбиелеуден бұрын ересек алдымен өзін тәрбиелеп алуы қажет. Себебі, алдымен өзін тәрбиелеп алуы қажет. Себебі, ересекте ақыл болғанымен балада бар жан тазалығы жоқ. Сондықтан оқыту әдіс-тәсілдерін, соның ішінде, әсіресе, ересектерді (студент жастар мен мұғалімдерді) оқыту әдіс-тәсілі – педагогика ғылымын түбегейлі қайта қарап, қалып болып қатып қалған затшылдық (материализм) құрсаунан ажыратып, рухани талдау жасап, қайта түлету – кезек күттірмейін шғыл шаруа деп білеміз.
Шәкәрім атамыз айтады:

Айтқан сөзің шын болса,
Ішің толған жын болса,
Жүрегіңде мін болса,
Айтқан сөзің ем емес.

Балаларды тәрбиелейтін педагог мұғалімдердің бәрі де дұрыс айтады, шын айтады: «Балалар, жаман болмаңдар, жақсы болыңдар, сабақты жақсы оқыңдар!». Ешкімнің дауы жоқ, бәрі де дұрыс. Бірақ мәселе айтушының ішінде не бар және оның жан тазалығы қай деңгейде, сол жағы қатты толғандырады. Оны түсіну үшін Абай атамыздың бәрімізге белгілі мына бір сыр сөзіне назар аударайық:

Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын көз.
Сырын, нұрын көруге,
Көкірегіңде болсын көз.

Білімдіден шыққан сөздің сыры мен нұры болады және оны баланың көкірек көзі, яғни жүрегі қабылдайды. Сөздің сыры мен нұрының не екеніне кейінірек кеңірек тоқталамыз, ал қазіргі басын ашып алу керек мәселе – сол сыр мен нұрдың қайдан шығатындығында болып тұр. Әлбетте, сөздің сыры мен нұры білімдінің жүрегінде тұр. Ал Шәкәрім атамыз айтпақшы, педагогтың ішінде толған жын болса, жүрегінде мін болса, оның сөзінде қандай сыр болады, қандай нұ болады? Ішінде еті, майы, я басқа да жеуге жарамды заты жоқ қара суды сапырып бере берсе, ол қандай тамақ болады, дене қайдан қуат алады? Сол сияқты педагогтың дидарында нұр болмаса, жүрегінде жылу жоқ болса, айтқан сөзі балаға қалай ем болады, бала рухы немен дем алады?! Керісінше, шүлдіреген құр құрғақ сөз кесел болмай ма балаға?!
Баланың рухани тәрбиесінде ертегінің атқаратын рөлі орасан зор екеніне көзімізді жеткізу үшін «Шоқан - әдебиетші, публицист» кітабынан бір үзінді келтіріп кеткіміз келеді: «…Сухаолинский өзі басқарған мектептің жанынан Ертегі бөлмесін ашып, бөлменің ішін ертегілердің басты кейіпкерлерінің қолдан салынған суреттермен толтырған, сөйтіп оқушыларға рухани ләззат беріп, қиялына қанат бітіретін ғажайып көріністі елестеткен. Оған, көбінесе, төменгі класс оқушыларын қатыстырған. «Бала кезде – үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта – әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады», – дейді екен атақты педагог».
Сухомлинскийдің білмейтін педагог кем де кем шығар. Ертегінің түпкі сыры мен шығу тегін білді ме екен атақты педагог, жоқ әлде білмеді ме, ол жағына тоқталмаймыз, бірақ Сухомлинский бала өзіне рухни азықты ертегіден алатын өте көрегендікпен дәл айтқан. Абай атамыз да орыс халқынан өнер-білім үйренуіміз керектігін өте орынды айтқан. Шынында да, біздің орыс халқынан ғылым мен басқа да үйренер өнер-біліміміз өте көп. Қазір қай кітап дүкеніне кірсеңіз де, орыс халық ертегілерінің неше түрлі керемет сырлы бояулармен безендірілген, іші-сырты мен мағынасы жүрек пен көздің жауын алатын кітапшаларынан көз тұнады. Кітап дүкені тек қана орыс баласының рухани азығының кені сияқты. Ал оны біздің қазақ ала алмайды. Себебі оның азығы – қазақ халық ертегілері архивтерде сарғайып жатыр…
Ағаштың жайқалып өсіп, жеміс беруі үшін оны тал-шыбық кезінен суғарып күту керек. Ал қурап қалған ағашқа қанша су құйсаң да жан кірмейді, жеміс бермейді. Бала тәрбиесінен аяйтын не бар? Әр бала ер жеткенге дейін қазақ ертегілерімен сусындап өсетіндей дәрежеге жеткізуге, яғни көркем безендірілген ертегі кітапшаларын көптеп шығаруға сонша көп қаражат кетпейді. Әрбір аудан әкімі «Джип» мінбей, жай қарапайым мәшине мініп, соның ақшасына ертегі кітапшаларын шығаратын болса, өз ауданының шамамен он мың баласын қуанышқа бөлей алар еді. Ал оған облыс әкімдері мен өзге де әл-ауқатты азаматтарымыз қосылса еліміздегі барлық балалар рухани азыққа қарық болып қалар еді.
Қазақстанға келіп жатқан инвестицияның басым көпшілігі шикізат өндіруге жұмсалады. Шикізат көзі бітсе, өндіріс те тоқтайды. Ал балалардың рухани тәрбиесіне жұмсалған қаражат – Қазақстан болашағының бітпес байлығының кепілі.
Қай-қай қазақ ағартушысының өмірбаянын оқып отырсаң да, бала күнінен атасы мен әжесінің айтқан жыр, аңыз-ертегілеріне сусындап өскенін көресің.
Сол Абай мен Шәкәмрі алсаң да, Мұхтар Әуезовты алсаң да, бала күнінен ең бірінші санасына сіңірген – қазақтың аңыз ертегілері мен жар дастан, қисса хикаялары.
Жоғарыда айтылған аітаптан тағы да бір үзінді келтіріп кетейік: «…Шоқан Уалиханов әуелде Құсмұрындағы қазақ мектебінде арабша хат таныды. Шағатай тіліндегі орта ғасыр әдебиеті ескерткіштерімен танысып, араб, парсы тілінде сөйлеуге жаттықты. Шығыс ақындарының өлеңдерін жаттады. Шығыс тілдері мен олардың бай мұраларына, араб, түркі жазуларына қатты көңіл бөлді.
Араб, орыс алфабитінің жазылуын тез меңгеріп кеткен дарынды Шоқанға Шыңғыс қазақтың халық поэзиясын, аңыздары мен жырларын, әңгімелері мен ертегілерін көшірте бастайды…»
Осының бәрі де бізге өнеге, рухани тәрбие берудің үлгілері емес пе?
«Барлық басынан шіриді» демекші, дер кезінде рухани азықтарын алмаған балаларымыздың бұзылып жатқанына кінә артуға болмайды. Барлық күнә мен қателіктер өзімізде емес пе, педагог әріптестер?!.
Соңғы кездерде «мектептерге адамгершілік және рухани тәрбие пән сағаттарын енгізу керек» немесе әр-түрлі дін өкілдерінің: «дін сабақтарын оқыту қажет» деген дұрыс та бұрыс пікірлері көп айтылып жүр. Тіпті балаларды рухани тәрбиелеу мақсатында батыстан келген «Валеология» деп аталатын, түзетерінен бүлдірері көп, еш рухани негізі жоқ қосымша факультатив сабақ та еніп кетіпті. Ал кейбір «қасқыр діндер» болса, ойбайлап аттан салмай-ақ, майда мінез бен адамды арбап түсірудің неше түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланып, арды емес ақаншы арқау етіп, сырттан-ақ талай рухани саутсыз жастардың сана-сезімін жақсылап улап жатыр…
Ата заңымыз – Конституция бойынша дін мемлекеттен бөлек және оқу орындарында оқытылмайды. Оның үстіне мемлекетімізде, діндердің ара жігін ажыратып беретін нағыз дін мамандары, соның ішінде рухани саутты да салауатты жандар тым тапшы деп айтуға болады. Осының бәрін ескере келе біздің айтарымыз мынау:
Рас, Ислам – Алланың хақ діні. Бірақ, өкінішке орай, оны ұстап жүргендердің ішінде шын мұсылмандар өте аз. Сондықтан өте дұрыс отырған саясаты өте дұрыс. Әсіресе, мұсылман дінін жамылған жалған жиқадшылардың қаптап бара жатқан уақытында және көп діншілдік жағдайында мектептерге дін сабақтарын енгізу өте қауіпті.
Қашанда адамзаттың қамын әуелден ойластырып қойған Жаратушы Алла Тағала өзінің хақтығымен ұлылығын, жомарттығы мен мейірімділігін, асқан махаббат иесі екендігін үйрететін ар ілімі – рухани ғылымды – діннің адасқан уақытында оқытудың әдіс-тәсілдері мен жолдарын алдын ала ескеріп қойған екен. Ол - әлбетте, осы уақытқа дейін әңгіме болған ертегілер мен мақал-мәтелдер, қисса-хикаялар мен аңыз-әңгімелер, батырлар жыры мен дастандар. Одан қала берді, өзінің сүйікті құлдары – ғалым хакімдер мен әулие машайықтардың еңбектері. Ал біздің қазақ даласында ондай дана данышпандар жетерлік. Солардың ішіндегі біздерге ең жақыны – Абай мен Шәкәрімнің еңбектері руханиятқа тұнып тұр, тек дұрыс түсін де жүрек көзін ашып жұта бер.
 Мектептереге арнайы сабақ енгізудің де мұқтажы шамалы, тек руханият тұрғысынан қарағанда сын көтермейтін «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті» мен «Қазақ әдебиеті христоматиясы» оқулықтарын түбегейлі қайта өңдеп, оны оқытудың методикасын дұрыс, рухани жолға салу керек.
Барлық пәннің рухани тәрбиеге қосар үлестері бар, соның ішіндегі ең негізгісі – тіл-әдебиет сабағы. Ал тіл-әдебиеттің руханиятын зерттеп, одан халыққа рухани байлықтарды ұсынып отыратын тіл-әдебиет ғылымының бүгінгі күнгі жағдайы, өкінішке орай, өте мүшкіл. Жүрегі қатып мұз болған, дүние мақтанға құл болған авторлар көп арамызда. Таңда мақшар күнінде тілдің әрбір айтқан сөзінен, қолдың жазған әрбір әрпінен сұрау болады. Бірақ, өкінішке орай, ол кезде «ұялғаннан» пайда болмайды. Себебі, айтқан сөз – атылған оқ, дүние пайдасының бәрі боқ, өмірде өлмей қалған ешкім жоқ, ал тозақ оты болса – шврқврап жанған ыстық шоқ. Пайғамбарымыз басқа келетін он пәленің тоғызы тілден екенін бостан-бос ескертпеген шығар. Авторларымыздың, әсіресе, оқулық авторларының әрбір сөзді айтып-жазар алдында он рет ойланғандары абзал болар еді. Көз – жүректің айнасы бола, тіл жүректің ішкі күйін көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, жүреке иман ұяламай, тілдің түзелуі тіпті мүмкінсіз!
Бұзылғандарды түзеу – психология ғылымының проблемасы. Бізде қазір ел түзейтін психология жоқ бары – Батыстың үлгісі. Ал Батыс психологиясының пайда болуы мен қалыптасып ғылымға айналуы материялдық пайда табудың ықпалы мен жүргені ешкімге де жасырын емес. Дүниелік пайда табу – адам нәпсісінің құмарлығы болғандықтан, қазіргі психология ғылымы адамның рухани проблемаларын шешіп қажеттіліктеріне жауап бере алмайды. Тіпті, оның ғылым деп айтуға аузың бармайды. Рухани азғындаудың желі қайдан соғып тұрғаны Шәкәрім тамыз анық айтып береді:

Европа білімді жұрт осы күнде,
Шыққан жоқ айуандықтан олда мүлде.
Терең ойлап сөзімнің түбін біл де,
Іштен жыла, шырағым, сырттан күл де.

Есі бүтін, ойы терең, ақылы бар адамға Батыстан алатын рухани үлгі жоқ. Есіміз кетіп еліктеп, етек-жеңіміз ашылып, абыройымыздың айрандай төгіліп, оған жылаудың орнына күліп жүргенімізді қай ақылға сыйдыруға болады?! Қазірше қолда бар аз ғана абыройдан айырылайын демеск, етегіміз басымызға дейін көтеріліп кетпей тұрғанда, Батысқа қаратып айқара ашып тастаған есік терезелерді қымптап ұстаумыз керек.Ал ел түзейтін психология алыстан іздемей-ақ өз елімізден де табуға болады. Ел түзейтін ғылымның негізін қалаушылар – Пайғамбарлар, ал атасы – бүкіл адам баласының ең ішіндегі ең кемел көркем мінез құлықтың үлгісі Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбарда, оның ізбасарлары – осы күнге дейін алланың ақ арқанынан айырылмай берік ұстап келе жатқан әулиелер бұл айтып отырған сөзіміздің дұрыстығына көз жеткіөгіміз келсе Абайдың отыз сегізіншгі қара сөзін жай көбен емес ой көзімен мұқият оқып шығуға болады: «…Енді біздің бастағы тағриф (айыру, тану) бойынша Құдай Тағала ғылымды, рахымды, ғадаләтті, құдіретті еді. Сенде бұл ғылым, рахым, әділет үш сипат бірлән сипаттанбақ: ижтиқадың (талап) шарт еттің, мұсылман болдың қәм толық инсаниятың (адамгершілік) бар болады. Белгілі жауанмәртілік (жақсы адам) үш хаслат (пайда, сипат) бірлән болар деген сыддық (шындық), кәрәм (ізгілік), ғақыл (ақыл, даналық) – бұл үшіндән сиддық ғадәлет болар. Кәрәм шафағат болар, ғақыл мағұлым дүр, ғылымның бір аты екендігі бұлар әр адамның бойында Алла Тәбәрәкәуәтғәлә тахмин (шама, мамамен) бар қылып жаратқан. Бірақ оған рауаж (реттеу, падаға асыру) беріп гүлдендірмек, бәлки адам өз халінше кәмәлетқа жеткізбек жиқатінде болмақ.  Бұлар - өз ижтиқадін бірлән ниет халис (шын ниет) бірлән ізденсең ғана берілетін нәрселер, болмаса жоқ. Бұл айтылмыш үш хаслаттың (пайда сипат) иелерінің алды – Пайғамбарлар, онан соң әулиелер, онан соң – хакимдер, ең ақыры кәміл мұсылмендар. Бұл үш түрлі фиғыл Құданың соңында болмак, өзін құл біліп, бұл фиғылдарға ғашық болып тұтпақты Пайғамбарлар үйретті, әулиелер оқыды, ғашық болды…». Бұл жерде түсінуге қиын соғатын жәйт бар. Ол - әулиелерге қатысты біздің қалыптасып қалған түсінігімізге байланысты. Себебі, Құранда анық сипатталып көрсетілгендей әулиелердің ішінде, әсіресе, бүгінгі күнгі қаптап кеткен сияқты жалғандары да өте көп. Қара сөздің жалғасында Абай атамыз осыны талдайды, оның бәріне тоқталмай-ақ қойайық шамамыз кегенше қысқаша қайыруға тырысайық.
Осы күні сопы деген сөзді естігенде көзімізге бейшара, сорлы адам елестейді. Бұл жалған әулиелерге қатысты болса - өте дұрыс, өз орнын тауып тұрған қолданыс болар еді. Себебі жалған әулиелер – шын мәнісінде бейшара ақ пен қараны ажырата алмайтын надан адамдар. Ал шын әулиелерді жалғандарынан ажырата білуіміз керек. Себебі сопы деген сөз о баста әулиелерге қатыстыпайда болып, тек жалған әулиелердің қаптап кетуіне байланысты өзінің шынайы мағынасымен қолданысынан айырылып қалған. Пайғамбарымыз: «шариғат менің айтқан сөздерім, тарихат – менің амалдарым, ал хақиқат менің ішкі сырым» деген. Кезіндегі шын сопылар, яғни әулиелер осы тарихат жолын ұстанған адамдар болған.
 Шын әулие Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың еңбектеріндегі «сопы болдың, бірақ мұсылман болмадың» деген сөздері жалған сопыларға өздерін өтірік әулие санайтындарға қатысты айтылған.
Ал енді шын әулиелер туралы және олардың қоғамдағы орны туралы білгіміз келсе, тағы да ерінбей Абайды оқиық. «Сәуленң болса кеудеңде» деп басталатын сыр сөзінде Абай атамыз осы жайдан хабар береді. Бірінші ой тұжырымда: «айтар сөзіме кеудеңде, яғни жүрегіңде сәулең болса, көңіл бөл» дейді. «Ал егер сәулең болмаса, мейлің кім болсаң ол бол: дүниенің ілімін ішіп шайып алған ғалымсың ба, дүниені жалмаған залымсың ба, жоқ әлде дүниені билеп төстеген бисің бе, дүниенің малын жинаған байсың ба жоқ әлде пақыр кедейсің бе басқасыңба бәрі бір жүрек көзіңді шел қаптаған тірі өлік, көп шуылдақтың бірісің дейді».

Сәулең болса кеудеңде,
Мына сөзге көңіл бөл.
Егер сәулең болмаса,
Мейлің тіріл мейлің өл.
Танымассың көрмессің,
Қаптаған соң көзі шел.

Имансыздық намазда –
Қызыл бастың салған жол.
Көп шуылдақ не табар,
Билемесе бір кемел.

 

 

 

Бір кемел билемесе, бәрі де бос әуре. Кемел билеген ьереклі елдің өзгеден ерек болатынын жағасы жайлау көлдің мысалында беріп, былай дейді: 

Берекелі болса ел,
Жағасы жайлауол бір көл.
Жапырағы жайқалып,
Бұлғақтайды соқса жел.
Жан-жағынан күркіреп,
Құйып жатса аққан сел.
Оның малы өзгеден
Өзгеше боп өсер тел.

Берекелі болса ел,
Жағасы жайлауол бір көл.
Жапырағы жайқалып,
Бұлғақтайды соқса жел.
Жан-жағынан күркіреп,
Құйып жатса аққан сел.
Оның малы өзгеден
Өзгеше боп өсер тел.

 

 

Ал кемелі жоқ өңкей шуылдақ – ел болушы ма еді, ол бір шөл: 

Берекесі кеткен ел –
Суы ашыған батпақ көл.
Құс қаңқылдап, жағалап,
Сулай алмас жазған төл.
Оның суын ішкен мал,
Тышқақ тиіп аспас бел.
Көл деп оны кім жайлар,
Суы құрсын ол бір шөл.

Берекесі кеткен ел –
Суы ашыған батпақ көл.
Құс қаңқылдап, жағалап,
Сулай алмас жазған төл.
Оның суын ішкен мал,
Тышқақ тиіп аспас бел.
Көл деп оны кім жайлар,
Суы құрсын ол бір шөл.

 

 

Абай «Қазақта қара сөзге дес бермедім» дейді. Сондай қара сөзге дес бермеген қазақтың ұлы өз өлеңдерінде орыс сөздерін қолданады. Ол Абайдың орыс сөздерінің баламасын білмегенінен емес. Бұл жердегі Абайдың мақсаты – біріншіден, ойын дәл жеткізу болса, екіншіден, оқырман зейінін елең еткізіп, санасына өзінің терең сырлы ойын ептілікпен енгізу болып отыр. Сондықтан да Абай атамыз кемел сөзін – бірегей, жеке дара, жалқы, жалғыз деген тәрізді қазақтың қара сөзімен емес, орыстың единица – единственный деген ерекше әсерлі сөзін таңдаған. Ал кеудесінде сәулесі жоқ көп шуылдақты единицаның қасындағы нөлмен тең дейді. Единица мен нөл бір-бірімен өте үйлесімді қабысып, ақын ойының мағынасын жақсы ашады. Осы сөзден кейін-ақ әулиелердің қоғамдағы орнының қаншалықты маңызды екенін пайымдай беруге болады:

Единица – жақсысы,
Ерген елі бейне нөл
Единица нөлсіз-ақ
Өз басындық болар сол.
Единица кеткенде,

 

 

 

Абаймен кім сөз таластыра алады? Бұл сөздерге уәж айту үшін алдымен Абайдың деңгейіне жетіп алу кререк, Абайдың айтқан сөздерін нақты өз мағынасында түсініп алу қажет, Абайдың рухани әлеміне еніп, оның руханиятын құлағымен емес, жүрегімен қабылдай алатын дәрежеге жету қажет. Жан құлағымен ұқпай сөз сөйлеген – алыста тұрып тас лақтырғанмен тең. Сондайларға жаны ашып: «жаным, кел, ақжем болма» деп айтып отыр ұлы Абай. Шындыққа көздері жеткен кемелдер ғана осылай сөйлей алады.
Ата-бабаларымыздың қандай жаужүрек жауынгер болғандарын, сонау Алтай мен Каспийге дейінгі шексіз созылып жатқан дархан даланы төрт жақтан да анталаған жауға бермей, еркін билеп-төстегендерін тарихтан жақсы білеміз. Оны біз найзаның ұшы мен білектің күшімен қорғап-қорып жүрдік деп жиі айтамыз. Жоқ, білектің күші ол кезде басқаларда да бар еді. Бірақ басқаларда кемі рухтың күші еді. Біздің қазақ халқында қашаннанда рухани ілім иелері әулие ғалымдар мен әулие батырлар, әулие ақын-жыршылар мен әулие би-шешендер өте көп болған. Қазіргі күні Қазақстанның екі аждаһаның арасында шаншылмай ақылға сыймайтын еркіндікпен өмір сүріп отыруы сол әулие ата-бабаларымыздың шарапатарынан деп білуіміз керек.
Халық арасында айтылып жүрген мына бір сөзге құлақ түретін болсақ: 

Мәдинада Мұхаммед,
Түркістанда Қожа Ахмет,
Маңғыстауда пір Бекет.

Мәдинада Мұхаммед,
Түркістанда Қожа Ахмет,
Маңғыстауда пір Бекет.

 

 

Ел түзейтін ғылымның көкесі өз елімізде көмулі жатыр екен. Сол көмулі жатқан ар түзейтін ілімді аршып ала білуіміз қажет.

Дерек көзі: Қазақ әдебиеті №38 (2668)
22. 09. 2000
Қазақ әдебиеті №39 (2669)
29. 09. 2000
Қазақ әдебиеті №40 (2670)
6. 10. 2000

 

Пікірлер саны: 2 к “СӨЗ АТАСЫ – ЕРТЕГІ, ҚҰРАННАН СЫР ШЕРТЕДІ”

  • Петросян | 15 12, 2008, 3:20

    Пост понравился, пишите еще. Я с удовольствием прочту.

  • Жиһан | 16 04, 2009, 14:58

    Маған ұнағаны6 ертегі мен мұсылмандықты, Абай, Яссауилерді исламмен бірге салыстырып, зерттеу жүргізуінде. Рахмет, іске сәт, алдагызерттеу жұмыстарына!

Пікір жазу

© 2010 “Ясауи” вокалды тобы .
E-mail: yassaui@mail.ru   . Web-cайт жасау, техникалық қолдау: "Қаламгер ТЕН" ЖШС .