"Ясауи" вокалды тобы

Әулие Құл Қожа Ахмет − діннің шамы… (Кесенеге сыйға тартылған шырағдандардың символдық мәні)
Әзірет Сұлтан кесенесіндегі ХІVғ. жеткен Көреген Әмір Темір сыйға тартқан көне жәдігерлердің бірі – қабірхана бөлмесінде тұрған қола шырағадандар.  Олардың жалпы саны алтау болған, мемлекет қарауына өтпестен бұрын шырағданның біреуі 1935 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен әкетіліп Санк-Петербургтағы Эрмитажға түскен. Екіншісі Франциядағы Лувр мұражайында сақтаулы. Сонау Әмір Темір заманынан аман жеткен бұл шырағдандар кесенеге жарық берумен қатар әулие бабамыздың терең ғылым иесі болғандығын паш ететін құнды жәдігер.

Кез келген ұлттар наным сеніміне қарамай ықылым заманнан жарық беруші күн, ай жұлдыз, шырақ, шам, панар, сәулені ілім-білімнің, ғылымның, даналықтың символы ретінде бейнелегенІ барша жұртқа аян. Мәселен Ыбырай Алтынсариннің «Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар…», [1,5-б] Ахмет Байтұрсынұлының «Даналық өшпес жарық, кетпес байлық…» [2, 5-б] деген өлеңдерінен және «Оқу –білім бұлағы, білім – өмір шырағы»  секілді мақал-мәтелдерден оны анық көреміз.  Және осылай тұспалмен, ишарамен ғылымды шырақпен бейнелеуді   Мүбарак Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с-нің хадистерінен де таба аламыз. Мысалы еретеңгі күні өзінен кейін  шариғатты бүге-шүгесіне дейін  өте жетік меңгеретін Имам Ағзам (р.ғ.) атамызбен «үмбетімнің шырағы» деп мақтанған болса,  сара да, дара, айқын, тура жолдың өкілі Маңғыстаудың дүлдүлі Ақтан Керейұлы (р.ғ.) атамыз Әзірет Сұлтан бабамызды «Әулие Құл Қожа Ахмет − діннің шамы» [3, 7-б] деп, Софы Аллаяр Әл-Ханафи «Құдай досы − Құл Қожа Ахмет мінбері  Темірқазық − ерткен бізді ілгері. Түсті бізге ол ұлықтың кітабы, Ол Күн еді жарқыраған − діндегі» [4, 63, 64-б] деп жырлайды. Яғни екі ұлық та (Имам Ағзам р.ғ., Ясауи р.ғ.) дін ғылымын өте терең, жетік меңгеріп, шам болып жарқырап, бағыт-бағдар көрсетіп, ақиқатқа бастаған жетекші болғанын айтады. Ия ол екі данышпанның өте күшті, қуатты ғылым иелері болары әзелден белгілі болған. Сондықтан біз бұл мақаламызда Ясауи бабамызды не үшін діннің шамы, діннің Күні деп атағандығынан гөрі, Күн, шам болған аталарымыздың шуақ шашқан нұрымен көзімізді ашып, тура, айқын жолды табуды қарастырсақ. Өйткені ол бабамыздың діннің Күні болғандығын тарихтан белгілі тәрбие берген жүз мыңдаған шәкірттері мен артында қалған асыл мұрасы айқындай алады. Сонымен бірге тіпті кешегі діннен алыстап, ажырап қалған кезде де ел-халықтың ол бабамызға деген құрметінің өшпеуі де көп мағлұмат береді. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда? – деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз!» [5, -б],  – деп Абай хәкім меңзегендей сол бабамызды үлгі тұтып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына төмендегі хадисін негізге алып, ғылымның маңызына жеткен әулиелер қаншама. Бізге жеткен рауаяттарда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «бір күні сахабаларымен отырып оларға былай дейді: «Мұсылман адамға төрт нәрсе өте қажет: Кең үй, жаңа киім, жүйрік ат, жарық шырақ.

Сонда сахабалары :  «Йа, Алланың Расулі! Осы нәрселермен не нәрселерді ишара еттіңіз?» деп  сұрайды.

Сонда Алланың Расулы с.ғ.с: «Кең үй дегенім − сабыр, жаңа киім дегенім − ұят, жүйрік ат дегенім − жүйрік ой, жарық шырақ дегенім − ілім», − дейді. [6, -б]

Қазіргі таңда әлемде хат танитын, оқыған, жан-жақты білімді, соның ішінде дінді де оқып атақ-мансап алғандар көп. Алайда қанша жыл оқысақ та жоғарыда аталған бабаларымыз бен басқа да ғұлама, данышпан әулиелер секілді сондай құрметті, шарапатты, әйгілі болуды былай қойғанда, алған ғылымымыздан ақ-қараны, діннің тазасын да айырып бере алатын сәуле де тапқан жоқпыз.  Болмаса баршамыздың, әсіресе дін тұтатын діндарларымыз бен оны зерттеушілеріміздің оқып, естіп, біліп  жатқан ғылымдарымыздың түбі сол бір Құран кәрім мен хадис шәріп және сол екеуінің негізінде жазылған ғұламалардың еңбектері. Міне осы бір өзекті мәселеленің мәнін рухани тұрғыдан, яғни әулие данышпандарымыздың көзқарастары бойынша бір саралап көрсек. Мүмкін шындыққа тура қарамай, ғылымда, дінде біз аңғармай, байқамай, салғырт, жеңіл қарап мойындамай жүрген нәрселер бар шығар.

Олай болса талдап бастап көрейік. Адам ұрпақтары әуелі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бен оны үлгі тұтқан ұлықтардың ізімен жүргенде ғана атаулы ғылымға қол жеткізе алатыны жөнінде әулие бабаларымыз былай дейді:

Расул, Имам Ағзам, Арыстан бап

Солардан реушен жарық бізге тарап.

Ақтан Керейұлы (р.ғ.) [3, 7-б]

Немелер жақсы өткен жоқ

Ертеңін елдің барлаған.

Әулие, шайх, пір өтті

Аллаға арзу арнаған.

Қожа Ахмет Яссауи

Түркістанның шәрінде

Зікірін айтып зарлаған.

Солардың жаққан отынан,

Кеудемізде біздердің,

Реушен жарық парлаған.

Сүгір Бегендікұлы (р.ғ.) [7,43-б]

Сондай-ақ біздердің бұл жолда ғылымнан үлес ала алу үшін ең негізгі ұстанатын ұстанымдарымыздың бірі −жүрек тазартып, оны жібітіп, жұмсарту болу керек. Міне ол жөнінде Ясауи р.ғ. жолының көрнекті өкілдері Ақмолла Мұхамедиярұлы «Ең әуелі аршу керек іштің кірін, Іште толып жатпасын сасық ірің. Әуелі іштазарсын, іштазарсын, Болмаса пайда бермес амал, ілім. Жүрегің қатып қалған тастан жаман, Ісің көп келіспеген басқа да одан. Ғибадат деп әуреленген құры әдет, Ақырет пайдасына жарамаған» [8, -б ] десе хз. Шәкәрім р.ғ. «Айқай салып бақырса, Ойсыз құлақ ұқпады. Қанша тұқым шашылса, жер жыртылмай шықпады» [9, 78-б], «Қанша бидай шашсаңдағы, Болмас егін тасты жер» [10, 127-б],  деп сол жүректі меңзеп отыр. Бұл бабамыздың жүректі астарлап отырғанын   ХVIII ғ. өмір сүрген Ясауи бабамыздың жолының ең көрнекті өкілінің бірі Шайх Худайдад ибн Таш-Мухаммад Ал-Бухари де «Бустан ул-мухиббин» деген еңбегінен анық байқаймыз: «Бағзы ұлықтар айтады: Жерді жыртып егін салған секілді жүректерін босатып, жібіткеннен кейін барып ғылымды сол жүрекке көшеттей отырғызады. Оны талқылау, қорыту, ақылға салу – оны суғару болып табылады. Әр уақыт су болмаса көшеттер  міндетті түрде қурамай ма?» дейді. [11, 106-б]  Ал ол жүректі ағартып, жұмсартатын құралы  зікір амалы екендігі Ясауи р.ғ. хикметтерінде өте көп жиі айтылады. Сондықтан да негізінен арнайы осы құлшылыққа қатысты біраз мағлұматтарды баяндасақ. Мысалы Құдай тағала Құранда

فويل للقاسية قلوبهم من ذكرالله

«Алланы зікір етпегендіктен қатайған жүректер құрысын»,

ثم تلين جلودهم و قلوبهم الي ذكر الله

«сонан соң сендердің терілерің мен жүректерің Алланың зікіріне жібиді» десе, Әбубәкір Кердері р.ғ. «Зікір таспих айтыңыз, Қатқан көңіл жұмсартып» [7,-б] деп бұл құлшылықтың шарапатын баяндайды. Тазалау  құралы да осы құлшылық екені мына төменде дәлелдерімен:

وعن عمر رضي الله تعالي عنه عن البي صلي الله عليه وسلم لكل شيء صقالة و صقالة قلوب ذكر الله

Мағынасы: Омар р.т.ғ. Пайғамбарымыздан с.ғ.с. «Әр бір заттың көзін ашып, тазартатын құралы бар. Сол сияқты жүректің де көзін ашып, нұрландыратын құралы бар. Ол – Ұлық Алланың зікірі» дейді. [[7, 42-б]

وَقََالَ أبُوالدَّرْداءِ رَضِي اللهُ عَنْهُ لِكُلِّ شَيْئٍ جَلاَءٌ وَإنَّ جَلاَءَ الْقَلُوبِ ذِكْرُاللهِ تَعَالَى عَزَّ وَ جَلَّ.

Мағынасы: Абу Дарда (разы болсын Алла тағала одан) «әр нәрсенің жалтыратын құралы бар, жүректің жалтыратын құралы – Ұлы, Ұлық Алланың зікірі» дейді. [6]

Он тоғызда жетпіс мақам айқын болды,

Зікір айтып, іш сарайым таза болды. [12, 189-б]

Көңілі дария шалқыған,

Жеті арнадан саға алған.

Істің басы – тақуалық,

Несібін жиған халалдан.

Қас тақуаның белгісі-

Зікір айтқан азаннан.

Жария зікір тағатпен

Жүректің кірі тазарған.

Кір шалса көңіл айнасын,

Тәңірі алдына барғанда,

Кем болар бәсің бағаңнан.

(Қамысбай Бәйімбет палуан р.ғ.)

Бұл атаулы құлшылық түрінің пайдалы ғылым иесі болуға тигізер септігі орасан зор. Мысалы ізденушінің ұйықтаған ойы оянып, ақылына сәуле қонады.  Хз . Шәкәрім атамыз «Сөнген ойды жандыруға, жан берерлік сөз керек», – деп өлген жүректі, «сөнген ой»  деп айтқан. Ал, енді оған жан беріп тірілтетін ұлық Алланың зікірінен басқа қандай сөз бар» –дейді ұстазымыз Исматулла Мақсұм ағамыз [7, 113-б]. Міне сол зікір арқылы азат, еркін, терең  ойға ие болғандар ғана дін тазасын таба алады. Ол турасында хз. Шәкәрім атамыз «Шала дін де, пән де таппас, Дін тазасын ой табар. Анық ақыл тіпті адаспас кезсе кірсіз жарқырап!» дейді. [9, 274-б] Хз. Шәкәрім р.ғ. атамыз терең, азат, еркін, таза ой, ақыл турасында өте көп, тұщымды ғажап сырларды ашып айта келе «бар ғылымның түп атасы – Таза ақылмен ойлану» [9, 163-б] деп ғылымның басы, негізі, яғни атасы деп ладуни ғылымға тіреген. Бұл ғылымға қол жеткізу тек Алланы зікір етумен болатынына ол атамыздың сырларында сәулесі бар адамға ишара көп. Біз бұл жерде оның бәрін мысал ретінде көрсетіп, оқырманды жалықтырмай, Ақтан Керейұлы р.ғ. атамыздың жырларынан мысал келтірейік.

Расул, Имам Ағзам, Арыстан бап

Солардан реушен жарық бізге тарап.

Әулие Құл Қожа Ахмет − діннің шамы

Күндіз-түн зікір айтқан Хаққа мадақ.

Көзінің жасын сүртіп қан аралас

Саһарда құлдық ұрды жылап сарнап.

Болады қараңғы ойға ақыл панар (Фонар)

Біледі дінді тұтқан харам, халал.

Түбіне ғылым теңіз сүңгісеңіз,

Өшпейтін жүрегіңнен шырақ жанар.

«Әлләзинә әмәну зикран кәсир»

Бұл сауал осы аяттан мағына табар. [3, 7-б]

Дін тазасын ажыратып, Хақты танып, Оған жеткізетін адамның ақылы мен ойының нұрлы, жарық, сәулелі болуының шарты – «Әлләзинә әмәну зикран кәсир», яғни Құдай тағаланы өте көп зікір етіп, жүректі тірілту. Ал зікірдің жүректі тірілтетін осындай қасиеті бары турасында Алланың расулі с.ғ.с:

قال النبي صلي الله عليه و سلم ففي الذكر حياة للقلوب وتطهير للنفوس

Мағынасы : Хз. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Зікірдің қасиеті – жүректі тірілтіп, нәпсіні тазартады» дейді. [7, 113-б]

ХVIII ғ. өмір сүрген Ясауи бабамыздың жолының ең көрнекті өкілінің бірі Шайх Худайдад ибн Таш-Мухаммад Ал-Бухари де «Бустан ул-мухиббин» деген еңбегінде пайғабарымыздың (с.ғ.с.) хадисіне жүгініп «Кісінің көңілі тірі болулығының шарты – жария зікір. Жария зікір болмаса – көңіл тірі болмас. Көңіл тірі болмаса – құпия зікірге қол жеткізе алмай «ылас ой» дертіне ұшырайды» дейді. [11, 62-б]   Ал ол жүректің Алланың зікірімен бірге  Құдай тағаланың сүйікті құлдары ғалымдар мен даналардың шарапатынан тірілетінінің дәлелдері бар:

وقال عليه سلم عليكم بمجالسة العلماء واستماع كلام الحكماء فان الله يحي القلب الميت بنورالحكمت كما يحي الارض الميتة بماء المطر

«Сендерге ғалымдар мен даналардың үгіт-насихатын ұйып тыңдау – уәжіп. Өйткені олардың мағнауи, мәнді сөздері сендердің дүниеге байланып өлген жүректеріңді даналық нұрымен кеуіп, қурап жатқан жерді тірілткен жауындай тірілтеді», – дейді. [6]

Сондықтан осындай ғылым иелерін іздеп табу керек. Ол турасында Шайх Худайдад ибн Таш-Мухаммад Ал-Бухари тағы сол «Бустан ул-мухиббин» деген еңбегінде «Хақ тағала Дәуіт ғ.с-ға  уахи қылды: Иа, Дәуіт! Мені талап қылмай ғалым болғандар – оларды дүние мас қылғандар. Олар соған мекем болады. Махаббат жолында оларды қарақшы, тонаушы мүрид дейді. Пайдалы ғылым арқылы ғалым болған жамағатты талап қылу лазым. Хақ тағала оларды құрметті қылып, мағрифат шырағымен олардың көңілдерін жарық қылады. Махабббатқа мас қылып, оларға ислам жолын ашады. Тауфиқты оларға жолдас қылып, олардың батинын (жүрегін) уағыз, насихатқа толтырып тұрады…» дейді. [11, 104-б]

Сондай-ақ хз. Шаһкарим р.ғ. атамыздың «Түзетсем оның тілегін, Тірілтіп өлген сүйегін», [9, 199-б]  «Қанжарың бер барайын, Меңіреудің ішін жарайын, Нұрыңнан сәуле салайын, Сонда оған жан кіреді» [9, 120-б] деп келетін мына бір сырлары да Пайғамбарымыздың хадисіне сәйкес бұл атамыздың ғалым, дана екенінен хабар береді. Сонымен қоса хз. Шәкәрім атамыз ғалым, даналардың осындай ғажап қасиеті, құдіреттері  жөнінде «Елжіретіп сүйекті, Бергендей боп тілекті, Қышыған жерін қасытар, Міні осыны біліп ал!» деп, ерекше тебірене жырлайды. [10, 163-б] (Сүйек – бұл жерлерде жүрек мағынасында берілген)

Сол тірілген жүректен ғана өте ғажап, терең ілім шығатынынан «балалық тазалыққа жеткендер» былай деп хабар берген:

حيات القلوب علم فاخرة ممات القلوب جهل فاجتنبه

Мағынасы: «Тірі жүректен – өте күшті, терең ғылым шығады, өлі жүректен – надандық туады, одан сақ болыңдар». [9, 62б]

Надандық – қазіргі кездегі көзқарас бойыншадағы сауатсыздық, білімсіздік емес, оның мәні өте терең. Ұлықтардың көзқарасы бойынша надандық – дүниеге деген ынтықтық. Мысалы қазіргі таңдағы ислам ғұламаларының ішіндегі маңдай алды ғалымы Исматулла Мақсұм ағамыз надандық турасында «Жәһилдіктің қағбасы – бастан аяқ ішіп-жегені айла-өнер, арамдықпен іске асады» дей келе ары қарай хз. Шәкәрім атамыздың сыларынан мысал келтіреді.

Сынап көрдім, адам, сізді,

Айуаннан надан сізді,

Өнерім деп баянсызды,

Дедіңдер: «Ит болып үрем».

Жиып дәулет арамдықпен,

Көзі тоймас сараңдықпен,

Ажал сезбей алаңдықпен,

Өкініп өлесің білем. [13, 30,31-б]

Шайх Худайдад ибн Таш-Мухаммад Ал-Бухари тағы да сол «Бустан ул-Мухиббин» деген кітабында «надандық – ғафылдықтан туады, ғафылдық – дүниеге ынтықтан туады…» [9, 62б]  дейді. Ғафылдық – бай-кедей, сараң-жомарт, ғалым-надан, өлі-тірі  дегендегі секілді Алланы еске алулықтың, яғни зікір етуліктің антонимі. Оны мына зікіршілер мен ғафылдар жөніндегі хадистен көруге болады:

وعن مالك رضي الله تعالي عنه قال بلغني ان رسول الله صلي الله عليه و سلم كان يقول ذاكر الله في الغافلين كالمقاتل خلف الفارين و ذاكر الله في الغافلين كالعصن احضر في شجر يابس وفي رواية مثل الشجرة الحضراء في وسط يابس وذاكر الله في الغافلين مثل مصباح في بيت مظلم و ذاكر الله في الغافلين يريه الله مقعده من الجنة وهو حي و ذاكر الله في الغافلين يغفر له بعدد فصيح و اعجم والفصيح بنو ﺁدم والاعجم البهاﺋم

Мағынасы: Рауаят хәзіреті Мәліктен (Алла разы болсын оған) айтты: Шындықта Алланың расулісінің (с.ғ.с.) айтқаны маған жетті. «Зікір етушілер мен ғафылдардың айырмашылығы мысалы: Қашқан жаудың артынан қуып жетіп жоқ қылған жауынгердей. Зікір етушілер мен ғафылдардың айырмашылығы – қураған ағаштардың арасындағы құлпырып тұрған жасыл бұтақ секілді. Тағы бір рауаятта «көптеген қураған ағаштардың арасындағы жайқалып жеміс салып тұрған ағаштай». Зікір етушілер мен ғафылдардың айырмашылығы – қараңғы үйдегі жарқыраған шырақтай. Зікір етушілер мен ғафылдардың айырмашылығы  – ғафылдар «ажал келерін сезбей, алаңдықпен, өкініп өлетін болса», Алланы зікір етушілерге тірі кезінде-ақ Алла тағала жаннаттағы  орнын көрсетеді. Зікір етушілер мен ғафылдардың айырмашылығы – Алла тағала зікір етушілерді адам баласы мен хайуандардың санындай пасық жаман жұмыстары болса да кешірім береді деп айтушы еді», –  дейді. [6]

Шайх Худайдад Таш-Мухаммад Ал-Бухари де тағы да сол «Бустан ул- Мухиббин» деген еңбегінде зікір етушілерге сондай арнайы құрметтеп сыйлау керек адам ұрпақтары – Пайғамбарымызды (с.ғ.с), патшаны, пайғамбарымыздың ұрпақтарын (қожалар), машайықтарды, мүршидтерді, мұғалім, ұстаз, ата-аналарын  құрметтегендей  құрмет қылу керектігін айтып, оларды нағыз ғылым иелері деп атап көрсетіп, Құраннан оған аятпен дәлел де  келтіреді: [11, 155-б]

(21:7, 16:43) فسأل اهل الذكر ﺇن كنتم لا تعلمون

Мағынасы: «Білмегендеріңді зікіршілерден сұраңдар!» [16:43, 21:7].

Міне, сондықтан да Алла тағала адам ұрпақтарына білмеген нәрселерін осындай артықшылық, ерекшелік берген, Құдай тағаланы зікір етіп, барша «көрнеу, таса, жоқ пен барлықты» таба білетін терең, ұшқыр  ойға жеткен ғылым иелері – зікірші құлдарынан сұрасын дейді.

Әр заманда зікір етушілердің тірі жүректерінен тілі арқылы жеткізілген шырын сөздері – қараңғы, қапастағы шам-шырақтай болған. Қарға бойлы Қазтуған жырау өз заманындағы мешіт ұстаған даналармен  «Сәлде ораған пірлердің, Мешітте жаққан шамдары-ай!» деп шаттанса, Дулат Бабатайұлы «Жақсылардың ақылы, Гауһар жаққан шаммен тең» [3, 9-б] деп жырлайды. Тағы да хз. Шәкәрім атамыз зікір айтқан жыраулардың  қасиеті жөнінде

Мініңді тырнап ашытар,

Жігеріңді тасытар,

Тәтті сөзі балдай боп,

Насихаты шамдай боп,

Қасиеті қандай көп, [10, 162, 163-б]

–деп елдің көзін ашып, жүрегіне, ойына жарық беретінін айтады. Ал ол нұрды хз. Шәкәрім р.ғ. атамыз «Шошыма, достым, сөзімнен, Сөз – Құдайдан шыққан бу. Ұқпасаң, көр өзіңнен, Жұтқызайын нұрлы су» [9, 286-б]   деп қайдан келетінін анық көрсетіп отыр. Құдайдан келетін ләбіз, нұр – рухтың дүниедегі ең шырын, ең тәтті қорегі. Әлбетте ол жүреке  келіп құйылады. Сондықтан да адам баласының бойындағы жарық, нұр, жылу таратар бұл асыл мүше туралы ғажап мынадай анықтама да берілген: «Жүрек –  екі өрістің иесі, минус пен плюстің трансформаторы» [13, 42-б]. Яғни Құдай тағаладан жүрегіне құйылған нұрды «трансформатор» ұқсап халыққа шақтап таратушы.  Алайда трансформаторға келетін токтың сымдары себептермен үзілер болса, оның жарық бере алмайтыны ақиқат. Сол сықылды Құдай тағаланы ұмыттырып, ой-пікірін ұрлап жүрегіндегі жарықты, нұрды өшіруге себеп болатын «нәпсі мен шайтан» дейтін ең басты дұшпандарымыз бар. Олардан абай, сақ болудың жолын аталарымыз былай көрсетеді.

Шариғат шамын жандырған,

Кәләмға көңіл қандырған.

Жамағат жиған алқалап,

Салауат айтқан Аллалап.

Зікірмен зарлап түн қатып,

Нәпсісін шапқан балталап.

Шайтанды сеспен қашырған,

Көкірек көзі ашылған. [7, 96-97б]

Сондықтан да ол мағнауи нұрдан үлес алуға және басқаларға да жеткізу  мүмкіндігін Сүлеймен Бақырғани атамыз нәпсімді өлік қылу арқылы таптым деген: «Мен нәпсімді өлік қылдым, Тілім шырын, үнім нәр» [4, 42-б].

Қараңғылықтың сейіліп, елдің көзінің ашылуына айтушының, жеткізушінің хәлі, күйі де негізгі себептен саналады. Ол уағызшы, ақылшы адам тыңдаушысы үшін күйзеліп, күйініп, сүйініп шын жанашырлық білдірмесе оның ойына шоқ, сәуле сала алмайды.  Ясауи р.ғ. бабамыз «Сөзің – шырақ, хәлің – пілте, майы – жасың» [12, 295-б] сықылды дейді. Яғни «пілте» мен «майсыз» шырақ қалайша жарық бермек. Сол себепті оқыған, есті, білімді, қарапайым таза жандар басшы имамының етегінен ұстап, оған шын беріліп, сенім білдіріп, артынан еру үшін ол уағызшының хәлі шынайы осындай күйде болу  керек емес  пе? Сондықтан да хз. Шәкәрім атамыз сөзінің мән-мағынасы, пәтуасы жоқ бас болғысы келген дүмше молдаларды «Шариғат айтып күңкілдер, Ойында биттей сәуле жоқ» [9, 115-б] деп қатты сөгеді.

Адам ұрпақтары қәзіргі кезде кәсіби ілімнің сәулесінің аясында дүние тіршілігіне қатысты бүкіл қажеттіліктерін тауып, олардың мөлшерін, сапасын, құнын, қасиетін, неше уақытқа жетер жарамдылығына шейін  өлшеп, пішіп, болжалдап есептеп қояды. Мысалы осындай, бәлкім одан да артықша түрде Ладуни ғылымға қол жеткергендер осы ғылымның нұрының, шуағының, сәулесінің аясында адам өмірінің өткені мен болашағының тарихына, тағдырына қатысты  өзгеріс, жаңалықтарды  дәл болжап бағамдай алады. Мысалы Софы Аллаяр Әл–Ханафи Әл–Бұхари ибн Аллақұлы Темиряр «Дәрменсіздер дәлелі» деген шығармасында Қ.А.Ясауи бабамыз ақырда аты мұсылман, бірақ шариғат үкімдерін бұрмалап, елді  қатты адастыратын топтың шығатыны жөнінде дөп басып айтып кеткенін ескертеді:

… Тағы бір топ көрсетіп жүр қарасын,

Аты – мүмін, нәпсі жеңген санасын.

Жыйып алып кілең жуанмойынды,

Барады улап байтағымның баласын.

Жүрегі – тас, көзі мұздай, кеуде – нас,

Сөйте тұра болғысы бар елге бас.

Шариғаттың үкімдерін бұрмалап,

Қай кезде де Құдай сүйген ерге қас.

Ол залымдар қандай жолды тұтады? –

Айтады оны «Танбиһуззаллин кітабы»

Түзу жолды таппастай боп адасқан,

Оларға жат діннің таза жұпары.

«Жетіп жатыр қаңғырған мен санды ұрған,

Адаспасын арттан енген балдырған» –

Деген оймен олар жайлы шын сөзді

Құл Қожа Ахмет Ясауи қалдырған.

«Құдай досы − Құл Қожа Ахмет мінбері

Темірқазық − ерткен бізді ілгері.

Түсті бізге ол ұлықтың кітабы,

Ол Күн еді жарқыраған − діндегі»

Әзірет Сұлтан жазыпты арнап адамға,

Шығады деп бұл топ ақыр заманда.

Арбап ертіп адамзаттың баласын,

Бірге өзімен құлатпақшы аранға.

Әзірет Сұлтан бізге мұны үлгі еткен,

Ол болмаса құтылам ба міндеттен?..

Залымдардың шын мақсұты: айыру −

Жер бетінде мұсылманды − Сүннеттен. [4, 63, 64-б]

Пайдалы, сондай терең рухани ғылымды игерген көкірек көзді көсемдердің елдің ертеңін осылай дәл болжайтындығы турасында  Сүгір Бегендікұлы (р.ғ.) атамыз мынадай уәж айтады:

Немелер жақсы өткен жоқ

Ертеңін елдің барлаған.

Әулие, шайх, пір өтті

Аллаға арзу арнаған.

Қожа Ахмет Яссауи

Түркістанның шәрінде

Зікірін айтып зарлаған.

Солардың жаққан отынан,

Кеудемізде біздердің,

Реушен жарық парлаған.  [7, 43-б]

Әулие Ақтан р.ғ. атамыздың «Солардан реушен жарық бізге тарап» және мына әулие Сүгір (р.ғ.) атамыздың «Солардың жаққан отынан…» деп меңзеп отырған реушен жарық оттары Пайғамбарымыздың және Оның ізімен жүрген әулие, шайх, ғұлама, даналардың – асыл мұралары.  Ия адам ұрпақтары діннің алғы шарттарын орындап тақуалық қылғанда ғана телегей теңіз ілімнен пайда алып, өзіне жол басшы қылар еді және сол ілімнің шарапатынан кеуделеріндегі шырақтың нұрымен ақ-қараны айырып, ешқашан жолынан жаңылмаған болар еді.

Құдайға сансыз шүкір!   «Артқыға белгі қалса егер, Өкінбес едім өлгенге Өшпес едім бекерге, Жарығым түссе көргенге» [3, 10-б] деп өмірінің соңы мен қиаметке дейін дін шашуды мұрат еткен хз. Шәкәрім р.ғ. атамыз бен  қасиетті топырақта қадір кешкен «Құл Қожа Ахмет тақсырдан мирас болып қалған ұстанған үлгі жолы бар» әулие бабаларымыздың ақиқаттың тұнығынан нәр алып, соның негізінде туындаған асыл мұралары – негізінен зікірді дәріптеп өткен жоқ па? Алмағайып заманда дін дұшпандарының сұғынан шашау шықпай аман жетіп отырған қазынамызға неге күдік, күмәнмен қараймыз. Бұл қазына – ол ұлықтардың Құдайдың құзырында қабыл болған дұғаларының шарапатынан жетіп отыр ғой!: «Аллаһумма ағтина лиқа/ика уәт-тауфиқа би шуйуғи иғлә/и кәлиматикә фи заманина уә бәғдәһә илә иаумид-дин амин иа, архамар-рахимин! Мағынасы: Алла бізге дидарыңды нәсіп қыл! Және дініңді өз заманымызда да, және одан кейін де таратуға жәрдем бер! Қабыл ала көр, ей, қайырымдылардың қайырымдысы». [13, 113-б] «Шырағың сөнбесін дегендегі»  аталы сөздің сырының бір қыры да осы емес пе?

Ойымызды осымен қорытындылап тұжырымдайтын болсақ,  артына мәңгі өшпес мұра қалдырған хз. Шәкәрім р.ғ. атамыздың мына төмендегі сыр сөздеріндегі адамзатты шындыққа бастар жетекші қауым – Ясауи бабамыздың силсиласына адал болып, шырақ боп жанғандардың болатыны айдан анық.

Тастаңдар күндес, мақтанын,

Көрген соң таңның атқанын,

Ел бастайтын жастарым,

Жөн емес жай жатқаның,

Нұр құймай елдің ойына.

Баста адал жолға елді!

Еңбек жанатын заман мынау,

Елерім келді,

Қош, арманым жоқ, жұртым, жасарсаң,

Мен сапар шегем енді! [9, 284-б]

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. – Алматы, Жазушы, 1993.

2. Байтұрсын ұлы Ақымет. Әліб-бій. - Алматы: Рауан, 1998.

3. «Кердерінің ахун қызы Ағибаштың Ақтанға жұмбағы» // Үш қиян. №31 (439) 06.08.2009.

4. Светқали Нұржан. Әулиелер әуезі. – Алматы: «Эффект», 2009. – 88б.

5. Абай Құнанбайұлы шығармаларының екі томдық толық жинағы, Алматы, «Жазушы»,1995.

6. Мұхаммед ибн Абдулла әл-Хатиб әл-Табризи, Мишкат әл-Масабих.

7. Исматулла Мақсұм «Жария зікірдің дәлелі», Алматы, «Алаш», 2006

8. Мұхамедияров А. Күндер мен түндер. – Алматы, жазушы, 1998. Құр: Б. Ысқақов.

9. Шәкәрім «Иманым», Алматы, «Арыс», 2000.

10. Құдайбердіұлы Ш. Таңдамалы 1 том. Алматы, Ел-шежіре, 2008

11. ІІІ 17 Шайх Худайдад ибн Таш-Мухаммад ал-Бухари Бустан ул-Мухиббин. - Түркістан, 2006, -350 бет

12. Қожа Ахмет Йасауи «Хикмет жинақ», Алматы, «Жалын», 1998.

13. Исматулла Мақсұм «Құран сырларының әліппесі». Алматы, «Алаш», 2004.

Жүнісбаев Ұлықбек

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени

қорық мұражайының кіші ғылыми

қызметкері

Түркістан қаласы, Тәукехан к. 70 үй.

ulukbekjunisbaev@mail.ru

Тел: 8 700 333 84 19

ШӘКӘРІМНІҢ ИДЕАЛ ҚОҒАМ АРМАНЫ
Социальная задача не знает границ.

Виктор Гюго

Әуелде қауым-қауым болып қана өмір сүретін адам баласы Тәңірінің берген ақыл-ойын пайдалану арқылы, жаратылыс заңдарын қолдану нәтижесінде постиндустриалды қоғамға өтеміз деп күтіп отыр, алды өтіп те қойған. Енді сол барлық ой, ғылым-өнердің дами келе берген жемісі қазіргі жиырма бірінші ғасырда өмір сүріп жатқан адам қоғамы деп қарасақ, мақтана алатын жағдайда емес сияқтымыз. Олай дейтініміз, жер бетінде алдау-арбау, күштінің әлсізге күш көрсетуі өршімесе тоқтайтын түрі жоқ. Жиырмасыншы ғасырдың басында алға кеткен елдердің әскер жиып соғысуын, адам баласының өз кейпінен кеткендігін дәл басып айтқан Шәкәрім атамыз: Ойласаң, барша адамзат – туған бауыр, Бірін-бірі шұқылап қылды жауыр. Балалық, айуандықтан шыққан ел жоқ, Бұл сөзім талайларға тисе де ауыр.

Еуропа білімді жұрт осы күнде, Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде [1, 84], – деп көрсетеді. Ал академик В.И.Вернадский осыған байланысты философиялық ойлар, діни идеялар, белгілі бір заң аясындағы мемлекеттік басқару моделі де адам баласына рухани бірлік тауып бере алмады дегенді айтады: «Мы живем во всяком случае в эпоху крупнейшего перелома. Философская мысль оказалась бессильной возместить связующее человечество духовное единство. Духовное единство религии оказалось утопией. Религиозная вера хотела создать его физическим насилием – не отступая от убийств, организованных в форме кровопролитных войн и массовых казней. Религиозная мысль расспалось на множество течений. Бессильной оказалось и государственная мысль создать это жизненно необходимое единство человечества в форме единой государственной организацией» [2, 213]. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын, қасқыр мен қой бірге жайылатын қоғамның орнау механизмі мен концепциясын Антика дәуірінің философтары Платонның ең үлкен шығармасы «Мемлекет пен заңдар» диалогынан, Аристотельдің «Политика» атты шығармасынан кездестіруге болады. Одан бері Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың «Қайырымды қала тұрғындары» деген еңбегінде бар. Ислам әлеуметтік институттары «идеалды қоғам» идеясын зерттеуді алғашқы орта ғасырда қолға алған, ал Еуропаның қайта жаңғыру дәуіріндегі Томас Мордың «Утопиясы» сол әл-Фарабидің ықпалымен жазылған. Орта ғасырдан бері Еуропаның діни догмалық қоғамында тұншығып келген батыс ой-пікірі Француз революциясынан кейін жанартаудай бұрқ етті де, қалаған жағына қарай атылды. Ғылым мен өнердің әр саласында жаңа көзқарас пікірлер пайда болды. Мәселен, әдебиет, музыка, сурет өнерінде өмірдің нәзік құбылыстарын көрсетуде еркін творчествомен айналысатын «романтизм» дәуірі пайда болды. Сол кезге дейін ғылымға деген көзқарас, әсіресе, философияда теологиялық негізде болған болса, әлеуметтану ғылымының негізін салған Огюст Конттың «позитивизмі» философияда төңкеріс жасады. «Позитивисты утверждают, что основной массив знании о мире, человеке и обществе нужных в практической жизни, получается в специальных науках. Это знание противопоставляется традиционной философии как «метафизике». Вся традиционная философия должна быть упразднена и заменена специальными науками. Позитивизм обьявляет себя воззрением, освобождающим науку от догматических философских концепции» [3, 354]. Дене мен пәнге байлаған, Баяғы Конттың сөзі еді [1, 176]. Позитивизмнің тарих бетіне шығуы, кең етек алып кетуі жайдан-жай болған құбылыс емес, ол буржуазияның саяси билік үшін жеңісінен кейін қалыптасты. Сол кезде қол өндірістің орнына машиналы-техникалық өндіріс келді, мысалы, «бу» күшін пайдалану арқылы тепловоздың пайда болуы, кең көлемде темір жолдарының салынуы, т.с.с. жаратылыс ғылымындағы жаңалықтар индустриалды қоғамның дамуындағы дүмпулерге әкелді. Өз алдына бұл дүмпулер адамдардың өмірінің жақсаруына әкелетін болғандықтан, Огюст Конттың «философия діннен ажыратылуы керек және жеке-жеке пәндерге жіктелуі тиіс, адамдар «өмір», «өмірдің мәні» деген сияқты сұрақтарға жауапты арнайы ғылымдардан алады», – деген жаңалығы саяси өмірде де, қоғамдық өмірде де өз орнын тауып кеткендігінің себебі осыда жатты. Осы жерде В.И.Вернадскийдің ойын келтірсек, өзінің тар қапасынан шыға алмайтын маман ғалымдар туралы: «Чувство долга и стремление к идеалу завладевают человеком, смотрящим на науку обширным взглядом, а не взглядом специалиста, не видящего ничего за пределами своей специальности и мнящего себя ученым» [2, 153] десе, Шәкәрім атамыз: әлем, адам, жаратылыс категорияларын бес сезім танымына байлап қойып, материалдық деңгейден аспайтын – құрсауға түскен сананы былай суреттейді: Затшылдық көзін байлады, Адастырып айдады. Жан билемей тән билеп, Ақылдың соры қайнады. Ғылым деп уды жегізді, Денесіз зат жоқ дегізді. Дәлелсіз пәнмен перделеп, Тапқызбай қойды негізді [1, 235]. Сол кездегі ойшылдардың қоғамды діни догмадан, Шәкәрімше «шатақ діннен» ажыратып алу арқылы ғана адам баласы өз мақсатын табады дейтіні заңды нәрсе болса керек, өйткені еркін оймен дағды (догма – М.A.) бір-біріне мүлде теріс құбылыс. Шатақ дін мен дағдыға, Шоқынба, достым, зиян бұл [1, 92]. Немесе: Оқуың, дінің, дағдың көп, Не бір білгіш айтты деп. Кетпесін солар жетелеп, Жарамас өйтіп ой көму, – дейді де: Сүйтіп бұзып, бүлдіріп есіл дінді, Дін десе білімділер тұра қашар [1, 70], – деп, ойшыл білімді адамдардың діннен қашқан себебін ашып береді. Осыдан бастап құдайсыздар қоғамында белгілі бір елде «әділетті қоғамның» орнауын әлеуметтік жағдайдың неғұрлым өсуімен, әлеуметтік теңдіктің орнауымен болады дейтін түсінік қалыптасты, ол үшін адам баласының басынан қанша революциялар, қанша әлемдік соғыстар өтті. Ақыр аяғында «капитализм», «коммунизм» болып даурығудың, ұлы дүбір ғаламдық оқиғалардың аяғы қарын теңдігі санасына келіп тірелді. Қазір де технократтық сана: экономикалық реформаларды; әлеуметтік реформаларды; саяси институттарды жетілдіретін болсақ, осыдан бәрі шешіледі деп ойлайды. Неге сан ғасырлық реформалар адамды түп бақытты ете алмады? Неге проблемалар керісінше күрделеніп, шырмаланып, глобалды катастрофаларға әкелді? Адамзаттың ұлы ұстаздары мәселені түбегейлі шешудің жолы біреу-ақ деп көрсетеді, ол – рухани кеңістікте. Бойға бітпеген білім – бүгін дау, ертең – ұмыт. Сонымен, адамдардың жүрек тыныштығын тауып бір-біріне махаббатпен әсем де көркем өмір сүруін қайдан аламыз? Бұл жөнінде адамзаттың ортақ перзенті Лев Толстойдың «Никакая реформа не исправить зла, пока люди останутся таковы каковы они есть, и потому ждать исправления зла можно не от изменения формы нашей жизни, а только от распространения доброты и разумности» [4, 34]. Мұндағы Л.Толстойдың айтып отырған қайырымдылық пен ақыл – ойлылық, махаббат пен ғаделет – адамдардың жүрегінде өсіп-өнетін қасиет. Жүрегінде осы қасиет орныққан адамды ақ жүрек дейміз. Осы жерде екі ойшылдың айнытпай бір нәрсеге дәл түсіп тұрғанын көруге болады. Айла, күш – айуандықтың ең жаманы, Боқты боқпен жуғанмен ел түзелмес. Ар түзейтін бір ғылым табылмаса, Зұлымдықты жалғанда әділ жеңбес. Құр айтқанмен қолынан түк келмейді, Ақ жүректі таза адам болса кем-кес [1, 86]. Ал, Шәкәрім атамыздың мына бір сырына назар салсақ, онда мынадай жайтты қызықты баяндайды: Анық байлық жүрекке біткен өнер, Білімдінің барлығы соған төнер. Арам жиып мақтанған дәулет емес, Алдымызда бір күн бар есеп берер [5, 82]. Бұл жердегі бабамыздың айтпақ ойы – сол жүректің тазалығы, ол –махаббат, ғаделет. Тазалық оқумен немесе жаттаумен келетін нәрсе емес, ол Сократтың «Өзіңді өзің таны!» дейтін философиясымен ұштасып жатыр. Ал, Абай атамыздың айтатыны: Жұрттың аузын күзетсең, күн көрмессің, Өзіңді өзің күзет, кел, шырағым! [6] Л.Толстой: «И ни науки, ни искусство, ни роскошь, ни промышленность, ни риторика, ни полиция, ни таможня не в состоянии задержать висящее на воздухе здание, не имеющее основание. Государство, основанное только на расчете и скепленное страхом, представляет сооркжение и гадкое и непрочное. Только нравственность масс есть прочный фундамент всякой цивилизации» [4, 895]. Иә, мұндағы өндіріс те, өнер де, адамдарды ақ жүрекке, әлем бірлігін ұғынуға жеткізу құдіретіне ие емес, тек адамзат тарихындағы ғалымдардың ұлы көшінен үзілмей келе жатқан бабалардың мұрасынан таба аламыз. Осы жерде Шәкәрім атамыздың мына сыр сөзіне зер салсақ: «Мен ақ жүрек» деген сөз босқа шығын, Қару, күшпен көрсетіп қарсылығын. Мылтық билеп тұрғанда әділет жоқ, Алдамай-ақ аулақ өл, жарықтығым.

Қару, әскер тастаудың жөні келмес, Неге десең, біріне-бірі сенбес. Тамам адам періште блмай тұрып, «Ал, түзелші» дегенге ешкім көнбес, [1, 86] – деп келеді де, былай аяқтайды: Адамның сыртқы дене жаралысы, Нәпсісі айуанмен анық теңдес, Бөлектігі жалғыз-ақ таза ақылда, Әлің келсе, жол тап та осыны емдес! [1, 86] Бұл жердегі «таза ақылымыз» біз ойлағандай қолмен ұстап және көзбен көретін заттар (материалдық - М.А.) туралы ойланатын ақыл емес, барлық іштарлық пен қызғаныш, кекшілдік пен пасықтық, мақтаншақ пен ұшқалақ сияқты арзан қылықтардан арылған жанның күйін айтамыз. Осындай шынайы «өрелікке» өзімшілдік – индивидуализмге емес, ар-иманға сүйенген шын өркениеттілікке жеткен елдің ғана өрісі кең, өмірі баянды, «әділетті қоғам» құра алатынына анық көзіміз жетеді.

Әдебиеттер:

1.	Шәкәрім. Иманым. – А.: Арыс, 2000. 2.	Вернадский В.И. Биосфера и ноосфера. – М., 1989. 3.	Ильин В.В. История философии: Учебник для вузов / - Питер, 2003. 4.	Толстой Л.Н. Круг чтение. – М., 2007. 5. Ш. Құдайбердіұлы. Шығармалары. – А.: Жібек жолы, 2006. 6. Құнанбаев А. Шығармалары. ІІ том. – А.: Жазушы, 1995.

МӘСӘЛІМ А. Шығыстанушы

Базар жырау Оңдасұлы (1841 - 1911)
ХІХ ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде Базар жырау Оңдасұлының (Өтемісов) әдебиетімізде, руханиятымызда өз орны бар. Оның жүрегінен шыққан толғау-жырлар Сыр бойынан бастап Еділ, Жайық, Үстірт, Қарақалпақ өңірлеріне белгілі болған.

Өткен ғасырдың екінші жартысы мен үстіміздегі ғасырдың басында Сыр бойында жасаған Дүр Оңғар, Қарасақал Ерімбет, Ешнияз, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, Тұрмағамбет сияқты ақын-жыраулар өлең өлкесінде Базарды өздеріне ұстаз тұтқан.

Базардың жырлары Сыр жеріндегі сүлейлер салып кеткен соқпақты жаңаша түрлендіреді, тыңдаушы жұрттың санасын сергітіп, сәуле құяды. Жаратқан Алланың бұйрығына мойынсұнып, соған тәуекел етсе ғана істің оңға басатынын жария етеді. Дүниені құдіретімен жаратып, барша жаратылысты өзінің жарылқаушы сипатының аясында көктетіп отырған Құдайға шүкірлік етеді.

Сопылық іліммен таныстығы оның әсіресе әулиелер туралы, Ғайып ерен, қырық шілтен жайлы жыр жолдарынан көрінеді. Сонымен қатар оның жүрек тазалығын бәрінен жоғары қоятындығын айта кеткен жөн. Алланың алдында шын ықыласпен еңіреп тұрып, дұға қылудың қадірі бар екендігін жырау:

Хақ дегенде еңіреніп.

Ғайып ерен, қырық шілтен

Шылауында екен олардың,

Жұмыла әулие күңіреніп, - деу арқылы білдіреді. Сонымен қатар дүниенің жалған екендігін айта отырып, Баба түкті шашты Әзиз, Сейтпенбет сияқты әулиелерді еске ала кетеді. Оның жырлары қазақ руханиятына қосылған үлкен қазына.

Базар жыраудың жыр-толғаулары қазіргі кезде жиі айтылып жүр. Мәселен, жыраудың алғашқы жыр жинағын құрастырып, баспадан шығарған термеші Шәрібек Алдашев оның толғауларын халық арасына кең насихаттауда.

Сөйле, тілім, жалпыдан

Ғаламға мәлім аттары

Ертеде өткен ерлер көп

Тақ шыққан талай талқыдан.

Ғали Сина, Фирдауси,

Орасан озық білгірлер,

Шыққан дейді тәжік, парсыдан.

Әбунасыр, Науайы,

Шығыпты айрықша ғалымдар

Өзбек пен қазақ халқынан.

Хафиз, Жәми, Мақтымқұл,

Деп айтад шыққан сөзге дүр.

Солардан шыққан соңғыға

Үлгілі өрнек, нұсқа бар.

Әр жұрттың сана-салтынан.

Ұстаған жолын олардың

Дәріпті дәлуар аз емес,

Жалғаса шыққан артынан.

Беттетпей жанды кезінде,

Қастасқан жауын күйзелтіп,

Жандырған өрттей шарпыған.

Жанға жайлы жақсы сөз

Татаусыз таза тыңдауға

Жауқазындай аршыған.

Ажарсыз сөздің әсері

Кеуліне көптің қонымсыз

Киіздей шала қарпыған.

Қолайлы кеңес айтылса,

Түсінген тыңдап нәр алар.

Сөйленген сөздің парқынан.

Білгірсіп жұртқа жөн сілтер

Дін бұзған кейбір дүмшелер.

Келгендей кеулі ғаршыдан.

Аңқау елге арамза,

Молда боп жүрген сұмдар көп

Бейхабар шама-шарқынан

Барлығын білем дейтұғын,

Аз емес әуре-сарсаңда,

Құр босқа кеулі талпынған.

Ғалымдар айтқан нұсқа бар,

Асылына тартар әр нәрсе,

Өзгермейді деген қалпынан [11, 31].

Дүниені қудым

Дүниені қудым екіленіп,

Ұстамаққа кезеніп.

Дүние қырын салмады,

Ешбір маған еміреніп,

«Құлпырған қара құндыз» деп,

Тұңғиыққа, тереңге –

Талай құлаш сермедік!

Жалғаншыға келген соң,

Шартарапқа толқыды,

Көңіл мұндар желденіп.

Дүние қызық көрінді

Алтайыдай алдымда

Соқпаққа көрдім серменіп,

Кейбір күндер ыңыранып,

Қайрат сыймай қанаға,

Нар бурадай көлбедік,

Опасы жоқ бұл дүние,

Түспеді қолға, қуғанмен,

Неше алуан түрленіп.

Өткіздік өмір қапылатпен

Атаңа нәлет дүниенің

Алдағанын шын көріп.

Дүниенің әлегі

Қалды көңіл кірленіп.

Талма тал түс болғанда,

Талықсығанға ұқсаймыз.

Дүние – киік, адам – ит,

Қуа-қуа ізденіп,

Жас толығып, күш қайтып,

Дүниенің біліп жеткізбесін.

Енді отырмын бірленіп.

Азаттыққа – қару жоқ.

Қарусыз жауға бару жоқ.

Осы күні біз тұрмыз,

Саңылау таппай кезденіп,

Бізден бұрын өтіпті,

Екі етегін түрініп,

Иманын тілеп жүгірген.

Хақ дегенде еңіреніп.

Ғайып ерен, қырық шілтен

Шылауында екен олардың,

Жұмыла әулие күңіреніп,

Бұл күндегі пенденің

Ниеті жолдас өзіне

Оны әулиеден көрмелік.

Шын тілесе әулие

Демес еді: «бермелік»

Бұрынғы өткен ерлердің

Еске түссе істері,

Іш толады шерленіп.

Көңіл жосып сайраса,

Көкірек қабы тарылып,

Ретімен шығарған

Сөз сыймайды кернеліп.

Жасаған өзі жарылқап,

Жер жарылып көктейді.

Берейін десе жігітке,

Талабын Құдай ептейді.

Азамат ерден қол үзбе,

Күндердің күні болғанда,

Басыңа қиын іс түссе,

Қайырылмай саған кетпейді.

Арғымақтың баласы –

Мойны жалсыз болса да,

Қараны көрсе өктейді [11, 41].

Қимылдап қал, қызыл тіл!

Он сегіз мың ғаламнан,

Біз бір пенде Адамнан.

Неше дүркін ел өтті

Содан бергі заманнан.

Жетсе тағдыр аумайды –

Өлшеулі өмір қадамнан.

Сайраған тілім сап болар,

Санаулы күнім таусылса.

Аузымдағы жаланған.

Сол барында сөйлейін

Жан-жағыма назар сап,

Жұмылмай көзім қаранған.

Қарындастар, қашыңдар

Нәпсіңді тыйып арамнан.

Тағдырыңнан тілеңіз:

«Несіп бер, - деп, - адалдан».

Атамыз Адам пайғамбар

Он сегіз мың әлемнің -

Абзалы боп жаралған.

Ұлықтығы мұншама –

Құдайым әмір еткен соң,

Періште күллі қамалған.

Әзәзіл қалған айрылып,

«Нәсілім - от» деп о жолдан.

Құдіреті күшті құданың

Тағдырына шара не?

Дос болған соң әзелден?

Әмірді тәрік еттің деп,

Құдірет мұны шам алған.

Нұсқасыз сөзім жоқ еді,

Қарасаң молда, тәліптер,

Осы сөзім ғазалдан.

Сөйлеріне келгенде,

Судағы қара сүліктей,

Қызыл тілім қадалған.

Шабарына келгенде,

Қашаған қуған жүйріктей,

Оңды-теріс оралған.

Озарына келгенде,

Түрікпен соққан мылтықтың –

Толқыған шойын оғындай,

Қарадан шығып жоғалған [11, 58].

Сұм дүние

Мына шолақ дүниеден

Әулие өлмес дер едім:

Отқа салса күймеген;

Залымдықтың өмірі –

Бір шарпуы тимеген,

Арамды көңіл сүймеген;

Дін мұсылман баласын –

Кереметпен билеген;

Саһар тұрып жылаған,

Хақтан медет сұраған,

Ол ерлердің тағаты –

Құдайына ұнаған;

Бабай түкті шашты Әзиз,

Ер Сейтпенбет, Мағзамнан,

Марал ишан, софы Әзиз –

Солардан да өткен сұм дүние!

Нар көтерер жүк болды

Бұлтқа кіріп тұрғандай,

Төбеден ауып күн мен ай.

Ысқақ мырза аттанды

Он сегізде жасында-ай…

Аюбтың көзі көр болды,

Күйініп ашу дертіне.

Жүсіптің көңілі шат болды,

Сұлулық шырай көркіне.

Ақыры құл боп сатылды,

Ол Мысырдың кентіне.

Басы жұмыр пендесін

Жібермес тағдыр еркіне.

Лұқпан да айла тапқан жоқ –

Ажалды құлдың дертіне.

Хан мақтанар жұрты бар,

Пір мақтанар мүрті бар.

Дүние қашқан алтайы

Көрсе көздің құрты бар.

Ғалымдардың қолында –

Арабы, парсы, түркі бар.

Ер есейсе ел сүйер –

Ел тілеуін ер тілер.

Атамыз қазақ ғұрпы бар.

Туысыңның кемі жоқ,

Берік қақпалы шаһардай

Дарбазалы құлпы бар.

Бір адамның сұлыбынан

Өзіндей-ақ ұл туар.

Елді аузына қаратқан,

Алдынан топты таратқан,

Қарадос пенен Сансызбай,

Атаңыз да өткен Күнтуар.

Хақ нұрынан жаралған,

Сақтап өзін арамнан.

Ағайын, туған, халқына,

Жол көрсеткен адалдан.

Ақтық досы Мұстапа

Олар да көшкен дүниеден .

Алланың 99 есімі
Алланың 99 есімі

Сенен өзге кімім бар?
Сенен өзге кімім бар?

Салауат
Салауат

Ерімбет Көлдейбекұлы (1850 - 1911)
Ерімбет Көлдейбекұлы Сыр өңірінде дүниеге келген танымал шайырлардың бірі. Оның өз жанынан жыр-толғаулар шығарып, халықтың жадында қалуына сол кездегі Сырдағы шайырлар шоғыры ықпал етсе, екінші жағынан, жастайынан өзі ынтық болған рухани ілім. Ерімбет ауыл молдасынан хат таныған, бірақ әрі қарай оқып, алысқа шығуына кедейлігі кедергі келтіреді. Сонда да үйінен шығып кетіп, Қызылқұм арқылы Хиуа қаласына жетіп, сонда медресенің қызметінде жүріп, арабша толық хат таниды. Құран оқи алатын дәрежеге жетеді. Ынтасымен күні-түні жатып оқып жатқан басқа шәкірттерден кем түспей, барынша талаптанып, олардан зейіні артық екендігін көрсетеді. Шығыс шайырларының жыр-ғазалдарымен танысып, соларды жаттап айтатын дәрежеге жетеді. Кейіннен шығарған өз жырларында елге насихат, уағыз айтып, пайғамбарлар мен әулиелер өмірін ғибрат етеді. Ерімбет жырлары мұрағаттарда сақталып, сол арқылы біздерге жетіп отыр.

Жалғанның түбін ойлап, күтініңдер

Сөзіме құлағың сал, ей, жарандар!

Бұл шөлмек қырық күн сынбас, бір күн сынар.

Алланың аманатын берген күні,

Таңдайым тарса кеуіп, тілім тынар!

Осындай қиялменен сөз толғасам,

Кеуілден кетіп қайғы, тарқар құмар.

Әй, кеулім, әр қиялға қаша берме,

Деген сөз: «Шала жазған бітпей қалар».

Асығып, албырама, кеуіл шәһім,

Аузыңа жақсы сөзді Құдай салар.

Айтушы – тыңдаушының қызметкері,

Қандай сөз толғап айтқан халыққа жарар?

Өлген соң  ерден – нышан, бектен – белгі,

Жақсыдан халық көретін нұсқа қалар.

Өлімді бес уақыт жад етіңіз,

Қай жақта отыз үш мың сахабалар?

«Кәрі өіп, жас қалады» дей көрмеңіз,

Жер, Көкте жанды мақұлық бәрін де алар.

Сафиге Хауа-ананы етіп жұпты,

Бір еркек, бір ұрғашы жаралдыңдар.

Деген бір жарлық болды құдіреттен:

«Жай беріп, тәрбияпен тербетіңдер!»

Ғибрат ал, ақылың болса, көз жіберіп,

Жалғанның түбін ойлап күтініңдер!

Бір тоқтың, халыққа мирас, зарын тартпақ!

Төрт адам пайда тапқан жоқ толықтықтан,

Бірі - Әзәзіл «Ғалыммын!» деп жолдан шыққан.

Екінші – Харун, малдан пайда еткен жоқ,

Тауратқа Мұсадағы қарсылықтан.

Үшінші – Пірғауын өткен «Тәңірмін!» деп,

Ол да пайда қылған жоқ мықтылықтан.

Төртінші – Аплатон ақылы кәмбіл,

Көп ақыл, пайда бермейді, ойдан шыққан!

Ойласаң, «Ғалым мен!» дер Әзәзіл бар,

Харуннан кімнің малы артық шыққан?!

Пірғауын мықтылықтан болды қандай,

Аплатонды ақыл бұзды құлшылықтан?!

Ей, Алла, құл тілегін еткін қабыл,

Олардай күпір қылмағайсың жолдан шыққан?!

Төрт адам: бірі - Әзәзіл, бірі – Харун,

Парқ етпей, мағұрып болған, әмір барын.

Пірғауын, Аплатон және екеуі,

Білмеді мағұрыплықтан не қыларын.

Ақырында төртеуіне аят келді,

«Алды, - деп, - Аллатағала қаһарларын».

Көп болса қаді-қибат, қатсы-нағымат,

Бір тоқтың, халыққа мирас, тартпақ зарын!

Халық болды барша адам осы төрттен

Сөйлейін тағырипыңды, ей, Меһрибан,

Разы бұл пәниде барша саған!

Ғаламның он сегіз мың алт мыңы,

Деген бар: «Бар есімге ортақ күллі хайуан».

Алты мың хайуанат деп айтылған соң,

Ғаламға кеттік тарап неше майдан.

Шақырса «Күллі хайуан!» деп қосыламыз,

«Болдың, - деп, қосты хайуанға, - жалқақтан жан».

Әр мақұлықтың суреті, парқы басқа,

Асылымыз бір болса да хатира судан.

«Алты мың хайуанат» деп айтылған соң,

Атандық бір парасы «күллі инсан».

Адам деп ат қойылды барша инсанға,

Тағы бір есімі мирас туса анадан.

«Адамның төрт негізі төртеу: - деп сөйлейді, -

Жел, топырақ және, - дейді, - от пен судан».

Халық болды барша адам осы төрттен,

Бөлінді төрт есімімен мақұлық аттан.

Жаралды Кеп пен Нұннан мұнша ғалам,

Байлаусыз, я тіреусіз Жер мен Аспан.

Бұл дүния алты күнде болды тамам,

Жаһанға шамен қамар етті раушан.

Адамды топырақтан сурет етіп,

Төбеден сол заматта жүгіртті жан.

Атасыз туды Иса, анасыз Шыш,

Айлады Мұстафаны өз нұрынан.

Кәпірден Намұрат пен Шүддәт өтті,

Асилық дәрежелі, кеуілі наһан.

Оликүн болмады һул, Нухы аяғы,

Мүшкіл ғып тау мен тасты тұтты топан.

Мұнан соң Нұх пайғамбар болған бінә,

Неше ерлер дүниеге келген және.

Өмірі һақтың еткен осылай деп,

Мағұрып пен Мәшүріпке еткен сада.

Елу жыл Нух пайғамбар дінге тартты,

Жауыздар берді қорлық, тәні жара.

Халилды Намұрат отқа көндіргенде,

Күймеді, түрлі қылық етті, қара!

Ер міндеті

Парыз бен уәжип, сүннет – ер міндеті,

Иманның, боржа келсе, көп құрметі.

Мағынасы төрт кітаптың, мәшһүр болып,

Құранның келді бізге сүре, аяты.

Айлады Халил үшін отты гүлзар,

Сақтады, етпеді кәр, қалың өрті.

Он жеті жыл құрт жесе де, тимеді қаш,

Аюптың тапты сабыр жамал еті.

Еш пенде біліп болмайды пәни халды,

Тең болған күллі ғаламға құдіреті!

Жадыңа, ислам халқы, неге алмайсың?!

Бұл дүния сені алмаса, сен алмайсың,

Ол жайға кетсең, қайтып келе алмайсың.

«Құдай бір, құран шын!» деп илансаңыз,

Шыққанша жан кеудеден шек алмайсың.

Қиын іс Құдайыңа құл атанбақ,

Мың таяқ ұрса біреу кек алмайсың.

Жасыңнан дінге мейлі болмақты ойла,

Қартайсаң һаққа құлдық ете алмайсың.

Әскерің – ақыл, айлаң көп болса да,

Әрдайым ақыл жеңер, сен жеңе алмайсың.

Көңліңнен һақ жадына ашсаң ұя,

Қапылатта ғапыл ұйықтап жата алмайсың.

Болғанда өлім – орақ, пенде – егін,

Бір егіп орса, қайтып еге алмайсың.

Қырманды қызылдаған үлескендей,

Жайың бар бір-ақ нәубет, екі алмайсың.

Өзіңнен өзге жанның құлындай бол,

Абыройдан екі жайда да құр қалмайсың!

Көңіліңді көтере алмай жүрме жасып,

Белдер бар асу-асу, дем алмайсың.

Адамға ажал оңай, көшірер бір күн,

Мұны жадыңа, ислам халқы, неге алмайсың?!

Көп айттым «азығы» жоқ ақымақтарға,

«Жол ұзақ, азығың жоқ, - деп, - жете алмайсың!»

Болады пәни дүния кімге жолдас?!

Сөз толға, қызыл тілім, хикаяттан,

Тіліме жәрдем болғай жаппар һақтан.

Екінші Һән хазірет болса медет,

Шаһарияр төртеуі һәм Шаһимардан.

Яссауи Қожа Ахмет ер түркістанда,

Бұхара зүриятынан ер Палуан!

Ашылған Хиуада дін Хорезм,

Халилдің міндетінде дін мұсылман.

Жер үстін кәпір алып кетсе-дағы,

Дін аумай келе жатыр бұлжымастан.

Бұрынғы өткендерді еттім бір сөз,

Бұл сөзді нағыз мүртет тыңдамаған.

Бастығы һән хазірет – аты Мұрсал,

Меккені бөлген екен Мәдинадан.

Ең соңы болса-дағы пайғамбардың,

Жан бұрын үшеуінен жаралмаған.

Абзал сөз: «Пайғамбардың қауымы дара»,

Кітапта, азғырылыпты көңілі жаман.

Ақтығын ислам дінінің білгеннен соң,

Барыпты құрт-құмырсқа, бақа-шаян.

Құдіретпен бір қауызға сыйғызып тұр,

Пенденің не мінезі Аллаға аян!

Арасат майданында тергелерміз,

Өткен соң бұл опасыз жалғаншыдан.

Ысырат жаһаннамды көріп қатты,

Зар жылап, тартар пенде аһінағын.

Үстінен қылыштың тез жүргізеді,

Айтады: «Асты от, - деп, - алаулаған!»

Құдайға қылған ісі жаққан пенде,

Жалт етіп жылдам өтеді найзағайдан.

Өтеді қапы пенде тая-тая,

Өте алмай көпшілігі зар жылаған.

Жаралған мақұлықаттың бәрін жиып,

Күзерге періштелер қамалаған.

Пайғамбар жүз жиырма төрт мың жаралса да,

Пайдасы артылмаған өз басынан.

Әркім-ақ бір басының қамын ойлап,

Айрылар күн болады жолдасынан.

Қызығын жалғаншының көріп-көріп,

Шырқырап тартар күйік бір шыбын жан.

Деп айтар Ібраһим халиолла:

«Құдірет, өткізе гөр өзімді аман?!

Оңаша ал өз деміңмен пәруардігер,

Пайда жоқ жалғыз ұлым Смағұлдан.

Жамандық үмметіңе қылма, Жаппар?!»

Деп жылар, сауал қойсаң Мұстафадан.

Аржаққа ақ пайғамбар туын тігіп,

Айқайлар: «Үмметім, - деп, - дін мұсылман!»

Пейіштің миуасынан татар едік,

Күзерден аман өтсек бұл қысылған.

Фазылыңмен «иррахман рахим» ойлап,

Жіберсең қиын емес өзің, сұлтан!

Анадан тумақ рас, өлмек рас,

Бұл өлім бұрынғыдан қалған мирас.

Көңілді әр тарапқа қашыртсаң да,

Ажалдан құтыларға айла болмас.

Ат берген бұл жалғанда дарыл пана,

Пананы ойлап тұрсаң асылы уажас.

Асиян неше жылғы еткен күнәң,

Өлген соң ақіретте пайда қылмас.

Мысалы, адам – егін, өлім – орақ,

Орады қуы-жасын бірге аралас.

Дүнияға келген адам көшіп жатыр,

Керуендей кіре салған жалғас-жалғас.

Кесуін қайсы күні біле алмаймыз,

Әкім тұр шабайын деп қолында алмас.

Өлімге айла етіп қала алмайсың,

Санаулы дағдырдағы бітсе напас.

Қыстаудан көшкен елдей жөнелерміз,

От жағып екі жаққа «Алас! Алас!»

Тура жол, қисық жолға салмақ үшін,

Пейіште шайтан менен бізге талас.

Қылады осуасы адамзатты,

Азғырып тура жолдан лаһин ханнас.

Қорқамыз қияметтің азабынан,

«Құтылар күн бар ма, - деп, - болып қалас?!»

Жүрсең де өлмеймін деп бұл дүнияден,

Өтерсің нәубетпенен, ая, қандас!

Абзалы пайғамбардың ақ Мұстафа,

Атамыз бәріміздің сақаба Әнес.

Тұтасы, сол әзиздің бәрі кетті,

Болады дүния пәни, кімге жолдас?!

Жыларсың мұқыл болсаң ақіретте,

Мақшарда зауқы әшірет айтып болмас.

Мысалы, жалғаншының ойлағанға,

Саудаға өтпей қалған бір прос тас!

Қусаң да бұл дүнияның опасы жоқ

Дәме – арам, жайма қолыңды ешбір жанға,

Әдет қыл бес намаз деп шақырғанға.

Қырда қой, суда сазан мысалдас бұл,

Салқылық бір жарасқан мұсылманға.

«Көш!» десе керуен сағат қарайламайды,

Қадірлі, бас қоссаң да би мен ханға.

Қусаң да бұл дүнияның опасы жоқ,

Көңлім-ай, ақылың болса нанба, нанба!

Танымайсың ба асылыңды?!

Әуелі адам жаралды,

Топырақтың күшінен.

Екінші Хауа жаралды,

Адамның ішкі күшінен.

Ей, жамиғы халайық,

Танымайсың ба асылыңды.

Әр мақұлықтың түсінен?!

Кіргізіп пейіш шығарды,

Соған менің ақылым қайран,

Түрлі дал – құдіреттің ісінен!

Бел байлап, тәуекелге, қойдым қалам!

Халық болған әуелі Алам, соң Хауа ана.

Топырақтан сурет әйлап, қылған бінә.

Ғайыптың Меккеменен ортасында.

Уәһнада көп тұрғызды Һақтағала.

Тебіреніп суретіне жан кірген соң,

Жебірейіл тағылым берді «Айт, деп, - сәна!»

Алһамды оқып һаққа, орныңнан тұр.

Пейішке пәрман қылды «Кір!» деп жәна.

Хауаны сол тараптан жаратқан соң.

Жебірейіл некесін қиды жұптың, әна!

Ей, Алла, құлыңа сенен ағузыбилла,

Есепте қырық мың жылдық бір биисмилла!

Бел байлап тәуекелге, қойдым қалам,

Жаралған бұл ісімен Кәламулла!

Жаратқан, есімің жария қылып тұрмын.

Мың тоғыз жүз онға толды рухулла.

ТӘРБИЕ БЕРУДІ ТУРА ЖОЛҒА ҚАЛАЙ САЛАМЫЗ?
«Наука не есть то, что люди назовут этим именем,

а то что состовляет высший и нужнейший

для блага людей предмет познания»

Л. Толстой.

Ғылымның дұрыс дамуы мен өз міндетін толыққанды атқарып жатқандығын, оның күнделікті тұрмыс-тіршілік пен өмірде қолданыс табуы мен адамзатқа алып келетін пайдасымен өлшенсе керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда біраз ғылымдар өздерінің дамуына жұмсалған қаржылай және интеллектуалды шығындарын ақтайды. Мысалы, жаратылыстану ғылымдарының көпшілігі. Ал қоғамдық, немесе гуманитарлық саналатын ғылымдардың қазіргі кездегі дамуы, керісінше, қоғамға қаржылай да, интеллектуалды шығындар алып келіп жатқан жайы бар. Осы құбылысты бір ғана педагогика ғылымының мысалында талдап көрейік.

Алдымен, педагогика ғылымы мен оның мақсат-міндеттері туралы түсініктермен танысып алған жөн болар. Совет заманынан бері педагогика ғылымы турасында орыс педагогтарына жүгініп келген үрдіс әлі күнге шейін жалғасып келе жатқандықтан, қазіргі ресей ғалымдарының соңғы еңбектеріне көз жүгіртіп өтейік. Олардың педагогика ғылымына берген анықтамалары мынадай: «Педагогика – это наука о воспитании, обучении и образовании детей и взрослых» [2]. «Педагогика – наука о воспитании» [3]. Педагогика – это наука, изучающая закономерности, принципы, методы, средства и формы организации педагогического процесса как фактора и средства развития человека на протяжении всей его жизни [4].

Педагогика ғылымының негізгі мақсаты - білім мен тәрбие беру, яғни адамды адам қылу екендігі айқын. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бұл ғылым елімізде өте үлкен қарқынмен дамып келеді. Қорғалып жатқан ғылыми диссертациялар мен шығарылып жатқан ғылыми әдістемелік нұсқаулардың санына жетудің өзі қиын. Оқыту мен тәрбие берудің жаңа инновациялық технологияларының өзі үлкен бір төбе. Ғылымның дамығаны жақсы, себебі ғылым дамыған сайын оның беретін нәтижесі де көп болмақ. Бірақ өкінішке орай педагогика ғылымының дамуына сәйкес оқушы-жастардың біліктілігі мен тәрбиелілігі артудың орнына күн санап кері кетіп барады. 20-30 жыл бұрынғы мектеп түлектері мен 5-6 жыл бұрынғы түлектердің біліктіліктері мен адамгершілік қасиеттерінің айырмашылығы жер мен көктей, ал олардың деңгейі мен бүгінгі оқушы-жастардың дүниетанымдары, тіпті салыстыруға келмейді. Соңғы кездері оқушы-жастар арасындағы қылмыс пен нашақорлыққа, жезөкшелікке ұрынудың көрсеткіші тым артып барады.

Қаншама көп ғылыми-әдістемелік жаңалықтар мұғалімдерге таптырмас көмекші құрал болудың орнына, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыруға кедергі туғызатын күрделі проблемалар алып келуде. Бір жағынан бәрін жоққа шығара беруге де болмайды, білім саласында елеулі жетістіктер де жоқ емес. Бірақ ол жетістіктер комплексті емес және шынайылықтан көрі жасандылық тұстары көбірек.

Педагогика ғылымының дамуы мен оның түпкі нәтижесінің арасындағы логикалық пропорционалды байланыс, немесе тікелей сабақтастық жоқ, керісінше кері байланыс орын алуда. Оны кез-келген қарапайым көзі ашық адам айқын байқай алады және бұл факторларды ресей педагогтары да мойындап отыр: « В качестве идеальной цели большинство педагогических коллективов избирает воспитание всесторонне и гормонически развитой личности. Однако в последнее десятилетие нередко появляются призивы отказаться от такой цели – идеала в связи невозможностью ее достижения в нынешних социальных условиях. Но эти исследователи и практики пока не сумели предложить другой идеал» [1].

«…Как уже сказано, не сложившийся порадигмы, ни цельной концепции воспитания в настоящее время в России не существует, но есть большое желание ученых и педагогов либерального направления уйти от бывшей советской «педагогики насилия». И есть научные материалы, учебники документы, даоющие представление о складывающейся концепции» [2].

Қазіргі кезде педагогика ғылымы үлкен дағдарысқа, шарасыздық пен тоқырауға ұшырауда. Орыс педагог ғалымдырының артықшылығы – осы кемшілікті дер кезінде мойындап, қарама-қайшылықтан шығудың жан-жақты жолдарын іздестіру үстінде. Ұсынылып жатқан әр-түрлі бағыттар мен проблеманы шешу жолдарының ішінде көңілге қонарлықтары да баршылық. Мысалы: «Задачи воспитания множатся, потому что усложняется человеческая жизнь. Но ни одну конкретную задачу воспитания мы не сможем решить, пока не будет решена общая задача – повышение духовности.

Современное общество начинает требовать от учебных заведений возраждения духовного воспитания… Направления духовного возрождения открываются во многих учебно-воспитательных заведениях. Процесс развивается, но стихийно и неуправляемо. Необходимо выработать общую платформу, единую точку зрения, чтобы вернуть школу на путь духовного развития.

В вопросе о том, на какой основе возрождать традицию духовного центра и духовного учителя, пока нет единства» [3].

Проблеманың себебін дұрыс айқындап алудың өзі де Ресейдің педагогика ғылымы үшін үлкен жетістік деп есептейміз. Себебі бізде ол да жоқ. Рухани тәрбиені біздің педагогтар тәрбие берудің бірнеше бағыттарының бірі ғана деп қарастыруда. Бұл педагогика ғылымының дұрыс дамуын тығырыққа тірейтін тетіктерінің бірі ғана. Шеті көрінбейтін, шатысып кеткен проблеманың түйіні тым тереңде жатыр, бірақ таза ақыл, сау оймен зерделеген адамға ол - өте қарапайым.

Мемлекет деңгейінде білім орындарындағы білім мен тәрбие берудің қазіргі заманға сай дұрыс жүйесін құруды сор-батпақты жерге үлкен бір ғимарат соғу деп қарастыратын болсақ, қазаргі проблема деп қарастырылып жатқан сұрақтар мынылыр: «бұрынғы ғимараттың фундаменті мен дуалдарының материалдары ескірген, сапасыз, олар күйреп құлап жатыр, сондықтан жаңа технологияларды, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып, жаңа ғимарат соғуға қажетті сапасы жоғарырақ құрылыс материалдарын ойлап табу қажет. Сонымен қатар ол материалдардың бір-бірімен берік байланысып тұруы үшін сырттан қосымша тіреуіш, дәнекерлеуші қызметін атқаратын технологияларды жұмылдыруымыз қажет».

Осы проблеманы дұрыс шешудің жолын көрсет деп құрылысшыдан кеңес сұрайтын болсақ, ол үзілді-кесілді сор-батпақты жерге ешқандай да ғимарат соғуға болмайтынын, қандай да ғимарат соғу үшін алдымен сор-батпақты жерді құрғату жұмысымен айналысу керектігін айтар еді. Сор-батпақты жерді құрғатып болғаннан кейін, ол жерге қандай материалдан қандай ғимарат салсаң да болады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, педагогика ғылымын тығырықтан шығару үшін және мемлекеттік деңгейде оқу орындарындағы білім және тәрбие берудің дұрыс жүйесін қалыптастыру үшін, алдымен бірінші кезектегі сұрақтарды шешіп алу қажет. Ол үшін ұстаз бен шәкірт арасындағы білім мен тәрбие беру процесінің механизмін, яғни тәрбиенің құбылыс ретіндегі табиғатын зерттеп, дұрыс түсіну қажет. Әрине, ол психология, медицина және философия ғылымдарының жауап беретін сұрағы, бірақ өкінішке орай ол ғылымдар да педагогика сияқты тығырыққа тірелуде. Сондықтан осы аты аталған ғылымдармен айналысып жүрген озық ойлы ғалымдардан құралған арнайы топ құрып, «сор-батпақты» жердің суын қалай құрғату керектігін шешіп алу қажет.

Білім мен тәрбие беру процесі кәдімгі физикалық, химиялық және биологиялық процестер сияқты механизмі түсіндірілетін құбылыс. Айырмашылығы, алдыңғылыр материалдық дүние заңдылықтарына бағынатын құбылыс болса, кейінгісі рухани дүние заңдылықтарына бағынады. Сондықтан бұл жұмбақтың шешімін тек педагог ғалымдар болып шеше алмайды, оған барлық ғылым саласындағы руханияттан хабары бар ғалымдарды жұмылдыру қажет.

Қазақ халқының бағына бұл проблемалардың шешімін бабаларымыз баяғыда-ақ көрсетіп кеткен, бірақ сорына қарай оған ешбір педагог ғалым көңіл бөліп, сау ақыл, терең ой-зейінмен қарамайды.

Керекті керек білмеген,

Керектен қашып күйреген.

Еріксіз керек сүйреген,

Біздің қазақ емес пе?

Керексізді керек деп,

Санасыз, ойсыз дедектеп,

Керекке осы кезек деп,

Адасқан азап емес пе?

(Шәкәрім)

Осы жұмбақ шешіліп, «руханият, рухани тәрбие берудің табиғаты қандай?» деген сұрақтарға жауап табылса, екінші кезектегі проблемалар өзінен-өзі оңай шешілетін мәселелер.

Әдебиеттер:

1 «Педагогу о воспитательной системе школы и класса», Е. Н. Степанов, учебно-методическое пособие, Издательство «ТЦ Сфера», г. Москва, 2008 г., 224 стр.

2 «Педагогика», учебник, под редакцией д.п.н. проф. Л. П. Кривишенко, «Издательство Проспект», г. Москва, 2008 г.

3 «Педагогика», И. П. Подласый, учебник, «Высшее образование», г. Москва, 2007 г., 540 стр..

4 «Педагогика», теории, системы, технологии, под редакцией С. А. Смирнова, издательский центр «Академия», г. Москва, 2007 г.

5 «Обистине, жизни и поведении», Л. Толстой, г. Москва, 2007 г.

ЖИЕНБАЕВ Е.

О. Жәутіков атындағы дарынды

балаларға арналған РМФМОМИ-ның

физика пәнінің мұғалімі, менеджер.

ШӘКӘРІМ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ЖҮЙЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Бүгінгі XXI ғасырдың биігінен қарап тұрып, дүние жүзі бойынша енді ғана ақыл қаруы ретінде қолға алына бастаған жүйелік концепцияның өткен ғасырдың басында тіршілік кешкен Шәкәрім Құдайбердіұлының танымында болғанына таң қалмасқа шараң жоқ. Бір анық нәрсе – бүгінгі жүйелік дүниетанымның планеталық масштабтағы биосфера мен социумның глобалдық мәселелерінен өсіп шыққаны. Ол өмірдің барлық салаларында қолданылуда. Мәселен, қарапайым ғана менеджмент пен денсаулық сақтау мекемелерінде дұрыс шешім қабылдап, нәтижелі диагностикаға қол жеткізу үшін ситуацияға тұтастай, жан-жақты қамтып қараудың қажеттілігі күннен күнге артып келеді. Үлкенді-кішілі осындай қаншама үрдіс өз кезегінде жүйелік танымға ауыр салмақ салады. Қазіргі кезде жүйе түсінігі бұрынғыға қарағанда терең зерттелуде.

Бірақ бұдан жүйе ұғымы бұрын назардан тыс қалып келген екен деген ой туындамауы керек. Жүйе ұғымы сәбиліктен әлдеқашан өтіп, өзіндік терминдері мен ережелері бар дербес, ересек бағытқа айналу үстінде. Қалай десек те, бүгінгі таңдағы озық ғылым әртүрлі обьектілер мен қилы құбылыстарға тұңғиығынан бойлай алу мақсатында өзіндік тиімді әдіс-тәсілдерін қалыптастырып үлгерді. Жүйе түсінігі де өз кезегінде сол эффектілі тәсілдің бірі [1]. Жалпы жүйелік әдістің мәнін қапысыз түсінем деген жан оны басқа да танымдық тәсілдірмен салыстырып қана тани алады. Біз Шәкәрім Құдайбердіұлының жүйелік түсінікке негізделген шығармашылығына сонда ғана алаңсыз аяқ басатын боламыз.

Сонымен, Гегельдің диалетикалық үштік концепциясына сүйенер болсақ, бүтіннің болмысы бірін-бірі алмастыра алатын үш білім деңгейі арқылы толықтай, егжей-тегжейлі қамтылады.

Біріншісі, тұрмыстық тәжірибе мен нысананы біртұтас түсінетін интуитивтік деңгей. Осы әдістің тарихының тамырлылығы сондай, оның негізінде эзотериялық дәстүр мен шығыстың мыңжылдық даналығы жатыр: «Мен мына ағаштың сыртқы формасына қарап-ақ, оның ішкі ахуалын сезіп тұрмын» немесе «Мен оның көзіне тік қарадым да, кім екенін бірден таныдым» деп келетін сөздер айтушының интуитивтік қырының мықты жетілгенін көрсетеді. Күнделікті тіршілікте мұндай сезімталдықтың кең таралғанын байқауға болады. Соның көмегімен халық емшілері, атақты хирургтар ем-дом жасайды. Дегенмен интуитивтік таным жекелеген адамдардың дарынына байлаулы.

Екіншісі, Қайта Өрлеу дәуірінің жемісі болып табылатын аналитикалық деңгей, бүтінді бөлшектеу стратегиясы арқылы интуитивтік тәсілге антитезис, яки оны жоққа шығарушы ретінде көрініс береді. Декарттың: «Мен шеше алмайтын мәселе жоқ. Егер әлдеқандай күрмеуі қиыны кезігіп жатқандай болса, онда мен оны қақ бөліп, әрқайсысын жеке-жеке шешуге тырысам. Ал, олардың өзі шешуге бой алдырмай жатса, мен тағы да оны бөліп тастаймын, осылайша қашан шешіліп біткенше, бөлшектеумен боламын» деген атақты сөзін тарих қанатты тіркеске айналдырды. Аналитикалық тәсіл бүтіннің құрылымын анықтау үшін оны құрайтын жекелеген бөлшектердің құрылыс ерекшеліктерін зерттеуге алады, әр қырынан қарастырады, сөйтеді де жалпы қорытынды жасайды. Бірақ бүгіннің заманауи ғалымдары аналитиканың өзінен кінәрат тауып отыр. Олар «аналитикалық әдіс әр бөлікті жеке-жеке қараймын деп, сол бөлшектердің арасындағы байланысты ұмыт қалдырады» деп жаңа заманның, яғни үшінші – жаңа сападағы ойлау жүйесіндегі деңгейге сілтемелер беруде.

Бұл – әрине, жүйелік әдіс. Жүйелік әдістің мәні интуитивтік һәм аналитикалық тәсілдердің синтезі болуынан көрінеді, бір сөзбен айтқанда, гибрид әдіс. Жүйелік әдістің басты ерекшелігі сол, ол аналитикалық әдіс секілді бөлшектердің қасиетін бүтіннің қасиеті ретінде беруден қашады, бірақ аналитиканың «ішкі құрылымға құмар, бөлшектеп қарағыш» жақсы жағын алудан да тартынбайды [1].

Бұл тұрғыдан алғанда, Шәкәрім Құдайбердіұлы сонау ғылым-білім әлсіз дамыған уақыттың өзінде аталмыш үш призмалық көзқарасты пайдаланғанын көреміз. Дәлірегі, дүниенің бірлігін жүйе арқылы танытуға талпынғанын байқаймыз. Ал, жүйе дегеніміздің өзі – жүйе бөлшектерінің өзара әсерлесіп әрекеттесуі нәтижесінде пайда болып, біртұтас бүтін бірлік ретінде тіршілік жасап функкциялар атқаратын құрылым. Олай болса, Шәкәрім Құдайбердіұлының сау ақылына құрал болған жүйелік ойлау ең алдымен бүтін мен оның бөліктеріне, ол бөліктердің өзара байланысына қатысты пайдаланылған. Бұл сөзімізге дәлел ретінде қолмен қойғандай, көзбен көргендей жүйе туралы әңгімелейтін әулие ғұламаның «Ей жастар! Қалай дейсің бұл дүние?!» атты сыр сөзін келтіруге болады:

Ей жастар! Қалай дейсің бұл дүние,

Мұны бүйтіп жаратқан қандай кие?

Білімсіз мақсұтсыздан шыққан болса,

Мақсұт, білім, ой шығар бар ма жүйе?

Керексіз жаралған бір тозаңы жоқ,

Тәртібі таң қаларлық зор мәшине.

Алыстан іздемей ақ ойласаңыз,

Көру үшін жаралған көзіңіз де [2, 100].

Міне, тап осы жолдардан жүйені ашықтайтын ұғымдарды көреміз. Жүйе:

Өзара байланысты бөліктері бір бүтін ретінде қызмет атқарады. Ішіндегі әлдебір бөлшегін алса, яки қосса өзгеріске түседі. Жүйені екіге қақ бөлсеңіз сіз екі кішкентай жүйе емес, бұзылған, нақтырақ айтсақ, қызмет етпейтін жүйелерге ие боласыз. Кешендік құрылысы мен бөлшектердің орналасу тәртібі үлкен маңызға ие. Бөлшектері өзара байланысты және де бірлесіп жұмыс істейді. Олардың мінез-құлқы құрылысқа байланысты. Құрылысы өзгерген жағдайда оның мінез-құлқы да өзгереді.

Жүйесіздік:

Бөлім-бөлім болып жатқан бөлшектердің жай жиынтығы. Негізгі қасиеттері бір нәрсесін алып, яки бірнәрсе қосса да еш өзгермейді. Екіге бөлсеңіз екі үлкен құр жиынтықтарға ие боласыздар. Бөлшектердің орналасу тәртібінің маңызы жоқ. Бөлшектер өзара байланыспаған. Сондықтан да жеке жеке қызмет ете алады.

Олардың мінез-құлқы (егер болса..) жиынтықты құраушы заттың көлемі мен санына байланысты.

Ал, Шәкәрім Құдайбердіұлының айтып тұрғаны осынау жүйелік дүниенің тектен-текке, өз-өзінен пайда болмағаны, қайсыбір пәншілдер дәлелдеп жазғандай білімсіз, мақсұтсыздан шықпағаны. Олардың жалған тәліміне еріп, солай дер болсақ, атақты түрік ғалымы Харун Яхья айтпақшы, әлдебір мультфилм кейіпкері тәрізді «Мені құрастырған сызықтар қалам ұшы қағазға кездейсоқ тиіп, ал бояулар қағазға төгілгеннен пайда болды» [3] дегенге есеп болады. Яғни, бұл Леонарда да Винчидің даңққа бөленген шедевр туындысы «Мона Лизаны» кенеп қапқа бояулардың төгілуінен кездейсоқ салынып шықты дегенмен бірдей. Біз оны тудырған ұлы суретші екенін білеміз ғой. Ендеше осынау кенеуісіз де кең, шетсіз шексіз әлемді еш құдіретсіз өз-өзінен пайда болды деу еш ақылға сыймайды. Керісінше, әлі айғайы басылмаған кей ғалымдардың айтатынындай мынау көз алдымыздағы жайнаған қызылды жасыл, тау тас, су, адам, жануар, ай күн, бір сөзбен айтқанда, он сегіз мың ғалам білімсіз бен мақсұтсыздан пайда болған болса, онда білім мақсұт шығатын қандай жүйе бар? Яғни, оны құрастырушы білімді де мақсұтты бір ұлық бар деген сөз. Барлығын да есті бір күш иесі яки, философия тіліне салсақ, «абсалют» бақылап, басқарып тұр. Ғажайып ғаламның әрбір бөлшек тармағына міндет жүктеп, ондағы әрбір құбылысты есеп-қисапқа салып, аса дәлдікпен біртұтас, біздің әлсіз санамыз «әлем» деп қабылдайтын машинаны қозғалысқа келтіріп тұр.

Мұның өзі жүйелік ғылымда «эмердженттік» деп айдарланатын құбылысты көзімізге алып келеді. Осының өзінен қорытынды жасайтын болсақ, біріншіден жүйенің біртұтастық ретінде функцияланатынын, екіншіден, оның оны құраушы дербес бөлшектерінің қасиеттерінен бөлекше, жалпыға бірдей ортақ қасиетке ие екендігін көреміз.

Міне, осыдан келіп пайда болушы қасиеттер, яғни эмердженттік бой көтереді. Ең қызығы сол, осынау ортақ қасиет жүйе жұмыс істеп тұрғанда ғана пайда болады. Сөзіміз дәлелді болуы үшін көзіңізге Микки Маустың бір-бірінен айырмашылығы бар бейнелі бөлек-бөлек суреттерін көзіңізге елестетіп көріңізші. Түк те қызық емес емес пе? Ал енді осыларды пленкіге салып тез-тез ауыстырып тұрсақ не болады? Әрине, мултфильм болады. Егер суреттердің айырмасы аз-аздап қана болса, онда біз қозғалыс жасап жатқан Миккиді көреміз. Эмердженттік немесе пайда болушы қасиет дегеніміз осы.

Біз өзіміз күнделікті өмірде осынау қасиеттерді өте жиі кездестіретіндіктен, оларды қалыпты нәрсе санап кеткенбіз. Оларға болжау жасап, тәртіпке келтіру мүмкін емес. Олардың бағынатын өз тәңірі иесі бар. Болмаса айтыңызшы, сіз өз ағзаңыздағы бүкіл физиологиялық құбылыстарды басқарып отырасыз ба? Ас қорыту, қан айналымы т.б Немесе тағы бір мысалдар: өзен арнасындағы су ағысын бақылаңыз. Сізге суды құраушы молекуларлық құрылысты ашықтайтын ешқандай да білім мен білік ондағы иірімдердің пайда болу себебіне орнықты түсінік тауып бере алмайды. Мәселен, су неге ылғал? Осыны түсіндіріп бере аласыз ба? Сіз өмір бойы акустика мен дыбыс толқындарын зерттеп өтуіңіз мүмкін, бірақ сіз музыканың сұлулығы мен эмоциональдық құдіретіне тәпсір жасай алмайсыз. Басымызда екі көзіміздің болуының арқасында айналаны көреміз. Екі құлағымыздың арқасында жақсы естиміз. Акусттика тілімен айтқанда, дыбыстар топтамасын естиміз. Біз спектр бояуларының басын қосып түсініксіз бірдеңелерді емес, керісінше әп-әдемі жарықты танимыз. Осының бәрін біз ғажайып ретінде емес, жай қалыпты жағдай ретінде қабылдаймыз. Егер олардың таза ғылыми түсініктемелерін білмесек, біз олардың дүниеде бар екендігін сезе алар ма едік?!

Жалпы эмердженттік қасиеттердің пайда болуын кемпірқосақпен салыстыруға болады. Кемпірқосақ қалай пайда болады? Кемпірқосақ күн сәулесінің құлау бұрышы үлкен дәлдікпен жаңбыр тамшысы һәм ауамен дұрыс қосылғанда пайда болады екен. Осыдан-ақ біздің миымыздың эмердженттік құбылыстарды қорек ететінін білуге болады. Ол ол ма, біздің өзіміз де жүйе ретінде аталмыш эмердженттің жемісіміз деуге болады. Мәселен, сананың өзі жүйе, эмерджент. Кім, қандай ғұлама қалайша милиардтаған нейрондардың өзара байланысы сана-сезімімізді мүмкін еткенін анықтап бере алады?! Ал біздің бес сезім мүшеміз, ішкі «меніміз» де соның жемісі. Шәкәрім Құдайбердіұлы «көру үшін жаралған көзіңіз де» дейді. Рас, біздің қос жанарымыз көру үшін жаралған. Бірақ бір нәрсені басын ашып алу керек. Көретін көз емес, – сіз. Яғни, жанымыз. Сенбесеңіз қане көздеріңізді ойып алып үстел үстіне қойыңызшы. Ол ештеңені де көре алмайды. Денеміздің еш жерінен көру қабілетін, естуді, сипап сезуді, дәм сезуді, иіс сезуді іздеп таба алмайсыз. Дәрігерлердің «тірі» деп атайтыны да сіздің сол тәніңіздегі бүкіл механизмдердің бірлесіп жұмыс істеп тұрғанынан.

Дененің кез-келген бөлігін ажыратып алыңыз, ол дереу тіршілігін тоқтатады. Мәйітті сойғанда да тәніңізден өмірді емес, өлімнің белгісін табады. Ал, Шәкәрім Құдайбердіұлының айтып тұрғаны «себебі толымдының ісі» емес пе? Мінсіз иенің күш, білім шеберлікті іс арқылы білгізуі.

Біздің әлем – біртұтас ұлы машина. Ал «мәшине» дегеннің екінші аты «жүйе». Ондағы әрбір бөлшектің өз атқарар қызметі мен мақсаты бар. Жүйе де сондай. Жанды да жансыз да бірдей мәшине бола береді. Дін ғұламасы Исматулла Мақсұмның сөзімен келтірер болсақ: «Біз бұл өсімдіктердің, кендердің және басқа да заттардың құрылысын қиыстырып айтуға басқа лайықты сөз тібегі болмаған соң, түсінуге жеңіл болсын деген мақсатпен «мәшине» деп атадық» [4, 14]. Яғни, ашықтай түссек, өзіміз күнделікті мініп жүрген темір тұлпарларымыз – көліктердің қозғалысы да эмердженттік қасиетке жатады. Автокөлік қозғалысқа келу үшін оған карбюратор керек, бензобак керек. Ал енді сол карбюратор мен бензобакты жолдың қақ ортасына апарып қойыңызшы, жүріп кетер ме екен, алысқа зырлар ма екен? Механик барады да оны құрастырады, моторға салады. Резеңке дөңгелектер бітіріп, бір-бірімен тығыз байланысқан жүйе жасайды. Сосын барып оталдыр да кете бер. Сол секілді біздің әлем де іске қосылған, дырылдап жұмыс істеу үстіндегі «Есті, мінсіз шебердің ісі емей не?» [2, 100].

Сонымен бірге, біздің жоғарыдағы жүйелілік пен жүйесіздікті салыстыру барысында атап-атап көрсеткеніміздей жүйенің әр бөлшегі бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың қасиеті, құрылымы сол жүйенің іс әрекетіне әсер етеді. Және де құдайдың жаратқан осы жүйе-фәниінде басы артық бір бөлшек жоқ. «Керексіз жаралған бір тозаңы» [2, 100] , молекула-атомы жоқ. Бәрі жүйе деп аталатын алып, адами ақыл жетпейтін құрылымның бір қажетіне жарап жатыр.

Өз кезегінде бұл идея, тіптен, 1920 жылы дүниеге келген кванттық физиканың «параллель ғаламдар концепциясына» дәлме-дәл келеді. Физиктер электрон секілді атомдық бөлшектерді нақты жай-күйін анықтамақ болғанда алдарынан шыққан жұмбақты шеше алмай әбден бастары қатады. Осынау бөлшектердің белгілі бір анық мекені жоғы мәлім болған. Жүргізілген эксперименттер ондай бір бөлшектің бір мезгілде бірнеше жерде болатынын дәлелдеп шығады. Яғни, бұл бөлшектер біздің ғаламда бар да, жоқ та. Бір сөзбен айтқанда біздің көріп тұрғанымыз олардың көлеңкесі, елесі десе де болады. Бұл не деген сөз? Бұл – олар бір мезгілде бірнеше ғаламдарға қызмет етіп, әртүрлі өлшемдердегі ғаламдардағы жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді деген сөз. Тіпті, кейбір ғалымдар оларды құрамына кіретін ғаламдарының санын біліп болмайды дегенді де айтады. Әрине, ғылымның басты мақсаты құпияны ашу, аңыз бен ақиқаттың арасын, яғни шындықты иллюзиядан айырып алу, шашыраңқылықтан нақтылыққа көшіру. Қазіргі таңда мыңдаған ғаламдар әлемнің түкпір түкпірінде кешендік ғаламды басқаратын себеп пен тәртіптің түпкі түрткісін іздеп, шақша бастары шарадай болып жатыр. Атомдық физикада секірістер пайда болысымен физиктердің басым бөлігі осы мәселемен айналыса бастады. Ғылым оған дейін де айналадағы заттың бәрінің атомдардан тұратынын білетін, ал атомдық физика болса ол атомдардың өзінің үш компоненттен: ядрода орналасқан протон мен нейтроннан һәм ол өзекті айналып жүретін электроннан тұратынын анықтады. Кейіннен технологиялар дамып, сол атомдардың өзін соғыстыра бастағанда беймәлім тағы да бір бөлшектерге тап болды. Ғалымдардың есін алғаны сол, соққы қаншалық күшті болған сайын сондай беймәлім бөлшектердің көбейе түсетініне көз жеткізе түсті. Тіпті, бөлшектердің жаңа да жаңа әулеттері шықты. Мұның түбі шатасушылыққа алып келетінін бірден түсінген ғалымдар оларды да бір жүйеге түсірмек болып, «суперструна» теориясын қалыптастырды.

Бұл теория бойынша, ғалам струналардан, яғни біздіңше шұбатылған ішектерден тұратын болып шықты. Олар домбыраның немесе скрипканың ішектері тәрізді әрқилы перне басуларда шығатын түрлі ноталар тәрізді сантүрлі болып өзгере беретін еді. Бірақ негізі біреу ғана. Демек, аталмыш бөлшектер сондай суперструналардағы затында бір ғана әрқилы ноталар болуы мүмкін. Осыдан соң-ақ тағы да Исматулла Мақсұмның «Ұлы Алланың өз құдіретін көрсететін белгілерін жаратылыстың бір түрден екінші түрге өзгеріп тұрған құбылыстарынан әр жерде, қарапайым түрде оңай көре аламыз» [4, 14] деуімен әбден келісеміз. Затында бір ғана нәрсені түрлендіріп, сырлап бояп, қызылды жасылды қылып қойғанын ұғынып, перде артында сыр барын, біздің көзіміздің байланғанын сезесің. Бәрінің табиғатында бір тектен болуы, шынында да, қызық. Осыдан соң атамыз айтпақшы: «Құдай жоқ, қиямет жоқ десең-дағы, Арың жолдас емес пе мақұлменен?» [2, 100]

Немесе:

Кім жасаса зор мәшине,

Онда одан не қалар?

Құдіретінен қалды әрине,

Сайраған із шамшырақ [2, 271].

Алланың жаратылысы көз алдымызда табиғаттағы құпия жазулар болып бедерленген. Бірақ біз сауатсыздығымыздан оларды оқи алмай адасқан үстіне адасудамыз. Ал, Шәкәрім атамыздың сол киелі жазуларды көзіне оттай басылдырып, табиғаттан қапысыз оқып қана қоймай, сайрап жатқан тәңірі ізін танып, мағынасына терең бойлағанын, бойлағанда да бүгінгі ғылым енді қару етіп қолдана бастаған ақыл әдістерін тұтынғанын көріп, біліп, ғұламалығының алдында бас иеміз. Дүниетанымы «Үшінші», қырандық биік деңгейден шолатын, аналитикалық һәм интуитивтік танымның адамы, бір сөзбен айтқанда, батыстық та шығыстық та ойлау тәсілдерін меңгерген терең ғұлама Шәкәрім Құдайбердіұлы, шын мәнінде де, жүйе түсінігін дүниетанымына өзек еткен деп батыл айта аламыз.

Жүйе туралы ғылым ұшы қиырсыз. Оның күрделі және де қарапайым болып бөлінетіні де – бөлек әңгіме. Тұрақты да динамикалық түрлері де бұл зерттеудің жүгі емес. Әзірге Шәкәрім Құдайбердіұлының бір-екі өлеңінің өзі жүйе түсінігіне алтын қазық болып өзі үшін өзі сөйлеп тұр. Шәкәрімнің дүниетанымы масштабы жағынан ғаламдық, мұраты жағынан құдайлық, тәсілі жағынан жүйелік. Тіптен, американдық жүйетанушы ғалымдар Джозеф О, Коннор мен Иан Макдермоттың форматына салып: «Шәкәрім Құдайбердіұлы – жүйелік ойлаудың бірегей де қайталанбас шебер өкілі» деп айтуға болады. Мұны қайдан байқаймыз? Жалпы, кез-келген адам жүйе терминалогисын қолына алып Шәкәрім шығармашылығын қадағалар болса, талай да талай сөзімізге дәлел мен негіздер табар еді. Жүрек көзі ашылған жан үшін мүмкін жүйелік түсінік қалыпты да жайт болар, бірақ ғылым үшін, әсіресе, жаратылыстану ғылымы үшін бұл «феномен» болып есептеледі.

Шәкәрімнің қай туындысын алсаңыз да, мейлі поэзиялық, мейлі прозалық болсын алдыңыздан мәселені ауқымды қарау, макродеңгей мен микродеңгейдің ара жігін білу, детальдық та жалпыламалық та ойсарап пен ойқорытулар да жасау тізбегі шығады. Бәрінен де ең таңқаларлығы шеңберлік ұғымы болып отыр. Жүйенің басты ерекшелігі шеңберлік, дөңгелек циклділігінде. Шәкәрім дүниетанымы қай шығармасында болмасын зұлымдықтың өз бастапқы шығу көзіне оралатынын айтып сақтандырумен болады [5]. Және де тиімді күш салу нүктесіне «рычагтық принципті» қолдандыруға итермелейді. Жүйелік ғылым «жүйенің дұрыс жұмыс жасауын әлдебір аса маңызды нүктесіне әсер ету арқылы ем-дом жасауға болады» дейді. Ал, Шәкірім болса, қандай да бір проблеманың шешімді тұсын дөп басып, қандай шиеленген шие болса да шешіп кете беруге бағдар береді. Бүгінгі азып-тоза бастаған өркениеттің күш салу нүктесі, рычаг басар аймағы, сау ақылға салар болсақ, онда Шәкәрім атамыз айта беретін «ар ілімі», яки қоғамдық моральдің болмағы да сондықтан.

Әдебиеттер:

1.	Искусство системного мышления. – М, 2006.

2.	Шәкәрім. Иманым. – А.: 2000.

3.	Харун Яхья. Дінімізді іңкәрлікпен үйренейік. – А, 2006.

4.	Исматулла Мақсұм. Құран сырларының әліппесі. –А.: Алаш, 2004.

5.	50 версий гибели человечества. - Минск, 2006.

МАМЫРАЙХАН А.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

магистрант

ӘЛ-ФАРАБИ МЕН ШӘКӘРІМ: ТІЛ МӘДЕНИЕТІНЕ ТАЛДАУ
Қазақ мәдениетінде, руханиятында үлкен орын алатын халықтық мұраның бір саласы – шешендік өнер. Шешендік өнер – ақындық айтыс сияқты, қазақ халқының ұлттық менталитетінің жоғалмайтын, өшпейтін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беретін бір қыры.

«Шешендік өнер, жалпы көркем де, бейнелі, нұсқалы сөйлей білу, Ұлы Далада бағзы замандардан бері жоғары бағаланып, дәріптеліп келеді. Себебі дүниетаным даналығына, ақыл қасиетіне жоғары мән берген қазақ халқы үшін шешен сөйлеу, тауып айту – дүние сырларының кілтін ашатын бірден-бір құрал» [1, 79].

Демек, қазақ топырағында өткен даналардың барлығы бірдей бұл өнердің болмысына, ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталған. Мәселен, ғұлама әл-Фараби өз еңбектерінде, трактаттарында шынайы, таза сөйлеудің негізгі қағидаларын саралайды. Ғалымның «Логика», «Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасында» бұл ой ашық айтылады.

Шешен сөйлей білу үшін, ең алдымен, ойды дұрыстап, жүйелеп сөйлей білу қажет. Бұлай болмай, ойдың таза, сол қалпында тыңдаушыға жетуі неғайбыл. әл-Фарабидің ғылымдарды зерттеп-зерделегендегі басты мақсаты – ақиқатты табу болса, шындыққа қол жеткізудегі негізгі қағида – ойды шешен тілмен жеткізіп, қарсы жақтағы адамды иландыра білу. Оны екінші ұстаздың өзі ашық айтады: «Қисынды сөйлеу өнері – сана-зейінді дамытуға қабілетті және қателіктер болуы мүмкін сана обьектісіне жетудің барлық жағдайларында адамды ақиқат жолына бастайтын бірден-бір дұрыс тәсіл.

Адамға тән кейбір қайырлы нәрселердің ерекшеліктері көбірек, кейбіреуінікі аздау болады. Адамға тән ең қайырлы қасиет – ақыл. Сондықтан адамды адам еткен де – сол. Қисын өнері адамға ақыл беретіндіктен, оған тән ең көп қайырды да береді деген сөз» [2, 150].

әл-Фараби де Шәкәрім де дұрыс ойлау мен дұрыс сөйлеудің адамға көптеген игілікті пайда әкелетіндігін ғылыми жолдармен дәлелдей отырып, логика (мантық) ғылымының адамды кез келген адасушылықтан сақтап, Хаққа (ақиқатқа) тура жеткізетін жол екендігін айтады. Демек, жүйе ойлап, сөзді нақты, әрі көкірекке ұғымды етіп жеткізе білудің өзі – өнерлердің ішіндегі ең биігі. Бұл ұстаным дәл әрі нақты, дәлелді сөйлеп, жұртты ұйыта білу түсінігімен сабақтас келіп жатыр.

Сөзді дұрыс сөйлеу дегеніміз – тек оның құрылымын дұрыс құрып, байланыстырып жеткізу ғана емес. әл-Фараби бұл екеуінің ара-жігін ашып, терең тексеріп, логика (мантық) ғылымын сөзді дұрыс құрауды үйрететін ғылыммен (синтаксиспен) шатастырмауды ескертеді. Синтаксис ғылымы жоғарыда аталып өткендей тек шығатын сөздің қалыпты ұйымдастырылуын үйретеді. Ал, логика ғылымының мақсаты одан да жоғары. Негізгі нәрсе – ой!

…Қырық жасымда ойладым,

Жетпістемін мен биыл.

Белді бекем байладым,

Әдеттенді ой мен тіл [3, 92].

әл-Фараби трактатындағы өзінің пікрін әрі қарай дамыта түсіп былай дейді: «Осыған дейін айтқандарымыздан бақыт жолының қандай екендігі және сол жолға қалай түсуге болатындығы және түсуі керек нәрсенің мәртебелері белгілі болды. Жолдағы нәрселердің ең алғашқысы логика ғылымын үйрену болып табылады» [2, 151].

Адамның бақыт жолына жетуі – қоғам мен өзінің арасындағы байланысты жақсы деңгейге жеткізіп, өзінің орнын түгелдей табуы. Шәкәрім: «Демек, адамгершілік ілімін түгел игеріп, өзінің мінез-құлқын соған сай өзгерткен кезде адам бақыт жолына жетеді дейді. Бұл жолға жетудің дәйектемесіне әл-Фараби логика ғылымын үйрену арқылы қол жеткізуге болатындығын дәлелдейді. Логика ғылымын тіл мен ойлау жүйесін дұрыс ұштастырған кезде ғана меңгеруге болады. Бұл да – жалпы, ақиқатты тануға деген ұмтылыс, танылған ақиқатты басқаларға түсінікті жеткізуге талпыныс. Ой мен сөйлеудің бұл арада маңызы өте зор.

Философия ғылымдарының докторы Д.С.Раев қазақ шешендік өнерін қарастырған ғылыми еңбегінде төмендегідей тұжырым айтады:

«Жалпыадамзаттық қызмет ретінде тілді ойдан, адамның ойлау процесінен тыс немесе олардың арасындағы табылатын байланыссыз қарастыру мүмкін емес. Өйткені, сыртқы қоршаған орта алғышарттарына және адамзат рухына негізделе отырып, тіл адам мен сыртқы орта арасындағы аралық ой әлемін жасайды. Ой әлемі адамзат баласының саналы іс-әрекетінің жемісі болып табылады. Сондықтан ой дүниесі әлемнің жалғыз байланысы ретінде қабылданады. Олай болса, ойлау және одан туған ой – тек тілдік жаратылысқа ғана тән құбылыс. Кез келген ойлау процесі тілдік әрекетке, сөйлеу тілі арқылы ғана сыртқы көрінісін табады. Ой тіл арқылы затқа айналады немесе заттанады. Демек, ойдың тіл арқылы көрінуінің рөлімен ғана адам белгілі бір шеңбердегі өз дүниетанымын қалыптастырады» [4, 29].

Тіл – ойлаудың «қабыршағы». Ол сонысымен де маңызды. әл-Фарабидің ғылымдар жүйесінде тіл туралы ілім бірінші орында. Тілге қатысты мәселелер арнасында әл-Фарабиді ерекше қызықтыратыны – тілдің философиялық мәні. Ол тілдің пайда болуын «Китаб әл-Хуруф» трактатында төмендегідей сипаттайды: «Адам өзінің миындағыны басқа біреуге түсіндіру үшін дауысты қолданады. Ең бірінші шығатыны – бұл қаратушы дыбыс (қаратпа сөз). Содан кейін ол түрлі кез-келген сеніммен танылатын заттарды көрсететін дауыстау дыбыстарын пайдаланады. Әр затқа белгілі бір дыбыс бекітіліп, келесіде ол зат бекітілген дыбыссыз қолданылмайтын болады» [5].

әл-Фарабидің пайымдауынша, «тілдерде және жазуларда дәстүр бойынша бекітілген ұғымдарды адамдар өздерінің алдындағы бірінші болып жасалғандықтан қабылдайды. Шешендік олардың сөздерінен туындаса, сөздер осы халықтың тілі болып табылады, ал олардан бөлектер арабтар емес және олар сөздерін түсінбейді.

Адам ойындағы нәрсені жеткізу үшін тілді кеңінен пайдаланады. әл-Фараби тілдің ең басты екі функциясын дәл анықтай берді. Біріншіден, тіл – ойдың көрсеткіші. Екіншіден, тіл – таным құралы» [6, 19].

Сөздің дұрыс болмағы ойдың тұнық, әрі дұрыс болмағына тәуелді. Демек, олардың арасындағы қатынасты жеке-дара, байланыссыз қарастыруға болмайды. Ал, ақылдың тазалығы адамның өз-өзінің таза ұстауына, көңіл айнасына кір жолатпауына келіп ұштасады. Жүрек пен ақылдың, сөздің бір-бірімен байланысы қазақтың мына мақалдарынан да көрінеді: «Көңіл көзін сөз ашар», «Айтпаса жүректен кетеді, тартпаса білектен кетеді», «Көңілде жатқан кіріңді, оттай ыстық сөз шаяр».

Сонымен қатар, жүрек түкпіріндегі ыза-кек сияқты жаман қасиеттерді төгіп, мейірімділік, бауырмалдық сияқты нағыз адамгершілік қасиеттердің бірден-бір бастауы – шешен сөйлеу, тауып айту, адам көкейіндегі ойды тап басу. Сондықтан «Мұхтар Әуезовтің би-шешендер туралы: «Шешенің судай төгілген, Тыңдаушың бордай езілген» дегенін тыңдаушының сөзмер шешенінің икемді тілі арқылы берілген ұтымды да өткір ойға бату жай-күйін аңғару қиын емес. Немесе Төле бидің: «Қызыл тілін безеніп, шешен жігіт дауда ойнар», – дегенінің астарында ділмардың тыңдаушысын ойға, түсінікке жұмылдыру үрдісі жатыр деп есептейміз».

әл-Фарабидің адамның бірте-бірте шешендік қасиетке жетуі оның жан-дүниесінің кемелденіп, рухани өсуіне себеп болады деген дәлелді ой айтады: «Пікірі дұрыс болатын адам әрдайым затты қарастырған сайын бұл заттың басқаша емес, тек сондай болуы тиіс екендігі жайында дұрыс пікір айтады.

Риторика - әңгіме жүргізе білу қабілеті; оның көмегі арқасында қалауды немесе аулақ болуды керек қылатын жеке мүмкін заттар жөнінде (әңгімелесушіні) сендіру шеберлігі қалыптасады. Алайда мұндай қабілеті барлардың ішінде қайырымды адам бұл қабілетті игі істер үшін, пайымдағыштар игі істер үшін де, теріс істер үшін де, ал сұмдар пасықтық істер үшін пайдаланады» [2].

Сол сияқты риторика ғылымын, шешендік өнерді ниеті теріс, залым адамға үйретудің пайдасы жоқ. Таза өнерді ниеті дұрыс адамның үйренгені жөн дейді.

Осы тұрғыдан әл-Фарабиден мың жыл кейін өмір сүрген Шәкәрім қажының ғылым туралы жазған өлеңіндегі мына бір жолдардың ғұламаның сөздерімен үндес келіп жатқанын байқау қиын емес:

Шын залымға берме ғылым,

Ол алар да оқ қылар,

Қаруым дер, кісі атып жер,

Ол ғылымды айла етер [3, 239].

Халқымызда «таза пікір, таза ой тек таза адамдардан шығады» деген даналық сөз бар. Ал, «таза адам» дегеніміз кім? Бұл – әр кездегі ойшылдардың армандап кеткен, сол арманның негізінде белгілі бір ақиқатқа жеткізетін ілім қалыптастырған идеяларының ұстыны. «Таза адам» түсінігі Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінде» «жәуанмәртлік» ұғымымен сәйкес келеді. әл-Фараби ілімінде «толық адам» деген «интеллектінің» қалыптасуы болса, бұл ұстаным кейіннен Абайдың «кемел адам» идеясына ұштасты. Демек, қазақ даласындағы ой кешу үрдістерінен аңғаратынымыз, түркі-қыпшақ дәуірінен бері жалғасып келе жатқан даналар дәстүрінің мәні – адам баласын таза ақылға, таза ой ойлай алатын дәрежеге жеткізу. Ал, бұл ойдың темірқазығы – ең алдымен, шешен сөйлей білу, ақиқатты айқын, әрі шынайы тілмен түсіндіру, түйткілді мәселелерді өткір шешуге тырысу. әл-Фарабидің ғылыми танымы одан кейін өмір сүрген басқа да түркі ойшылдарына таныс болды дедік. Бұл сабақтастықты ғалым А. Егеубай поэтикалық пікірі арқылы былай көрсетеді: «әл-Фараби – ІХ-Х ғасырлардағы өркениеттің алып шыңы.

Жүсіп Баласағұн – Х-ХІ ғасырдағы көркемдік-эстетикалық дүниенің жұлдызды биігі. Абай – ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ халқының көркемдік таным дүниесінің асқар биігі, дәстүр егесі». Немесе:

«Орхон-Енисей жырларын оқыңыз… Рухын сүйіңіз…

Жүсіп Баласағұнды оқыңыз… Жадыңызға түйіңіз…

Абайды оқыңыз… Күйігіне күйіңіз…» [7, 39]

әл-Фараби дүниетанымының, оның ой-өзегінің кейінгілерге берілгені – жаңаның ескіден үйреніп, сол арқылы дамып, өркендеп отыратын жаратылыс заңы. әл-Фараби трактаттарындағы даналық түйіндерінің одан кейін өмір сүрген Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінде» жалғасын табуы кездейсоқ емес.

Шешендік сөз кез-келген нақтылы бір ойды айта отырып, сөзді айтушыға да, оны тыңдаушыға да биік талап қойған. Сөйлеушіден айтар ойдың, тұтас сөздің түйінін шебер сөйлеу арқылы тыңдаушыны да, өз пікіріне ойыстыру, көркем тіл арқылы өз ойына иландыру, сендіру, мойындатуды талап етеді. Мысалы, Жүсіп Баласағұн:

Біліп айтқан сөз білікті саналар,

Біліксіз сөз басыңды жеп табалар.

Көп сөйлеме, аз айт бірер түйінін,

Бір сөзбен шеш тәмәм сөздің түйінін.

Туған өлер, көрің қалар белгісіз,

Сөзіңді ізгі сөйле, өлсең де өлгісіз.

Қос нәрсені шалмас қарттық құрығы,

Бірі ізгі сөз, бірі ізгі құлығы, [8, 170-180] –

дейтін жолдарда әдеп пен шешендік тілдің диалектикалық сабақтастығын көрсетеді. Сөздің жинақталып, көркемдік тұтастырылып, әдептің ой қорытынды ретіндегі көріну формасы шешендік сөз өнері болатындығы туралы байлам жасайды. Олай болса, шешендік сөз өнерінің әдептік мазмұны Жүсіп Баласағұнның сөзімен айтқанда, «Біліп айтқан сөз білікті саналар» деген принципке келіп тоғысады. Сонымен бірге, шешендік сөз тыңдаушысына «Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды» дейтін талап қояды.

Тілдің оймен тығыз байланысты болатындығы, ойдан қуат алатындығы – түркі дүниетанымында Ислам діні келгеннен бері қалыптасып, орныққан түсінік. Ал, оймен байланысты болмай, өз бетінше басқа нәрсені айта салатын тілдің бәлесі көп болып, ол көп алдында адамның өзін ұятқа қалдырып, масқаралап отырады. «Басқа пәле тілден» деген де осы. Бұл шындық «Құтты білікте» жақсы ашылған:

Сөздерінің бірі – қоқыс, бірі – қақ,

Наданды жұрт теңер малға тілі жоқ!

(Бос сөз шығар білімсіздің тілінен,

Мал дер оны білімділер түңілген) [8].

Қазақ халқында жақсы таралған тәрбиелік сипаттағы хикаяларда, дастандарда тілге ие болып, сөзді жүйелі сөйлеуді (жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады), анық, әрі нұсқалы жеткізуді қатты ескертеді. Мына бір хикаядан да соны аңғаруға болады: «Бірде бір патша білімді, данышпан адамды алдырып: – Маған дүниедегі ең ащы және ең тәтті тағамды даярлап алып кел, – деп бұйырыпты. Сонда әлгі данышпан оған тілден пісіріліп, екі табаққа салынған тағамды алып келіп, алдына қойыпты. Патша таңғалып: – Сен неге маған тек тілден ғана пісірілген тамақты алып келдің деп сұрап, қайран қалыпты. Данышпан тұрып: – Енді өзіңіз де ойлаңызшы. Адам не тапса да тілінен табады ғой. Мәртебесін биіктетіп, жоғары беделге де ие қылатын тіл, дәрежесін төмендетіп, өзін масқаралайтын да тіл, - деп жауап қайырыпты». Бұл тәмсіл түріндегі хикаяға қарағанда, тілдің қадір-қасиетін сақтау ежелгі мұраларда дәріптелгені көрінеді. «Құтты білікте» терең ойсыз айта салатын надандарды сынап, олардың тілді қалай қорлайтынын әрі қарай былай деп баяндайды:

Желбуаз сөз – қара құлық айғағы,

Ойсыз басқа түсер қаңғып қайдағы.

(Қара құлқы – текке лағып сөйлеген,

Қара басты сондай лақпа сөз жеген…)

Көпірме сөз басқа пәле төндірер,

Есті сөзден, құрығанда ел жөн білер.

Надан тойса сөзге өгіздей жайылар,

Семіріп құр сөзден күйіс қайырар [8].

Кез-келген бет алды айтыла салған сөздің зияны, оның бәлесі басқа он есе ауыр болып оралатынын айтқан уәзірдің кеңесі орынды, әрі тауып айтылған. Жоғарыда наданның сөзді қалай қолданатыны, оның тілді бағып ұстаудың пайдасын білмейтіндігі жақсы теңеулермен, салыстырулармен келтірілген. Басында надан адамды жұрттың «мал» деп атап, одан жиіркенетіні оның айуаннан да төмендігін көрсететін белгі болса, ал сол наданның сөзді адамның асыл қасиеті деп білмей, орынсыз қолданатыны бұл түсінікті нақтылай түседі.

Ақылды адамдар болса, сөзді аз сөйлеп, көп ойланғанды жақсы көреді. Олар жаратылысқа қарап, оған ойланып, терең пікір қылып, сонымен өздерінің жандарына қуат алуға құштар. Міне, бұл топтағы адамдар – сөздің қадірін әбден түсінгендер, ойдың тұңғиығына еркін бойлағандар. Баласағұнның айтпақ, дәріптемек болғаны себебі, мақсаты осы. Нәпсінің азғыруына ермей, рухын өсіруге күш салғандықтан, олар жалған, бос, лепірме сөздерді сөйлегеннен гөрі пайдалы іс істеуге, мағыналы әрекет жасауға құштар:

Ақылды адам тәнді арытып, ой бағар,

Жан семіртер, ой семіртер, ой бағар.

Тән семіртер нәр ауыздан сіңеді,

Жан семіртер сөз құлақтан кіреді [8].

Адамның жүгінетіні бойындағы екі болмыс (жан мен тән) қай кезде өсіп, қай кезде әлсіреуі Ислам қағидаларына сәйкес мына жағдайларда болады: Нәпсінің, яғни тәннің өсуі ол соның қалауларын көптеп берсе, тамақты молынан ішіп-жеп, осындай дағдымен өмір сүрсе. Ал, бұл жағдайда адамның бойын салғырттық билеп, «көрсем, білсем» деген құштарлық азайып, ол өзінің жанын әлсіретіп алады. Тек қана жан құмарына беріліп, соның қалауын орындау, осы бойынша іздену, білу, үйрену пенденің рухын өсіріп, жан қуатын арттырады. Жүсіп Баласағұнның жанды семіртер азықты тауып айтылған жақсы сөзбен байланыстырып отырғаны тегін емес. Өйткені, сөздің құдіреті тек құлақпен естіп, соны қабылдау емес, оны жүрекпен түйсініп, терең ұғу.

Тіл мен нәпсі, тия алған бұл екеуін,

Қолына алар қазынаның жетеуін.

Ерік керек тіл, құлқынды тежейтін,

Білік керек тіл, құлқынды теңейтін [8].

Жоғарыдағы Айтолдының сөзі тілдің пайдасы дүниенің барлық байлығын игеруге себеп болатындығын көрсеткен. Демек, жер-жаһанды жақсылыққа бөлеп, оны гүлдендіретін адамдар болса, ал адамдардың өздерінің дамуы қызыл тіліне қатысты болса керек. Ал, сол қызыл тілді керек кезінде жұмсап, қажетсіз кезінде тежеп ұстап тұру үшін екі нәрсенің керектігі айқын болды: оның біреуі – ерік, екіншісі – білік. Яғни, қай жерде сөйлеп, қай жерде сөз қозғамаудың жайын біліп тұратын – осы екі нәрсе.

Жақсы мінез, ізгі ниет, адамшылық – бақытты ғұмырдың кепілі. Ел болмақтың алды парасатты ер болудан басталады. Бірлігі берік қуатты ел болу да осындай кісілік қасиеттерден туындамақ. Мақсатты басты идеялар – осы.

Кітаптың сексен бес тарауының әрқайсысы бір-бір мәнді, мағыналы тақырыпқа арналған да, сол тақырып аясы, ақынның көзқарасы ұтымды тіл, бедерлі оймен нақышталған. Адам баласының қадір-қасиеті біліммен, ақылмен екендігі айтылатын алтыншы тарауда:

Ақылды ұғар, білімділер біледі,

Түгел болар білімді есті тілегі! –

деп қайырады. Білімсіздік, надандық кесел – дерт. Дертіңді емде, көзің ашылсын дейді. Ал, жетінші тарауда тұтастай тіл өнерінің қасиет-сипаты мен пайда-зияны айтылады:

Ақыл, білім тілмәші – тіл, тіл – кепіл,

Жадыратар ерді шырын тіл деп біл!

Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,

Қор қылар тіл, кететұғын бас болар.

Тіл – арыстан, есік баққан ашулы,

Үй иесі сақтан, жұтар басыңды! [8]

Алдыңғы тарауда ақыл, білім мәні сөз болса, енді сол ақыл мен білімнің тілмәші тіл хақында небір зерлі ой кестесін төгеді. Бірде қазіргі қазақ халық әдебиетіндегі мақал-мәтел, қанатты сөздерге етене жақын, құлаққа жылы тиетін ұшқыр тіркестермен жаныңды баураса, бірде тіл туралы тосын да, тапқыр ой ұшқындарымен тәнті етеді,

Тілімнен көп жапа шектім, есебім:

Бас кесілмей үшін, тілді кесемін!

Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын,

Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын! –

дейді ғұлама.

Көп сөйлеуден артық пайда көрмедім,

Және сөйлеп, және ештеңе өнбеді!

Көп сөйлесең, «Езбесің!» - деп жек көрер,

Сөйлемесең, «Мылқау екен!» - деп сөгер.

Олай болса, тең ортасы керегің,

«Тілге ұстамды болсаң, өсер беделің!»,

«Тіліңді бақ басың аман болады,

Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады!»[9, 86] –

дейді»

Біліп сөйле, сөзіңде сөл, өң болсын,

Сөзің түпсіз қараңғыға көз болсын! –

дейді дана ақылы. Сол асыл сөзді, толғамды тілді ұлына өсиет етіп, атадан балаға мирасқа тапсырады.

Күллі сөзді жисаң да, ақылды асырмас,

Керек сөзді сөйлер кісі, жасырмас.

Сөзді ұлыма арнадым мен, ер-батыр,

Ұлым, тыңда, менде алтын-кен жатыр.

Саған арнап сөз сөйледім, ей, ұлым,

Қасиетімді қабыл алғын, құлыным!

Күміс, алтын қалса менен сендерге,

Оларды сен бұл сөзіме теңгерме!

Күмісті іске тұтсаң, бітіп қалады,

Сөзімді іске тұтсаң, күміс табады…

«Осы шағын үзінділерден-ақ, ойшыл ақынның, сол кезеңдегі оқымысты хакімдердің орта ғасырлардың өзінде тіл өнеріне қаншалықты мән бергендігін аңдауға болар. Шығарма ел басыларына, хан құзырына ақыл-кеңес ретінде жазылғанын, мемлекет түзеуге аса қажетті мәселелердің жеке-жеке талданғанын ескерсек, тіл, білім, рухани дүние хақындағы ақын толғамдарының әлеуметтік мағынасы барынша жарқырай көрінеді. Парасат, білім, тіл, сана жайында ғұлама айқымды дастанның әр тұсында-ақ оралып соғып, әлсін-әлсін тиянақтап, пысықтай түседі. Соның бәрінде тілдің қасиетін, білімнің қадірін әмәнда асқақтата, жарық дүниедегі асылдың асылына балап толғайды» [10, 101].

әл-Фараби мен Жүсіп Баласағұн шығармашылығының сабақтастығы, рухани мұралар үндестігі халық арасында үлкен бір елдік мүддені ойлайтын топтың би-шешендердің қалыптасуына негіз болды. Сондықтан аталған қос дананың қалдырған ілімдерінің қазақ үшін қадір-қасиеті қаншалықты жоғары болатындығы түсінікті. Шешендік сөз өнерінің бастауын қос дананың ой-тұжырымдарынан қарастыруымыз қазақ даласындағы даналар ақылы мен рухани түсініктердің қыр-сырын ашып, зерттеп-зерделеуімізге әкелмек.

Әдебиеттер:

1.	Адамбаев Б. Халық даналығы. – А., 1971.

2.	әл-Фараби мен Ибн-Сина философиясы. – А.: Жазушы, 2005.

3.	Шәкәрім. Иманым. –Алматы: Арыс, 2000.

4.	Раев Д.С. Қазақ шешендік сөз өнерінің әлеуметтік, философиялық негіздері. –А., 2003.

5.	әл-Фараби. Китаб әл-Хуруф. – Бейрут, 1969.

6.	әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – А.: Ғылым, 1975.

7.	Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн. Құтты білік./ Көне түрік тілінен аударған, алғы сөзін жазған А.Егеубай. – А.: Өлке, 2006.

8.	Жүсіп Баласағұн. Құтты білік. – А., 1986.

9.	Егеубай А. Кісілік кітабы. – Алматы, 1995.

10.	 Егеубай А. Құлабыз. – Алматы, 2000.

ТӨЛІМБЕТ Б.

саясаттанушы