- 20.01.2009, 1:40
- Үш Қиян
- 731 рет қаралған
Адам Құдайға несімен ұнайды?
Редакциядан:
Құрметті оқырман, «Үш қиянның» бір мақсаты: жас қаламгерді дайындау, көпшілікке таныстыру. Алғашқы еңбегіне жол сілтеп, шығармашылық бағыт беру. Жазарман шыңдалып шығатын ұстахана болу біздің міндетіміз. Сондықтан мұндай еңбек, еңбектенетін ұлан болса біз қуана-қуана қарсы аламыз. Бұл жолы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанынан құрылған «Қаламгер» клубының мүшесі Айбек Нәбидің Лев Толстойдан жасаған аудармасын назарыңызға ұсынып отырмыз. Оқып көріңіз...
Толығымен
- 5.01.2009, 2:22
- Үш Қиян
- 833 рет қаралған
Кәлиманың көк құсы
Құрметті оқушым, сіз қалай ойлайсыз, Ұлық Алланың сипатын, Құран құпиясын, ислам философиясын «алиф, ләм, мим, қал, дәль» – деп, дінді араб әрпінен бастап үйрететін теріс тәсіл қайдан шықты? Мешіттегі имамдар мен молдалар дәрет алып, намазға жығылуды нағыз Ислам деп санайтын сауатсыздыққа бой ұрғалы қай заман? Ұлық Алланың шексіз, түпсіз, сансыз сипатын көңілмен сезу, Құран сүрелерінің сырына жүрекпен жету қазіргі мүфти, хазірет, имам, молда, сопылар үшін неліктен мүмкін емес нәрсеге айналды?
Толығымен
- 3.01.2009, 2:29
- Үш Қиян
- 712 рет қаралған
ақтөбедегі «қыз әулие» ағашын неге өртеді?
Қазір жұрт «уахабизм» деген атаумен жақсы таныс. Қарапайым халық оның тарихын зерттеп жатпаса да уахабтың кім, қандай қаупі бар екенін біледі. Оларды әсіресе, дәстүрлі діни түсінікке, әулие, кесене, киелі орын дегенге қарадай өш екенінен де хабардар.
Толығымен
- 3.01.2009, 2:29
- Үш Қиян
- 543 рет қаралған
«Қыз әулие» деген кім?
“Қыз әулие” атанып кеткен киелі жер туралы айтылып жүрген аңыз көп. Бірақ «қыз әулиенің» тарихтағы орыны туралы нақты ешкім білмейді. Халық санасында қалып қойған қасиетті мекен. Оның шын аты – ...
Толығымен
- 3.01.2009, 1:12
- Үш Қиян
- 517 рет қаралған
«Жиһадтың көрінбейтін әскері»
Қазақстанда ресми билік пен қоғам әлі де болса фундаменталистік «табиғатына» қатысты біртұтас тоқтамға келе алмай отырған идеологиялық орталығы шетелде орналасқан діни ағым – «Таблиғи-жамағат». Жалпы «Таблиғи Жамағатты» радикалдық қозғалыс деп алғаш сипаттаған Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев болатын.
Толығымен
- 3.01.2009, 0:51
- Үш Қиян
- 573 рет қаралған
Сәлделі сайтандар
Қазақстанның мұсылман қауымы Оңтүстік Қазақстандағы радикалды экстремистер тобын тұтқындау мәселесіне алаңдаушылық танытып отыр. Террористерге заңсыз жала, әділетсіз күйе жағылып жатыр деген лақап көптеген ұлттық БАҚ өкілдерінде, сондай-ақ интернет-кеңістікте белсенді түрде таратылып жатыр.
Толығымен
- 2.01.2009, 19:08
- Үш Қиян
- 1,666 рет қаралған
ҚҰМЫРСҚАЛАР ҚҰДІРЕТІ
Ақыл деген – денеге егулі дән,
Суғарылса кіреді оған да жан.
Ақылдың өсіп-өніп зораймағы
Көрген-білген нәрседен ғибрат алған.
Шәкәрім
Сүлеймен пайғамбардың құмырсқамен сөйлескені туралы хикаяны естігенде ақжүрек адамдар: «Несі бар Алла сөйлетем десе құмырсқаны да сөйлете береді» деп, күмәнсіз құлшылығын жасап жүре береді. «Құмырсқа сөйлеуші ме еді?» деп әрі-сәрі күйге түсіп, күмәннің кесірінен кеудесі тарылатын пенделер – дінге жеңіл қарайтын немесе дүние ғылымына есі кете ғашық болған жаңа қазақтар.
Толығымен
- 2.01.2009, 17:02
- Үш Қиян
- 2,942 рет қаралған
«Алла» ма, әлде «Аллаһ» па?
Қазір кез келген діни әдебиетті алып қарасаңыз, ондағы Ұлық Жаратушы есімінің «Аллаһ» деп жазылып жүргенін байқайсыз. Күнделікті жаңалықтан құр қалмайын деп, газет оқуға отырсаңыз да, кейбір қазақша басылымдардан көзіңіз осыны шалып қалады. Титтейінде тілі «Алла» деп шыққан қазақ болсаңыз, құлағыңызға бұл сөздің соншалықты тосын естілері анық. Бірақ қазіргі діни кітаптардың өн бойындағы «Аллаһқа», «Аллаһтан», «Аллаһпен» деп айылын жимайтын қосымшалы сөздер одан әрі септеліп кете береді.
Толығымен
- 2.01.2009, 17:00
- Үш Қиян
- 670 рет қаралған
Маңғыстаудағы майдан. Кім қалай өлді?
Байқап жүріңіз! Бекет ата, Шақпақ атаның Құдайдың сүйікті құлы екеніне сенгеніңіз, дәстүрді құрметтегеніңіз үшін, басыңыздан балғамен ұрып өлтіруі мүмкін. Сондықтан өз еліңізде әсіресе, «таксиде» отырғанда ондай пікіріңізді жан-жағыңызға қарап, абайлап айтыңыз. Егер сақалы бар, «Аллаһ» деп сөйлейтін адаммен бірге отырып қалсаңыз, онда сізді Алла сақтасын! Өзіңізді Құдайға тапсырып, құтылудың жайын тез қамдаңыз.
Толығымен
- 2.01.2009, 16:58
- Үш Қиян
- 1,461 рет қаралған
«Мүшел жас»
Құрметті оқырман, сіз «Үш Қиян» газетін үзбей оқып жүрсеңіз «тепсе темір үзетін» ер-азаматты орта жаста тізе бүктіретін «рухани тоқырау» деп аталатын рухани кесел туралы хабардарсыз деп ойлаймыз. Олай болса, сол проблеманың тамырына тағы бір түсіп, зерттеп көрелік.
Толығымен